Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет7/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Мәдениеттер конфигурациясы
АҚШ-та этнопсихологияның түп-тамырында, америка континентіне В.Вундт идеяларын әкелген Ф.Боас тұр. Колумбиялық университетте Боастан көптеген атақты американдық этнологтар оқыған. Олар өз назарын З.Фрейдтің классикалық психоталдауына, кейіннен К.Юнг, К.Хорни, Э.Фромм, А.Маслоу идеяларына бөлді. Нәтижесінде, мәдени антрополгия мен психология арасындағы кеңістікте орын алған «Мәдениет және тұлға» теориясы пайда болды.
«Мәдениет және тұлға» теориясын қалыптастырудың басы 20-жылдың аяғы, 30-жылдың басына шақ келеді. 1932 жылы Ф.Боас оқушысы Р.Бенедикттің (1887-1948) «Мәдениеттер конфигурациясы» атты атақты мақаласы жарық көрді, ол әрқайсысы өзінің мәдени доминанты бар мәдениеттер арасындағы әртүрлі айырмашылықтар жайлы жаңаша ой қозғады.
Өзінің алдыңғы жұмыстарында Бенедикт мәдениетті қоғамның тұлғасы деп көрсетеді.
Ол психологиялық, әлеуметтік және мәдениді принципті түрде ажыратпағаннан кейін, «Мәдениет және тұлға» теориясын ұстанушылардың өздері оған сынмен қарайды. Одан бөлек, Бенедикттің ерте периодтағы әдісін басқа мәдениеттерге қолдану мәднеиантропологтарды қиыншылыққа тап болғызады.
Базалық және модальды тұлға
30-ыншы жылдардың басына қарай антропологтардың жұмыстары психологиялық және әлеуметтік журналдарда жарық көре бастады. Жаңа бағытты психоаналитик А.Кардинер (1891-1981) басқарды, ол Нью-Йорк психоаналитикалық институтында «Мәдениет және тұлға» теориясының тұрақтануында шешуші рөл атқарған семинар өткізді.
Психоаналитик ретінде ол бала дүниеге келгеннен бастап оған қоршаған орта әсер етеді, ал нақты айтатын болсақ – күтім деп айтқан. Дәл осы кішкентай баланың күтім түрі әр мәдениетте әр түрлі бола отырып, үлкен адам тұлғасында кетпес із қалдырады.
А.Кардинердің ең жақын серіктесі Р.Линтон (1893-1953) модалды тұлғаның статистикалық ұғымын қолдап, ғаламдық, бірақ абстрактілі базалық тұлғаның ұғымынан бас тартты.
Модалды тұлға осы қоғамның үлкен мүшелерінде салыстырмалы түрде қатаң сақталған, жиі кездесетін тұлға белгілеріне сәйкес келеді.
Психологиялық антропологияның пәні мен мәселелері
«Мәдениет жән тұлға» мектебінің негізінде көптеген дүниежүзінде атақты зерттеушілер жұмыс істеді – Р.Бенедикт, К.Дюбуа, А.Инкелес, Р.Линтон, М.Мид. Қазіргі таңда психологиялық аспектісі бар мәдени антропологиялық зерттеулер облысы психологиялық антропология атауымен біріктіріледі.
Қытайдан шыққан американдық зерттеуші Ф.Хсю (Сюй Лангуан) этнопсихологияның этнологиялық бұтағын психологиялық антропология деп өзгертуді ұсынды.
Психологиялық антропологияның басты бағыттары болып мыналар қарастырылады:

  • балалар әлеуметтенуін зерттеу (балалық шақ этнографиясы);

  • ұлттық ерекшеліктерді зерттеу;

  • әртүрлі мәдениеттегі норма мен патологияны талдау.

Психологиялық антропологияның бағыттарын бұдан да ширақ классификациялауға тырысқандар бар. Бұлардың әжептәуір толық құрамын «Басты психологиялық мектептер және психологиялық антропологиядағы бағыттар» атымен американдық мәдени антрополог Ф.Бок ұсынды (см. Bock, 1988).

  • Бірінші мектеп – екі бағыттан тұратын психоаналитикалық антропология: а) ортодоксалды (Фрейд) және б) неофрейдистикалық (Фромм, Эриксон).

  • Екінші мектеп - өзіне төрт бағыт қосатын «Мәдениет жән тұлға»: а) мәдениет конфигурациясы (Бенедикт); б) базалық және модалды тұлға (Кардинер, Дюбуа, Линтон, Инкелес); в) ұлттық ерекшелік (Хсю, Горер); г) салыстырмалы-мәдени (Дж. И.Б. Уайтинги).

