Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет3/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі

  1. Берри Дж. Кросс-культурная психология. – Харьков: Гуманит. Центр, 2007.

  2. Лебедева Н.М. Этническая и кросс культурная психология. М.: Макс-Пресс, 2011.

  3. Мацумото Д. Психология и культура. СПб., 2002.

  4. Берри Д, Пуртинга А., Сигал М., Дасен П. Кросс-культурная психология: Исследования и Применение/пер. с английского. Харьков: Гуманитарный центр. 2007.

  5. Стефаненко Т. Г. Этнопсихология. М., Аспект Пресс, 2004.

Қосымша

  1. Аймаганбетова О.– Социально-этнические проблемы современной психологии. – Алматы: КазНУ, 2008.

  2. Белик А. А. Психологическая антропология. - М.,1993.

  3. Коул М. Культурно-историческая психология. М., 1997.

  4. Лебедева Н. М. Кросс-культурная психология: цели и методы исследований. / Этология человека и смежные дисциплины / под ред. М. Л. Бутовской., М., 2004.

  5. Личность. Культура. Этнос. Современная психологическая антропология. М., 2002

  6. Этническая психология и общество (под ред. Н. М.Лебедевой). - М., 1997.

  7. Шпет Г. Г. Введение в этническую психологию. - Спб., 1996.



Тақырып 3-4. Кросс-мәдени психологиядағы негізгі теориялық бағыттар.
Мақсаты: кросс-мәдени психологиядағы зерттеулердің негізгі теориялық бағыттарымен таныстыру.
Түйін сөздер: кросс-мәдени психология, абсолютизм, релятивизм, универсализм, этноцентризм
Жоспар:

  1. релятивизм

  2. абсолютизм

  3. универсализм



Кросс-мәдени психологияның теориялық және әдіснамалық негізі келесі теориялық бағыттармен анықталады: релятивизм, абсолютизм және универсализм.
Релятивизм кросс-мәдени психологияның дамуын анықтайтын ең маңызды теориялық бағыттардың бірі болып табылады, барлық психологиялық құбылыстар мәдени тұрғыда туындаған деп негіздейді. Осылайша, ол психикалық процестердің мазмұны мен құрылымында кросс-мәдени айырмашылықтарды барынша ашуға көмектеседі. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері бұрынғы және қазіргі заманғы адамның менталитетін зерттеуге барлық мәдениеттер тең, бірақ әр түрлі деп санайды.
Релятивизм мәдени айырмашылықтарды ескере отырып, мәдениеттерді тең бағалау идеясына негізделген. Мәдениеттерді осылай түсіндіргендер Л.Леви-Брюль (L. Levy-Bruhl, 1857–1939), Ф.Боас (F. Boas, 1858–1942), Р.Линтон (R. Linton, 1893– 1953), Р.Бенедикт (R. Benedict, 1887–1948), К.Клакхон.
Абсолютизм мәдениеттердің біркелкілік идеясына негізделген. Алайда мәдениеттер тең емес. Бір мәдениеттер – өркениетті, екіншілері – қарапайым, бір мәдениеттер екіншілерінен басым түсіп жатады. Абсолютизмнің негізін салушылар М.Коуол, С. Скрибнер [М.Kowol, S.Scribner] кросс-мәдени психологияның негізгі теориялық бағыттарының бірі ретінде психологиялық құбылыстар барлық мәдениеттерде бірдей болып табылатын тезисті ұсынады. Мәдениетті анықтайтын психологиялық құбылыстар мен құбылыстарды түсіну олардың арасындағы айырмашылықтарды елемеуге әкеледі. Осы себепті абсолютизм тұрғысынан мәдениет адами сипаттамалардың көрінісінде ешқандай рөл атқармайды, егер ол атқарса, онда бұл рөл өте аз. Көптеген психологиялық құбылыстар, мысалы, интеллект, барлық мәдениеттерде бірдей болып саналады және бағалауды салыстыру арқылы зерттеледі. Мәдениеттердің бәрі бірдей, бірақ тең емес деген тезис, кейбір мәдениеттердің өкілдері басқалардың өкілдерінен гөрі ақылға қонымды деген қорытындыға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет