Некеге (ерлі-зайыптылыққа) түрудың тәртібі Неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі АХАЖ органына арыз береді.
Мерзімі Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАЖ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАЖ органы 1 ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзарғуға, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етілуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде неке өтініш берген күні қиылуы мүмкін.
неке жасына жетпеуі және бұған арнайы рұқсаттың болмауы; некеге отыруға кедергі болатын жағдайларды ескермеуі
мәжбүрлеп қиылған неке;
-егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған Отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырған жағдайда қиылған неке.
Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануды жүргізеді. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады. Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Сондай-ақ, егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде Отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.