Вормс конкордаты бойынша, король папа мен жергілікті шір- кеуге қақтығыс барысында тартып алынған жерлерін қайтарып берді. Шіркеулік иерархия бойынша түйткіл мəселелер шешілді, император епископтарға лен мен зайырлы биліктің белгісі – ски- петр берді. Папа тарапынан үш ірі жеңілдік жасалды. Олардың қатарына – император алдында епископтардың вассалдық міндет- керлігін қалдырды; неміс территориясында епископтарды сайлауға император қатысып, талас-тартыс бола қалған жағдайда, өз пікірін қосатын болды. Император өз кезегінде, діни қызметке сайлау симониясыз жəне қысымсыз өтеді, – деп уəде берді. Қорыта айт- қанда, инвеститура Папаға қарағанда императорға тиімді болды.