Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет6/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Екінші кезең: XX ғасырдың басынан бастап қолданбалы кросс-мәдени және этностық психология дами бастады. «Мәдениет және таным» проблемасына байланысты алғашқы эксперименттік зерттеулердің пайда болуы ғылыми психология саласындағы жаңа мәселелерді ашты, эксперименттік әдісті жетілдіруге көмектесті, эмпирикалық деректерді алудың әртүрлі құралдарын қолдану мүмкіндігін берді және деректерді талдауға арналған күрделі математикалық аппаратты әзірлеуге мүмкіндік берді. Қолданбалы кросс-мәдени және этностық психология көптеген ғылыми теориялардың пайда болуына байланысты: тарихи даму процесінде адам мәдениетті қалыптастырады, мәдениет өз кезегінде, адамды қалыптастырады, әлеуметтендіреді және қалыптастырады. Екінші кезеңде әртүрлі мәдени топтарды зерттеуге әдістемелік тәсілдер пайда болады, зерттеулердің нақты әдістері жасалады, эмпирикалық фактілер жинақталады. Кросс-мәдени психология саласындағы алғашқы эмпирикалық зерттеулер ретінде Уильям Риверстің (W. Rivers) 1905 жылы өткізілген когнитивтік процестердің мәдени ерекшеліктерін зерттеу туралы жұмысын қарастыруға болады. Кросс-мәдени психологияның дамуына Франц Боас (F. Boas), Рут Бенедикт (R. Benedict), Маргарет Мид (M. Mead), Клайд Клакхон (K. Kluckhohn), Джон Берpи (J. Berry) үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта қолданбалы зерттеулер саласында этностық және кросс-мәдени психология өте қарқынды дамып келеді. Әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды салыстырмалы талдау кеңінен таралған, методологиялық жағынан күрделі, терең және егжей-тегжейлі болып келеді.
Үшінші кезең: ХХ ғасырдың ортасында практикалық кросс-мәдени және этностық психология дами бастайды. Бұл кезең жинақталған білімнің ғылыми тұрғыдан негізделген қолданылуымен және іс жүзінде қалыптасқан үлгілермен сипатталады. Бұл саладағы ізашар ретінде Г.Триандис (H. Triandis) деп санауға болады. 60-жылдардың басындағы қызметкерлерімен бірге, ол адамдарды кросс-мәдени өзара әрекеттесуге дайындаудың алғашқы практикалық әдісін әзірледі. Ол бұл әдісті «мәдени ассимилятор» деп атады. Кросс-мәдени ассимиляторлар негізінде кросс-мәдени коммуникациялардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламалары жасалды. Қазіргі уақытта жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу және мәдени бейімделу үшін халықты практикалық даярлауға қатысты бағыт әр түрлі мәдениет салаларын қамтитын, әлемнің көптеген елдеріне еніп, әртүрлі адамдарды байланыстыратын көпір бола отырып, кросс-мәдени түсіністік пен толеранттылыққа ықпал ететін бағыт болып табылады. Соңғы жылдары кросс-мәдени коммуникациялар үшін арнайы тренингтер өткізіледі, ол адамдарға басқа мәдениеттер мен этнос өкілдерімен кездесулер мен тиімді өзара әрекеттесуді, кросс-мәдени қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу процесіне өзара толеранттылық пен шынайы қызығушылыққа дайындайды.
Психологиялық антропология, кросс-мәдени психология және этностық психологияның жалпы мағынада зерттеу тақырыбы бірдей - адамның (немесе адамдар тобының) психологиялық сипаттамаларын этностық байланыста зерттеу. Алайда, зерттеудің түпкі мақсаттарында, осы пәндердің зерттеуінің теориялық тәсілдері мен әдістерінде елеулі айырмашылықтар бар. Психологиялық антропология 1930 ж. мәдениет пен тұлғаны зерттейтін пәнаралық зерттеу саласы ретінде пайда болып, 1960-шы жылдарда ғылыми пәнге айналды. Ол антропологтардың мәдени әлеуметтенуге байланысты адамдардың ішкі психологиялық өміріне енуіне деген ұмтылысын көрсетеді.
Психологиялық антропологияның пәні - әртүрлі мәдениеттердегі адамның қалай ойлайтыны, сезетіні, эмоционалды түрде жауап беретіні және әрекет ететіні. Бұл пән мәдени антропологияда пайда болды және осы ғылымның дамуына ықпал етті. Зерттеудің негізгі әдісі - байқау.
