Тақырып § 7 Әлем шаруашылығының терминологиясы І



бет3/3
Дата16.11.2022
өлшемі24,27 Kb.
#50556
1   2   3
ІІ Бекіту сұрақтары :

  1. Аграрлы елдерде халықтың басым бөлігі неге ауылда тұрады?

Өйтені,олар ауылда тұрып егін егеді.Егін алқаптардың басым бөлігі шұрайлы жерлерде орналасады.Солайша олар өз алқаптарына жақын жерде тұру үшін,ауылдарда тұрады.Ондай елдерде экономиканың негізгі көзі осы аграрлы өнімдер болып табылады.Тағы бір себебі ондай елдерде дамыған,үлкен қалалар көп кездеспейді.Халықтың басым бөлігі ауылда тұрғандықтан,жұмысы да сол жерде болғандықтан,ешкім қалаларға бармайды,сол себепті ол жерде үлкен қалалар кездеспейді.

  1. Индустриялық және аграралық – шикізатты елдердің шаруашылық салаларында қандай айырмашылықтар болуы мүмкін?

Аграрлық елде экономика ауыл шаруашылық өнімдерінен,ал индустриалды елде ауыр және жеңіл өнеркәсіптен құралады..Аграрлық экономикада-ауыл шаруашылығы жетекші сала болып табылады және өнімнің негізгі түрлерін өндіруді қамтамасыз етеді, ал тұтыну өнімдерін өндіру негізінен қолөнермен ұсынылған (өнеркәсіп мүлдем дамымаған немесе қалыптасудың бастапқы кезеңдерінде).Индустриялық елдер экономикасының негізін өңдеу және тау-кен өнеркәсібі құрайды. Ауыл шаруашылығы жоғары өнімді сипатқа ие.Индустриалды елдерде тек халықтың 10% ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.Индустриалды елдерде халықтың басым бөлігі қалаларда тұрады,ал аграрлық экономикалы елдерде халықтың басым бөлігі ауылдарда тұрады.

  1. Нақты мысал негізінде индустриялық елдің болашақта постиндустриялық елге айналу мүмкіндігін талдау. Мысалы: Малайзия, Аргентина.

Малайзияда қазір электроника саласы өте жақсы дамып келе жатыр,олар болашақта постиндустриялық елге айналу мүмкіндігі өте жоғары,ол аралда орналасқан болғандықтан,ол дүниежүзілік теңіз саудасының басты порттарының бірі болып табылады.Ол Қытаймен Еуропа теңіз саудасы жүретін жолда орналасқан.Яғни,Қытайдың немесе Еуропа елдерінің кемелері осы Малайзия порттарында тоқтап,жанармайын толтырып алуына,жаңа тауарларды тасымалдауына болады.Бұл Малайзия экономикасының қызмет көрсету саласының дамуына көп көмектеседі.Жалпы Малайзияның негізгі салалары-электр құралдары, электроника және компьютерлер өндірісі. Еліміз тұрмыстық кондиционерлер мен микросхемаларды өндіру саласында табысты көшбасшы орынға ие. Малайзияда Intel, AMD, Freescale Semiconductor, ASE, Infineon, STMicroelectronics, Texas Instruments, Fairchild Semiconductor, Renesas, X-Fab сияқты халықаралық компаниялардың және Green Packet сияқты ірі малайзиялық компаниялардың өндірістік қуаттары орналасқан Silterra, Globetronics, Unisem және Inari, бұл Малайзиядағы жартылай өткізгіш өнеркәсіптің тұрақты өсуіне ықпал етті. Бүгінгі таңда Малайзияда жартылай өткізгіш құрылғылар шығаратын 50-ден астам компания бар.Бұл да Малайзияның постиндустриялды елге айналуына ықпал етеді деп ойлаймын.
Ал Аргентинаға келетін болсақ оның да постиндустриалды елге айналу мүмкіндігі өте жоғары.Қазіргі күннің өзінде Аргентинаның экономикасының 57 пайызы Қызмет көрсету саласына тиесілі.Яғни олар бара бара постиндустиралды елге айналып кетуі өте мүмкін.Ол 57%-дың басты көзі-туризм.Аргентинаның табиғаты өте ерекше,ол жерде,тауда,жазықта,тропиктік ормандарда кездеседі.Ол жерде Игуаси сарқырамасы орналасқан,оны көруге жыл сайын миллиондаған туристтер келеді,тағы бір ерекшелігі оның астанасының Буэнос-айрестің архитектуралық стилі.Бұл туристтердің көп келуіне себепші болады.Аргентина туризмі өте дамыған оның тіпті бірнеше түрлері кездеседі.Статистика бойынша Аргентинаға 2010 жылы 5 миллиондай турист келген,олар шамамен ел экономикасына 5 миллиардтай қаржы қосты.Осылайша Аргентинаның Қызмет көрсету саласы дамып,ол индустриалды экономикадан алыстайды.Осы сала Аргентина эконмикасының постиндустриалды экономикаға айналуына әкеледі деп ойлаймын.

  1. Нақты мысал негізінде аграрлы–индустриялық елдің болашақта индустриялық елге айналу мүмкіндіктерін талдаңдар. Мысалы: Ангола, Мьянма.

Ангола өте нашар дамыған аграрлы ел.Анголаның жер қойнауы кенге бай (мұнай, алмас, кварц, мәрмәр, мыс, темір) болғанымен,оның экономикасының басым бөлігі алмас және кофе экспорты болып табылады.Бірақ оның индустриалды елге айналу мүмкін,себебі оның табиғи ресурстарының қоры Африка бойынша 2 орында,мұнай кен орындары да баршылық.Бұл ресурстарды Ангола дұрыс өндіріп,өңдеп одан әртүрлі көліктер,жанармай тағы басқа өнімдерді алып үйренсе,ел экономикасы индустриалды бола алады.Қазіргі таңда ел экономикасының 61,4% өнеркәсіпке тиесілі,бұл аграрлы ел үшін жоғары көрсеткіш.Өндірістік салаларды дамытса,индустриалды елге айналатыны анық.Менің ойымша Анголаның индустиалды елге айналу мүмкіндігі 55%
Мьянма-Ауыл шаруашылығында ел халқының үштен екісі жұмыс істейді. Мьянманың негізгі дақылдары-күріш, жүгері, темекі, олар негізінен суару кеңінен қолданылатын Ситаун және Иравади өзендерінің аңғарларында өсіріледі. 2002 жылы Мьянма 21.9 миллион тонна күріш жинады, бұл әлемдік өндірістің 3.8% құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Мьянма әлемде 7-ші орында тұр.Бұл елдің өнеркәсібі өте дамыған,әлемдегі ең нашар экономикалардың бірі болып табылады.Бұл елде ауыл шаруашылығы экономиканың 40% құрайды,бұл өте көп.Өнеркәсібі тек 20% құрайды.Елдің экономикасының тірегі-күріш экспорты болып табылады,бұл Мьнманың индустриалды елге айналуына кедергі болады.Тау-кен өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібі ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Мьянма жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай, олардың 20-дан астам түрі бар: мұнай, газ, вольфрам, көмір, асыл тастар, қорғасын, қалайы, алтын, никель, күміс, мырыш, мыс, сапфир, Рубин. 2002 жылы 0.6 миллион тонна мұнай, 7 миллиард текше метр газ, 2 тонна күміс және т. б. өндірілді.Өңдеу өнеркәсібі неғұрлым дамыған тамақ өнеркәсібі, күріш пен темекіні өңдеу. Барлық ірі кәсіпорындар мемлекетке тиесілі. Металлургия бар бірақ өте нашар. Бүкіл ел бойынша тек бірнеше зауыт ғана бар.Машина жасау елде автобустар, тракторлар, велосипедтер, станоктар және т.б. құрастыратын зауыттар бар.Бұл да өте төмен көрсеткіш.Осы деректерге қарап Мьянманың индустриалды елге айналу мүмкіндігі өте аз деп айта аламын.Индустриалды елге айналу үшін Мьянмаға көп тер төгіп еңбек етуі керек.
ІІІ рефлекция. «БББ» әдісі.

  1. Білемін-Осы экономика түрлерін бұрыннан білемін .

  2. Білдім.-Ангола,Мьянма,Аргентина,Малайзия экономикасы жайлы көп деректер білдім.

  3. Білгім келеді Өз еліміз Қазақстанның постиндустриалды елге айналуы қаншалықты мүмкін.

ІҮ Үй тапсырмасы Бекіту сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
Орындадым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет