Еуропалық капитализм генезисінде аса маңызды да шешуші фактор отарлардың пайда болуы. Жалпы отарлау тек жаңа тарихта ғана орын алған жоқ. Өзге территоияларды басып алып, бағын- дыру ежелгі дүниеде де, орта ғасырларда да кең таралды. Алек- сандр Македонскийдің, Рим императорларының, түріктердің жəне монғолдардың, ерте орта ғасырдағы арабтардың жорықтары, əлем- дік тарихтың бұл көріністерінен түсінік береді. Отарлау, отарлық басқыншылық терминдерінің мəні біртекті емес. Мысалы, грек отарлауы табиғи қордың шектеулігімен байланысты болды жəне эммиграция арқылы ішкі саяси жəне экономикалық тұрақтылықты сақтауды көздеді. Кейіннен отарлау термині тікелей қоныс ау- дарып келушілерге жəне сыртқы саясаттағы басып алушылыққа қатысты пайдаланылды. Əрине, бұл процестер бірімен-бірі байла- нысты, бірақ оларды жіктегенде алғашқы мазмұнынан шыға оты- рып, жергілікті экономикалық жəне əлеуметтік-саяси құрылыммен кейінгі байланысын ескеру қажет. Еуропалық отарлық экспан- сияны ерекшелейтін, өзіне тəн сипатына, капитализмнің қалыпта- суымен үздіксіз байланыста болғанын жатқызамыз.
ХVІ ғасырға дейін əлемнің жеке мəдени аймақтары өз алдына тəуелсіз жəне өте нашар байланыста дамыды. Əртүрлі өркениет туралы білім толық болмады, ал олардың арасындағы сауда жəне мəдени байланыстар тұрақты болған жоқ. Мұндай жағдайлар географиялық ашылулар дəуірінің басталуымен түбегейлі өзгеріп, жердегі өркениеттің арасындағы байланыстардың қалыптасуына қызмет етті.
ХV ғасырға қарай Еуразияда дамыған өркениеті бар төрт-бес мəдени аймақ қалыптасты. Бұлар Батыста Еуропа, Таяу жəне Орта Шығыста жəне Солтүстік Африкада, Осман империясы жəне басқа мұсылман мемлекеттері; Қиыр Шығыста, Оңтүстікте жəне Оңтүс- тік Шығыста – Үндістан, Қытай, Корея, Жапония, Үндіқытай жəне Индонезия. Бұл мемлекеттердің арасында Батыс Еуропадан басқа тек Осман империясымен Қытайда ғана, кең отарлық экспансияға жəне капиталистік дамуға қажетті материалдық жəне адам қорлары болды. Үшеуінің ішінде Осман империясы географиялық ашылу- лармен теңіздің арғы жағына саяхатқа мүдделі болған жоқ. Бұл жағдайдың қарапайым себептерін көрсетуге болады. Ерте орта ғасырдан бастап, ол жəне басқа ислам елдері Еуразияның орталы- ғында Қытай мен Үндістаннан Еуропаға апаратын сауда жолында орналасты. ХV ғасырда ол Оңтүстік Шығыс Еуропадағы əскери қимылдарға тартылды; Темір мемлекеті Қытайға қауіп төндіріп, Үндістанға экспансиясын бастады. Ислам елдерінің əскери феодалдық тобына тəн экспансияның дəстүрлі түрі территорияны кеңейту, бағалы заттар мен құралдарды иелену өзгерістерді қажет- сінбеді. Оларды жаңа жерлер емес, өркениеттік аймақтар қызық- тырды. ХV ғасырда мұсылман əлеміне саяси үстемдік түрік-осман- дарының қолына өткенімен, Африканың шығыс жағалауындағы сауда жолдары арабтардың бақылауында еді. Магеллан мұсылман көпестерін Филиппинде кездестіргені белгілі. Бірақ арабтар жүр- гізген теңіз экспансиялары кең əлеуметтік-экономикалық өзгеріс- терге ұшырап, капитализмнің қалыптасуына əкелмеді. Сыртқы отардан Қытайдың табатын табысы, еуоропалықтардың табысы- мен салыстыруға келмейді. Қытай тек автаркия жағдайында өмір сүре алатын еді. Себебі, өте үлкен қорлар мен адам мүмкіндіктері оған сыртқы саудаға мүдделі болмауға мүмкіндік берді. ХV ғасыр- да Қытай бюрократиясы сыртқы сауданы жəне өз азаматтарының Индонезияға енуіне шек қоюға ұмтылды. Қытай үкіметінің экс-портқа деген қызығушылығына қарағанда қытай товарларының импортына шет елдер кең көлемде мүдделі болды.
Ал, Батыс Еуропа бұл уақытта біршама кедей, сыртқы саудаға бағынышты, аймақтарына сырттан төнетін қаупі мол мемлекет болып табылды. Сондықтан ХV–ХVІ ғасырлардағы еуропалық отарлық басқыншылық тек экономикалық дамудың нəтижесі емес, сонымен бірге өмір сүруге қажетті табиғи қорлардың шектеулігінің де нəтижесі еді. Егер формациялық белгілерден алшақтап, еуро- палық жəне азиялық қоғамдарды экономикалық жəне техникалық даму деңгейі тұрғысынан салыстыратын болсақ, Еуропаны Рим империясының құлдырауынан ХІІІ ғасырдың басына дейін, еура- зиялық аймақтық артта қалған шеткі аймағына жатқызамыз. Орта ғасырлар кезеңінен бізге жеткен мəліметтер ауыл шаруашылық жағдайы, қолөнері, сауда дамуы, ақша айналымы туралы мəлімет- тер Еуропаның даму деңгейінің нашарлығын куəландырады
Достарыңызбен бөлісу: |