Сот тіркеуші органға жіберуге міндетті Некені (ерлі-зайыптылыкты) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) мемлекеттік тіркелген жері бойынша жіберуге міндетті.
Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар егер неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен неке қиылса (ерлі- зайыпты болса), кәмелетке толмаған жұбайы, оның заңды өкілдері немесе прокурор;
неке қиюмен (ерлі-зайыпты болумен) құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ, егер мәжбүр ету, алдау, қателесу нәтижесінде немесе неке қиюды (ерлі- зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде өз іс-әрекеттерінің мәнін түсінбеген және өзін-өзі билей алмаған жай-күйінің салдарынан ерлі- зайыптылардың біреуінің некеге отыруға ерікті келісімі болмаған кезде неке қиылса (ерлі-зайыпты болса), прокурор;
неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбайы, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың
қорғаншысы, алдындағы бұзылмаған неке (ерлі-зайыптылық) бойынша жұбайы;
прокурор, сондай-ақ жалған неке қию (ерлі-зайыпты болу) жағдайында, некенің (ерлі-зайыптылықтың) жалғандығы туралы білмеген жұбайы
егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған Отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, құқығы бұзылған жұбайы құқылы.
Егер некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезіне неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтірген мән-жайлар жойылса, сот осы кезден бастап некені (ерлі-зайыптылықты) жарамды деп тануға құқылы.
Сот неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен қиылғаи некені (ерлі-зайыптылықты), егер мұны кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етее, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға оның келісімі болмаған кезде жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тартуы мүмкін.
Егер мұндай некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде Отбасын құрса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жалған деп тани алмайды.
Ерлі-зайыптылардың арасында жақын туыстық болған не некені (ерлі- зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) жағдайларды қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылық) ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп таныла алмайды.