Антикалық заманнан бастап, әр заманның философтардың, тарихшылардың, қолбасшылардың, саясаткерлердің көптеген еңбектерінен әр түрлі халықтардың психологиялық ерекшеліктерін кездестіруге болады. Бірақ ғылыми этнопсихологияның пайда болуы екі неміс ғалымдарынан бастау алды философ Мориц Лацарус (1824-1903) және тіл зерттеуші Химан Штейнталь (1823-1899). Шетел этнопсихологиясы – антропология, этнография, психология, әлеуметтану ғылымдарының түйіскен жерінен пайда болды, бұл Батыстағы ғылымның пән аралық тармағы. 
Батыстағы ерте заманның ғылымдары Геродот пен Тиацинттен бастап алыстағы мемлекеттер және сол мемлекетте тұратын халықтар туралы жазған, олардың мәдениеттеріне, өмір сүру барысын, әдет-ғұрыптарын, салттарын, әдеттерін бейнелеуде көп көңіл бөлді. Әр түрлі этностардың өкілдерінің сыртқы бейнесіндегі, мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі айырмашылықтарды көрсетіп, ерте грек ойшылдары осы айырмашылықтардың табиғатын анықтамақшы болды. Мысалы, Гипократ әртүрлі халықтардың физиологиялық және психологиялық өзгешеліктерін, олардың гографиялық орналасуымен және климаттық жағдайымен түсіндірді. Ең алғаш рет халықты психологиялық бақылаудың пәні ретінде қабылдауды XVIII талаптанды. Француз ғалымдары «халық рухы» деген түсінікті енгізді және оның географиялық факторы мен байланысынң мәселесін шешуге әрекеттенді. «Халық рухы» ойы неміс философиясында XVIII ғасырда енді. Неміс философиясының өкілдерінің бірі И.Г.Гердер халық рухын тәнсіз нәрсе ретінде қарастырған жоқ, ол «халық рухы» және «халық мінезі» түсініктерін білген жоқ, халық рухын оның сезімі, сөйлеу мәндігі, ісі, яғни бүкіл өмірін зерттегеннен кейін ғана тануға болады. Бірақ бірінші орынға ауызша халықтың шығармашылығын қояды, өйткені оның ойынша қиял әлемі халық мінезін бейнелейді деген. XIX ғасырдың 50 жылдарының аяғында «халық рухы» термині этнопсихологияның ерекшелігін анықтау үшін негізгі түсінік болып табылды. Ол Фихте мен Гегель еңбектерінде жарық көрді. 
Фихте «Адамның қызметі» еңбегінде жалпы адамзат бірлігі ойын дамытты. «Адамзат тұқымының қызметі – барлық бөліктері бірдей құрылып, бір денеге қосылу...» деп айтқан. Табиғат ең басынан бастап адамзатты осы мақсатқа әкеледі. Осы мақсатқа жетпегенше бір ұлт басқа ұлтты тосу керек, жалпыға бір жолда әлемнің бір бөлігі келесісін тосу керек. Осы мақсатқа жеткеннен кейін ғана адамзат бірігіп бір күшпен көтеріліп, бір қадаммен тоқтаусыз біз түсінбейтін білім шыңына жетеді. 
Этнопсихологиялық зерттеулер үшін Гегельдің нәсілдік айырмашылықтар және адамзаттың пайда болуы жайлы ойлары ерекше орын алды. Гегелдің ойынша адамдар бір жұптан немесе бірнеше жұптан пайда болған ба, ол ешқандай мәнге ие емес. Бұл тезис, Гегелдің айтуы бойынша, бір халықтардың басқалардан жоғары екенін көрсетуге түсіндіреді. «Адам өз бетімен ақылды болып есептелінеді»; адамдардың бәрі тең құқылы. Артық дәрежелі және құқығы жоқ адамзат түрлерін табанды қорғау түкке «тұрғысыз»,-дейді Гегель. 
Гегель жазған ағылшындардың, немістердің, италяндықтардың, испандықтардың ұлттық психологиялық қырларының мінездемесі ерекше орын алады. Гегелдің ойынша, индивидуалдылық италяндықтар мен испандықтардың мінездерінің негізгі қыры. Бірақ италяндықтарда өзіндік қозғалғыштығы басымырақ, ал испандықтарда – ойлаудың тұрақтылығы. 
Франзцуздардың ұлттық психологиясын бейнелеген кезде Гегель Кантқа жақын келді. Оның ойынша француздықтарға қулық, жұғушылық ары қарай энтузиазмге айналады, ал бір жағынын – ақылдылық тән. 
Немістерді алатын болсақ оларда ақылдылыққа, төзімділікке, парасаттылыққа, ұқыптылыққа қарағанда сезім көбірек дамыған. Сонымен қатар өмірлерінде жиі көрінетін формализм, педантизм тән. 
Гегелдің ойынша ұлттық айырмашылықтар нәсілдік айырмашылықтар сияқты өзгермейтін және себепті. Дәлелдеу ретінде арабтардың ұлттық мінезінің ерекшеліктерін көрсетті. Ұлттың психикалық күйде және мінезді анықтайтын негізгі факторлар, ғалымның ойынша климат және табиғат жағдайларының өзгермейтіндігімен Гегель ұлттық рухтың тұрақты табиғатын түсіндіреді. 
Сонымен Гегель ұлттық мінезге қарсы шығады. Ол ұлттық мінезді географиялық, табиғи, әлеуметтік-мәдениет әсеріне ұшыраған әлеуметтік құбылыс деп анықтайды. 
XIX ғасырдың екінші жартысында ұлттық психология мәселесіндегі теориялар және методология аймағында жаңа құрылыммен байланысты этнопсихологиялық ойдың дамуында жаңа кезең басталды. Осы кезеңнен бастап этнопсихологиялық ойдың дамуында жаңа кезең басталды. Этнопсихлогиялық ой ғылыми пән статусына ие болады, өзінің зерттеу пәнін анықтайды, өзінің міндеті мен әдіснамасын анықтайды. 
Жаңа ғылымның қалыптасу және даму кезеңдері Г.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вунд және Г.Лебон есімімен байланысты. 
1859 жалпы Берлин университетінің профессоры Г.Штейнталь философ М.Лацаруспен бірге «Этностық психология және тіл білімі журналын» шығара бастайды. Г.Штейнталь – неміс философы және тіл танушы, тіл психологиясы мен оның негізі жайлы жұмыстармен танылады. М.Лацарус – швейцар ғалымы, «ұлттар психологиясы» теориясының негізін қалады. Олар «жан» және «рух» түсініктері талдауға және зерттеуге берілетінін дәлелдеді. Штейнталь тілдік талдау материалдарымен дәлелдеді, Лацарус - әр түрлі ұлттардың діндерін, салттарын, аңыздарын, ойлауын зерттеу тәжірибесімен дәлелдеді. Олардың ойынша этнопсихология адамзаттың рухани табиғатын зерттеп қоймай, адамзат рухының заңдылықтарын ашу керек. 
«Ұлт рухы» - ішкі рухани іс-әрекеттің дамуы және заңды қозғаушы болып табылады. Оның құрамындағы ядро тек қана мінезді анықтап қоймай, ұлттың тағдырын да анықтайды. Салттарды, дінді, тілді, аңыздарды, өнерді ұлттық рухтың өнімдерін зерттеу арқылы ұлттық рухты танып, оның қозғалу заңдылықтарын ашуға болады. 
Штейнталь мен Лацарус этнопсихология ғылым ретінде екі бөліктен тұру керек деген. 
Бірінші – дерексіз, ұлттық рух не деген сұраққа жауап береді, қандай жағдайда ол өмір сүреді және қалай әрекет жасайды, заңдары мен элементтері қандай деген сұраққа жауап береді. Екінші бөлім – нақты ұлттын ұлттық рухтарын зерттейді. «Біріншісі – барлық ұлттарға керекті заңдылықтарды қояды, екіншісі – бөлек ұлттардың іс-әрекет барысындағы заңдылықтардың көрінуін, ұлттарды бейнелейді», - дейді олар. 
Сонымен Г.Штейнталь мен М.Лацарус ұлттық психологияның ғылым ретінде қалыптасуына бүкіл жүйесін құруға әрекет жасады. Бірақ олардың ойлары іске аспады. Олардың концепциялы модельдері нақты психологиялық зерттеулерде іске аспады, қозғаған ойлары түсіндіруші кесте деңгейінде қалды. 
Неміс психологы В.Вундтың этнопсихологиялық концепциясы маңызды болып есептелінеді. Оның ойынша психология екі бөлімнен тұруы керек физиологиялық психология және ұлттар психологиясы. Физиологиялық, оның ойынша, эксперименталды бөлім, бірақ ол сөйлеуді және ойлауды зерттей алмады. Осы жерден ұлттар психологиясы басталды. 
В.Вунд «ұлттық психологияны» дамытып және жүйелендірді. Ол неміс психологы, физиологы, философ, 1879 жылы ең алғаш рет әлемде психологиялық лабараторияны ашты. 1881 жылы әлемде алғаш рет психологиялық журнал «Психологиялық зерттеулер» шықты. 
Вундтың ойынша ұлт жаны – ол тек қана индивидтер жинағы ғана емес, сонымен қатар олардың байланысы және өзара іс-әрекеті, осылар ұлттық психология обьектісіне әсер етеді. 
Ұлттық жан - ол көп индивидтердің бірге өмір сүруінде пайда болатын психологиялық процесс. Сонымен, ұлттық жан психологиялық құбылыстың байланысы болып табылады, жан уайымдауларын, талпыныстардың, сезімдердің мазмұнын жиынтығы. 
Психологиялық процестер, В.Вунд бойынша апперцепция ретінде немесе ұжымның шығармашылық іс-әрекетінен анықталып, жан белсенділігімен түсіндірілді. 
«Ұлттық рухтың» концепциясын ары қарай француз әлеуметтанушысы Г.Лебон жалғастырды. 
Лебон ұлттар психологиясын зерттеумен айналысқан кезде оның негізгі мақсаты нәсілдіктің жан дүниесін бейнелеу. Әрбір халық өзінің индивидуалды жан құрылысына ие, ол анатомиялық ерекшеліктер сияқты тұрақты. 
Лебонның ойынша ұлттың сезімі, ойы, өнері, сезімі жан құрылымынан пайда болады. Лебон өзінің бақылауларына негізделіп мынадай шешімге келеді ұлттық мінезді құрайтын, бір нәсілдіктің индивидтері бірдей психологиялық ерекшеліктерге ие болады. Лебон «нәсілдік жан» ұғымын еңгізді. Лебон адамзат нәсілдігін төрт үлкен топқа бөлді алғашқы, төмен, орта және жоғары. Алғашқы – мәдениеті жоқ, алғашқы қоғамдық құрылысында тоқтап қалғандар. Төменгі нәсілдік – цивилизацияның жаңа дамуында тұрғандар, мысалы, негрлер. Орта нәсілдік – оларға еуропа ұлттары жатады. Лебонның ойынша ассоциацияға қабілетті сын айта салады, нақты ойлай алатындар тек қана еуропалықтар. XIX ғасырдың аяғында екі этнопсихология құрылды этнопсихологиялық, казіргі кезде психологиялық антропология деп атайды және кросс-мәдени психология. 
Бұл екі зерттеу тәсілдердің еmіс және etic түсініктерімен түсіндіруге болады. Бұл орыс тіліне аударылмайтын екі терминді американ лингвисті К.Пай ұсынды. Еmіс – құбылысты түсінуге бағытталған; etic – зерттелінетін құбылыстарды түсіндіреді. 
Етіс негізгі ерекшелігі бір мәдениеттегі адамдардың психологиясын зерттеу. Еtіске негізделген психологиялық антропология пәні индивид қалай әрекет жасайды, ойлайды, сол мәдениетте өзін қалай сезінетінін зерттейді. 
Етicтің негізгі ерекшелігі кросс-мәдени психологияға тән, мұнда екі немсе бірнеше этностағы индивидттердің психологиялық өмірін зерттеп мәдениет арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты түсіндірді. 
Американдық этнопсихолог Г.Триандистің ойынша кросс-мәдени зерттеулерде кейде жалған – etic кездеседі. 
Кросс-мәдениет психологиясының міндеттері – психологиялық теориялардың жан-жақтылығын зерттеу. Этнопсихологияның дамуына ұмытылған кезде оның үшінші бұтасы жайлы ұмытпау керек – этникааралық қатынас психологиясы. Әлеуметтік психология мен әлеуметтану ғылымдарының қиылысында пайда болған. Сонымен, этнопсихологиялық білім ғасырлардың терең тарамына кетіп жатыр, XIX ғасырдың екінші жартысында ғылыми пәнге айналды. Этностық психологияның өзбетті ғылым ретінде қалыптасуына «Ұлттық психология» бағыты негізін салды. 
Ал Лебонды алатын болсақ нәсілдік теориясын негізін қалаған француз әлеуметтік философ Гобинонның ізін басты. Батыс ғылымы Лебон ойларын ұлттық төтеше жағдайлар туралы тезисін құруға қолданды. Бірақ бұл ұлтты басқа ұлтқа қарсы қоюға ұмтылады. Олардың негізгі мақсаты жақындау емес бөлу. Осы ой отарлық соғыстың пайда болуына әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет