§ 4. Абсолютизмнің қалыптасқан түрлері Батыс Еуропа ел- дері мысалында
Абсолютизмнің ағылшындық жəне француздық түрін, абсолют- тік басқару формасының австриялық, пруссиялық, орыстық түр- лерін көруге болады. Испандық вариант екінші типтің өзгешелігі, немесе аралық түр деп есептелінеді. Кейбір елдерде тарихи даму- дың бағыты буржуазия мен абсолютизмнің қалыптасуына қолай- сыз болған жағдайда, ал сыртқы фактордың араласуы бұл процесті одан əрі өзгертіп, тек мемлекетті басқарудың абсолюттік түрін тездетті. Мемлекеттер жүйесінің қалыптасуы генезис процесінің ғаламдығын көрсетті, жəне капитализмнің дамуы олар қалыптас- тырған қақтығыстар, мемлекет шекараларынан шығып кетті жəне еуропалық феодализм дəстүрлеріне қауіп төндірді. Əлемдік нарық- тың қалыптасуы, сонымен байланысты сауда соғыстарының кө- беюі, Еуропа мемлекеттерінің отарлық саясаты, халықаралық қатынастар саласындағы өзгерістер, жаңа көріністердің шынайы сипатын көрсетіп, Еуропада феодализм ыдырауының ұстаным- дарын шоғырландырды. Ақырғылары феодализмге ерте буржуа- зиялық революциялар түрінде қауіп төндірді.
ХVІ ғасыр ортасынан бастап феодалдық реакция феодалдық дəстүрді қорғап, өз мүдделеріне капитализм қалыптастырған қор- ды бағындырды. Табиғаты жағынан буржуазиялық-бюргерлік, лю- терандық жəне кальвиндік реформацияны Францияда, Германияда, Венгрияда феодалдық дворяндар күшейіп келе жатқан абсолю- тизмге қарсы күресте пайдаланды. Бұндай елдерде абсолютизм генезисі капитализмнің дамуына тығыз байланыста болды. Капита- лизм генезисі абсолюттік монархияның генезисінің синтезделген сипаты болды, бұндай байланыс феодализмнен капитализмге өтпе- лі кезеңде ғана пайда болады. Сондықтан да абсолютизм генезисін зерттеуде абсолютизм мəселесін шаруалар көтерілісімен ешқашан байланыстырмайды, оның есесіне əрқашан капитализм генезисімен байланыстыру қажет.
Екінші типтегі абсолюттік мемлекеттер дамуының объективті ұстанымдары капиталистік дамуға тартылу барысында абсолю- тизмге эволюция болып, оның кейінгі түрлері – бонапартизмге, буржуазиялық монархияға өтті. Еуропа абсолютизмінің негізгі көріністерін ортақ түрде сипаттай келе абсолютизмге анықтама беріледі. Абсолютизм кейінгі феодализмнің саяси қондырмасы. Бұл жерде феодалдық формация дамып келе жатқан буржуазиялық қатынастар əсерімен ыдырай бастайды. Осы жағдайдағы монарх- тың билігі белгілі дəрежеде шексіз болып, феодалдар тобына байланысты белгілі бір тəуелсіздікті иеленді. Капитализм генезисін зерттеуші А.Н. Чистозвонов абсолютизмді екі типке бөледі. Бірін- ші типті – ағылшын-француз деп атайды, бұл жерде буржуазия термині өте кең мағынада қолданылады, құрамына ортағасырлық қалалықтар да кіреді. Екінші тип – Шығыс Еуропа мен Испан елде- ріндегі абсолютизм. Бұл абсолютизм буржуазиялық дамудың түйі- нінен емес, капитализмнің нашар дамуы салдарынан қалыптасады. Бұл абсолютизмді нығайтудың ішкі факторы феодалдар күштері- нің ерекше орналасуы, сыртқы фактор – капитализмнің жүйе ретінде көрініс беруі жəне осымен байланысты жалпы Еуропалық мемлекеттер жүйесінің əскери, саяси жағдайы.
Шамамен алғанда, капиталистік бастаманың негізі қаланған тарихи шекаралары ХІІІ–ХVІ ғасырларды қамтиды. Осы уақытта шаруашылық жəне əскери тəжірибелерге көптеген техникалық жəне технологиялық жаңалықтар енгізілді, ғылыми білімнің қазіргі түрлері қалыптаса бастады, еңбектің қоғамдық бөлінуі тереңделді, сауда мен несие дамыды, ұлттық жəне аймақтық рынок қалыптас- ты, ұсақ қолөнерлік өндірістен мануфактураға өту процесі жүрді. Бірақ демократиялық феодализм дəуірі ұзаққа созылған жоқ.
Еуропалық мемлекеттердің саяси жəне экономикалық құрылы- сы үшін маңызды кезең ХVІ–ХVІІ ғасырлар болды, себебі, абсо- люттік монархияның қалыптасу процесі жүрді. Абсолютизм Еуро- па мемлекеттерінің саяси жəне экономикалық бірлесуіне, өндіріс- тің өсуіне, сауданың дамуына ықпал етті. Абсолюттік монархия- ның саясаты капиталистік дамуды ынталандыратын шаруашылық- тың гүлденуімен астасады. Бұндай жағдайлар белгілі бір уақытқа дейін ғана болды, кейін бюрократия экономикалық өмірге араласа бастады. Феодалдық бюрократияның жəне феодалдық ақсүйектер- дің экономикалық жəне саяси мүддесін қолдаған абсолюттік мем- лекеттің қызметі Испанияда, Германияда, Нидерландыда Габсбург- тер династиясының басқару кезеңінде болды. Сауда-өнеркəсіптік сословияның экономикалық мүмкіндіктерін шектеуге деген ұмты- лыс, буржуазияның жетістігін жоққа шығару, қосымша салық енгізу арқылы капиталистік укладты бақылауда ұстауға тырысу нарықтық шаруашылықтың негізін əлсіретті.
Ағылшындарда Тюдорлар династиясының соңғы ұрпағы Елиза- вета сауданың дамуына, отарлық іс-əрекетке қолдау көрсетіп отыр- ды. Ал Францияда король билігі мен буржуазияның арасындағы қақтығыс өте үлкен дəрежеде ушыққан жоқ, себебі, діни соғыстар мен Фронда кезеңінде мемлекет орталықтанудың кепілдігі қыз- метін атқарды. Нəтижесінде елде негізді бюрократиялық аппарат пайда болып, мантия дворяндарын өзіне тартты. Ағылшындармен салыстырғанда француздардың капиталистік дамуының артта қалушылығының бір себебі осы одақ болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |