Отбасының әлеуметтік, құқықтық негіздері. 1. Отбасына мемлекеттік тұрғыдан қамқорлық.
2.Отбасы туралы Заңдар.
3.Отбасына көмек көрсету жолдары.
Әдебиеттер;
1. ҚР Конституциясы,Алматы,1995.
2. ҚР Неке және отбасы туралы Заңы,Алматы,1998.
3.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы « Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»,2005
4. Бала құқығы туралы Конвенция 1989 , ҚР Заңдары,шілде , тамыз 2002,Егеменді Қазақстан.
5.Баймұқанова М.Т Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс: Оқу қүралы . Астана , 2005,180 бет.
6.Закон РК от 13 декабря 2000 №113-11 О детских деревнях семейного типа и домах юношества.
7.Зритнева Е. И.Семьеведение: учебное пособие для студентов вузов.-М.: Гуманитар. Изд. Центр ВЛАДОС,2006.-246с.
8.Подласый И.П. Педагогика 2 том.-М.:2000, стр.219-245.
9.С.А. Назарбаева .Этика жизни .- Алматы,2001-96с.
Отбасы-мемлекеттің ірге тасы.Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік ,бақытты болуына да байланысты.Отбасы мүшелерін эмоционалдық жылылықтан басқа бір бірінің алдындағы құқық және міндеттер де біріктіреді. Отбасы – барлық адамға қажетті орта. Адамның отбасын құруы - өз алдына маңызды әрі жауапты ісі болып келеді. Барлық халықтарда неке және отбасы жөніндегі Заңдар мен кодекстерінің болуы адамзаттың қатынастары қоғамдық тәртіппен берік байланысты екендігіне сенімді дәлел болып табылады.
1917г. революциядан кейін отбасы туралы екі реформа қабылданды: бірінші - «О гражданском браке, детях и о ведении книг актов гражданского состояния» декрет болса( некеге тұру жасы ерлерге - 18жас, ал әйелдерге 16- жас болып бекітілді), екіншісі - «О расторжении брака» бұл декрет бойынша ажырасу шіркеуден алынып соттың қолына берілді. Неке, отбасы, қамқорлық туралы Кодекс (КЗоБСО) 1926ж. қабылданды. Некеге тұру жасы ерлерге де әйелдергеде – 18 жас деп белгіленді. 1936ж. Бұл Кодекске өзгертулер еңгізілді. 1947ж. Указ бойынша шетел азаматтарымен некелесуге тыйым қойылды. 1998 ж. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңы жарыққа шықты.
ҚР Конституциясының 27 тарауында неке мен жанұя, ата- анамен, бала құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Мемлекетімізде отбасы, балаға байланысты 45- тен астам нормативтік құжаттар қабылданған. Олар: 1989 жылы қабылданған Балалар құқығы туралы Конвенция, 1994 жылы Казахстан Республикасының Президенті Балалар құқығы туралы Конвенциясына қол қойды, ол балалар құқығын 21б.қорғау мәселесін дүниежүзілік статусқа ие болуына мүмкіндік берді.
Отбасы құқықтары "Неке және отбасы туралы заңдар, 1992 жылғы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы жарлық, 2007 жылғы "Неке және отбасы жайлы Кодексі", балалар құқығы туралы Конвенция (1989) т.б. Балалар құқығы туралы 2002ж. ҚР екі Заң қабылданды, біреуі кемтар балалар жайында. Сондай- ақ жетім, дарынды, көп балалы отбасындағы балаларға да көмек көрсетілу қарастырылып отыр.
Балалардың құқығы туралы 2002 жылы екі бірдей Заң қабылданған, біреуі мүгедек балалардың құқығын қорғау, қамқорлыққа алу мәселелеріне арналған. Қазақстанда «Отбасы және демография » , «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы»секлді ұйымдардың, « Бөбек» қорының құрылулары отбасына баса назар бөлінуінің айғағы. 1992 жылы «Көп балалы отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы» жарлық бойынша көп балалы отбасыларына жеңілдіктер тағайындалды. 1995 жылы Президенттің Жарлығымен «Отбасы ,әйелдер және демографиялық мәселелері» бойынша арнайы кеңес құрылды. Ол отбасының әлеуметтік экономикалық жағдайын, демографиялық мәселелерді , еңбекпен қамту ,әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, мүгедектер мен зейнеткерлерге қолдау жасау т. б. мәселелердің дұрыс шешілуімен айналысады.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы 1998 жылдың 17 желтоқсанында қабылданды. Бұл заңда некеге тұру жасы – 18 болып белгіленді.
Неке және отбасы мәселелері «Неке және отбасы Заңында» толық қарастырылған.
ҚР отбасы қатынасының принциптеріне жатады:
1. еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;
2. олардың отбасында тең құқықтылығы;
3.отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4. отбасының ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5.балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп– жетілу мен әл-ауқаты болуына қамқорлық жасау;
6. отбасының кәмілетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7.отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
8. отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді. Заң келесі бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, неке, отбасы, қорғаншылық және қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары, азаматтық хал актілері, неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы. 1996 жылы Алматыда « Бөбек» қорының қолдауымен жас аналар үшін «Дом.надежды» ашылды. 1997жылы фонд «SOS- Kinderdorf», Гельмут Кутин, басқарған « Бөбек» қорымен бірге жетім балалар үшін отбасы типіндегі ауылдарды Алматыда , кейін Астанада, 2001жылы Теміртау қалаларында салынды. Жетім балалар үшін 15 приют, жасөспірімдер үшін «Дом Юношества» деген приюттар ашылды.
Отбасына төмендегідей көмек түрлері көрсетіледі :
бала туғандағы ақшадай көмек көрсету.
еңбек, тұрмыстық, салық, кредит беру,дәрігерлік т.б.
отбасына, балаларға дәрі, киім, тамақ тегін беру.
балаларға әлеуметтік көмек көрсету( әлеуметтік,психологиялық, педагогикалық, заңнамалық көмек түрлері).
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында: «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз»- деп қазіргі жанұяның әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалап, Республикадағы жанұялардың алдына қомақты міндеттер жүктеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2007 жылғы 28 ақпанында қабылданған "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты жолдауында: "Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдындағы орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын,
әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз" деп қазіргі жанұяның әлеуметтік, мәдени, қоғамдық білім қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалаған. Жанұя мәселесіне көңіл бөле отырып, мемлекет үшін ең бастысы - маңызды әрі көкейтесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға:
отбасын қамсыздандыру;
тұрғын үй иелену;
денсаулықты нығайту;
зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер - деп Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өткен еді. Сондай - ақ 2008 жылдың ақпанында қабылданған "Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты" атты жолдауында да "әсіресе ауыл тұрғындарының өмір тұрмысын жақсартуға, отбасыларға байланысты
көмек түріндегі пособиялардың көлемін көбейту;
2009 жылдан бастап орташа алғанда 9%
сәби 1 жасқа толғанға дейін төленетін балаға күтім жасауға көмек пособияларын 2007 жылға қарағанда 2010 - 2011 жылдары 2,5 есеге ұлғайту;
2010 жылдан бастап 4-ші немесе одан кейін балаларға біруақтылы көмек көрсетуді 4 есе арттыру;
бюджеттік сфера жұмысшыларының қаражатын 2009 жылы - 25 %, 2010 - 25%, 2011 - 30%.
Әр жыл сайын жағдайсыз отбасыларға мемлекет тарапынан өмір сүру, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған түрлі көмек іс - шаралары жүргізіледі. Келешекте жағдайсыз отбасылардың саны азаяды деп сенудеміз.
Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр. Олар ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер, - деп Н.Ә.Назарбаев та жанұя маңызылығын атап өткен.
Сондай ақ , жылда шығатын Президенттің Жолдауларында да отбасы жағдайларына көп көңіл бөлініп отырғаңы белгілі . Мысалы, 2008 жылғы шыққанан Жолдауында баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 34740 тенгеге дейін немесе 2 есе артылсын... Екіншіден,жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті , босануды және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілсін делінген.т.б.Қазіргі қоғам талабы халық санының көбеюін мүдделеп отыр. Н.Назарбаев өзінің «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі,қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы » деген Жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,жұбайлардың бір бірінің алдындағы , ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз » деген.
Бірнеше облыстарда жетім балалар үшін приюттан шықаннан кейін өмірде өз орнын тапқанынша мысалы ,мамандық алып , үйленгенше өмір сүретін орын ол Дома Юношества, отбасы типіндегі ауылдарға орналасуға мүмкіндіктің болуы.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Отбасы туралы Заң неше бөлімдерден тұрады?
2.Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы қашан шықты?
3.Балалар саны бойынша қандай отбасы көп балалы болып есептеледі?
4. Отбасына қандай көмек түрлері көрсетіледі ?
5. Отбасына көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері қандай ?
6.Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы туралы Заңы» қашан шықты?
7. ҚР Конституциясының қай тарауында неке мен жанұя,ата- анамен, бала құқықтары мен міндеттері көрсетілген?
Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Отбасына қазіргі кезде кең тараған көмек көрсету түрлері ....
Отбасының қандай типтері жетім балаларға арналып салынған ...
« Бөбек» қорының қолдауымен жас аналар үшін ... ашылды.
«Отбасы ,әйелдер және демографиялық мәселелері» бойынша арнайы кеңес құрылды.