  • Үшінші мектеп – үш бағыт кіретін «Әлеуметтік құрылым және тұлға»: а) материалистикалық (Маркс, Энгельс, Бухарин); б) позитивистикалық (Вебер, Мертон); в) интеракционистикалық (Г.Мид).

  • Төртінші мектеп – когнитивтік антропология. Бұл жерде бок басқа, зерттеу объектісі бойынша бағытты бөлуді таңдайды: а) примитивті ойлауды зерттеу (Тайлор, Леви-Брюль, Боас, Леви-Строс); б) жас ерекшелік дамудың мәселелерін талдау (Пиаже, Коул); в) этносемантикалық зерттеу (Берлин, Кэй).

Көпшілік батыс этнопсихологтары мен ғалымдары XX ғасырдың басында психоаналитикалық тұрғыны ұстанады. Психоанализ бір кездері тұлға концепциясы болса, енді психотерапевтикалық тәжірибе болып отыр. Фрейд бойынша тұлғаның қалыптасуы балалық шағына байланысты, яғни оның сексуалды құмарлықтарына шек қою оның психикасына травма болады деді, мысалы: (мінез қырларының өзгеруі, психикалық аурулар т.б.).
Көптеген шетел этнопсихологтары өз іштерінде өздерінің методологияларын өзара қолданса да, Фрейдтің адамның мінез-құлқы тек туа біткен инстингтер бағытымен келісті. Фрейдтің кейбір жұмыстарымен кейбір этнопсихологтар келіспеседе, оның ең негізгі методологиясының бағытымен келісті, бірақ біршама модернизацияланған категориялар мен түсініктерге сүйенді.
Кейбір этнопсихологтар әлеуметтік ортаны қоғамдық өндірістік жүйедегі адамның тарихи анықталған қарым-қатынас ретінде емес, туғандағы эмоцияның, сезімдердің, құмарлықтар сияқты психологиялық көрінулердің қорытындысы ретінде қарастырды.Батыстағы этнопсихологиялық көзқарастарға және оның методологиялық негізінің дамуына француздық этногрф және философ Л.Леви-Брюльдің (1837-1939) әртүрлі этностық ортақтықтағы адамдарға ерекше ойлау түрі тән деді. Ол әлеуметтік институттары, мәдениет, тіл, сал-дәстүрлер де көрінетін ұжымдық көріністер адамның ойлауына әсер етеді деген. Ұзақ уақытты ұлттық психикалық эволюция жайында ол алғашқы қауымдық адамдардың логикасы қазіргі уақыттағы адамдардың ойлауынан ерекшеленеді. Оның ойынша алғаш қауымдық адамдардың ойлауының негізінде дамуға деген қабілет және практикалық тәжірибе жатыр дейді. Сол уақытта логикалық ойлауға дейін, қоғамдық өмірдегі сфералар, яғни ұлттық қатынас, ұлттық өзіндік сана және адамгершілік, мораль, дін түрінде көрінеді.
Этностық психология төңірегінде оның жұмысы ойлаудың ұлттық ерекше механизмдерінің пайда болуына және оның факторларын түсінуге және адамның қылықтары мен әрекеттеріне, олардың мінез-құлқына әсер етуіне көмектесті. Осы көзқарасты қорытындылай келе, қоршаған әлем құбылыстары және заттарға әсер ету, кезінде көрінетін мінез-құлық тәсілдері және олар үшін алғаш көрінетін сезімдер, сондай-ақ нақты этностық ортақтықтың көрінуі және құндылық бағдарына бағытталған ерекше жиыннан тұратын әлеуметтік-психология (этностық) туралы тұрақты көріністер қалыптасады. Әлеуметтік-психологиялық архетип адамға мұра арқылы беріліп отырады, оның санасына вербалды емес әсіресе рефлексиацияланбаған (санасыз) деңгейде қалыптасады.
Этнопсихологиялық көқарастардың дамуына француз этнографы және социолог Ж.Леви-Стросстың да көзқарасы әсер етті. Оның негізі бағыты индивидуалды: «санадан тәуелсіз ойлау және өмір құрылымының қортындысы»-деді. Мысал ретінде, Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы алғашқы қоғамдық зерттеулер. Леви-Стросстың айтуы бойынша, ұлттық мәдени және әлеуметтік зеттеу құрылымының мақсаты, сондай-ақ ортақтық басқаратын заңдарда қарастырады. Леви-Стросс «жаңа гуманизімді» білмейтін нәсілдік және қоғамдық топтардағы әртүрліліктер концепциясын алға жылжытты. Оның теориясы мазмұны жағынан этнопсихологиялық, бірақ, әртүрлі этностық ортақтық көріністері аралығындағы арқилы көрінулерге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет