Тақырып № Гүл морфологиясы. Андроцей мен гинецей. Гүл шоғырының түрлері


Ашық және жабық коллатеральды шоқтардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?



бет10/12
Дата18.02.2023
өлшемі40,35 Kb.
#69015
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Каюмбаева Диана ботаника практика

5. Ашық және жабық коллатеральды шоқтардың ұқсастығы мен
айырмашылығы неде?

Шоқты екі бөлікке: ксилемаға және флоэмаға бөледі.
Ксилема (сүрек) түтіктерден, трахеидтерден және сүректік паренхимадан (барлық уақытта емес), сүректік талшықтан (либриформ) тұрады. Ксилемамен су және минералдық заттар тасымалданады.
Флоэма (тін) сүзгілі түтіктерден, серіктік жасушалардан, тін паренхималарынан және (барлық уақытта емес) тін талшықтарынан тұрады. Флоэмамен органикалық зат­тар тасымалданады.
Егерде флоэма мен ксилеманың арасында камбий болса, онда мұндай шоқты ашық деп атайды. Камбийдің тіршілік әрекетінің нәтижесінде шоқ келешігінде өсіп ұлғаяды. Ашық шоқтар қос жарнақтылар класы мен жалаңаш тұқымдаларға тән. Жабық шоқтарда флоэма мен ксилеманың арасында камбий болмайды, сондықтанда бұлар ұлғаймайды. Жабық шоқтар дара жарнақты өсімдіктерде және ерекше жағдайларда камбий тіршілігін ерте тоқтататын кейбір қос жарнақты өсімдіктерде (мысалы, сарғалдақта) болады. Шоқтар флоэма мен ксилеманың әртүрлі орналасуына қарай классификацияланады. Сонымен, түтікті-талшықты шоқтардың мынадай төрт түрі бар: коллатеральды, биколлатеральды, шеңберлі және сәулелі (радиальды) шоқтар.
6. .Қандай щоқтардың түрлерін білесіз ?
Түтіктер, трахеидтер және сүзгіді (електі) түтіктер өсімдіктің денесінде әдетте белгілі бір жүйеде, ерекше комплексті топтарға - өткізгіш шоқтарына жиналады. Шоқтардың төрт түрі болады: жай шоқтар, жалпы шоқтар, күрделі шоқтар және түтікті-талшықты шоқтар.

  • Жай шоқтар өздерінің құрылысы жағынан ең қарапайымдысы. Олар біртектес гистологиялық элементтерден, не тек трахеидтерден, немесе тек електі түтіктерден тұрады.

  • Жалпы шоқтар түтіктерден, трахеидтерден және сүзгілі түтіктерден тұрады.

  • Күрделі шоқтарда өткізгіш ұлпалардан басқа, паренхималық ұлпалар да болады.

  • Түтікті-талшықты шоқтар арқаулық ұлпалармен қоршалған күрделі өткізгіш щоқтың элементтерінен тұрады. Бұл шоқтар ерекше мықты болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет