§ 1. ХІ–ХІІІ ғасырлардағы Германия
Оттондар билігі жəне инвеститура үшін күрес. Оттон қабыл- даған императорлық титул, оны Рим Папасымен бір сатыға қойып, саяси тұрғыда еуропалық монархтардан жоғары қойды. Бұл титул І Оттон мен оның мұрагерлеріне өз иеліктеріндегі шіркеу институт- тарын толық бақылауда ұстауға мүмкіндік берді. Епископ пен аб- баттарды сайлау император бұйрығы бойынша іске асты, шіркеу қызметкерлері императорға адалдық антын берді. Шіркеу импе- рияның зайырлы билігінің құрамына қосылды жəне императорлық билік пен ел бірлігінің негізгі сүйеніші болды. Бұл ІІ Оттон (973– 983), ІІІ Оттон (983–1002) анық байқалды. Папа тағына отырудың өзі императордың ықпалында болды, зайырлы билік пен діни билік арасында нақты жік болған жоқ. Шіркеудің мемлекеттік құры- лымға интеграциясының жоғарғы шегі ІІ Конрад тұсында (1024– 1039) іске асты, ІІІ Генрих тұсында (1039–1056) империялық шіркеу жүйесінің классикалық түрі қалыптасты.
Ерте кезеңде империяның мемлекеттік институттары əлсіз бол- ды. Император Германияның, Италияның, 1032 жылдан бастап, Бургундияның королі болып табылды. Германияның негізгі саяси бірлігі герцогтықтар – Саксония, Бавария, Франкония, Швабия, Лотарингия, Каринтия еді. Империяның шығыс шекарасында мар- калар жүйесі – Солтүстік марка, Саксон маркасы, Бавар маркасы, Мейсен, Бранденбург, Лужиц маркалары қалыптасты. ХІ ғасырда империя құрамына тəуелсіз еуропалық христиандық қоғам ретінде Польша мен Венгрия қосылды. Италияда Тоскана, Верона, Иврея маркалары қалыптасты, бірақ, ХІІ ғасырдағы коммуналдық қозға- лыс кезеңінде бұл құрылым жойылып кетті.
Император билігін Альпі тауларының солтүстігі мен оңтүсті- гінде ұстап тұру қиындық туғызды. ІІ Оттон, ІІІ Оттон, ІІ Конрад Италияда ұзақ уақыт арабтар мен византиялықтардың жаулап алу- шылығын тоқтатты, итальян патрициаттарының көтерілісін басты, дегенмен, Апеннин жартыаралында түпкілікті билігін нығайтуға қол жеткізе алмады. Сондықтан империя орталығы Германия болып қала берді.
II Конрад (1024—1039) билігі тұсында ұсақ рыцарлар сословия- сы қалыптасты, олардың құқықтарын император бекітті, кейін бұл империялық лендік құқықтың негізін қалады. Империядағы интер- гациялық ұстанымдарды дамытушылар негізінен, ұсақ жəне орта рыцарлар еді. ІІ Конрад пен ІІІ Генрих немістердің аймақтық княз- дықтарының басым бөлігін бақылап отырды, графтар мен герцог- тарды тағайындады, территориядағы аристократия мен дін иелері- не үстемдік етті. Империя территориясында соғыс пен əскери қақтығыстарға жол берілмейтін империялық құқық институты
«Құдай əлемі» қалыптастырылды. ІІІ Генрих тұсында қалыптас- тырылған империялық биліктің жоғарғы шегі, клюний қозғалысы нəтижесінде төмендеп кетті. Клюний қозғалысы барысында қалып- тасқан Григориандық реформа бойынша, Рим Папасының жоғарғы билігі, шіркеудің зайырлы биліктен толық тəуелсіздігі талап етілді. Рим Папасы VIІ Григорий императордың шіркеулік билікке ықпа- лын жойып, инвеститура тəжірибесінің дұрыс еместігін көрсетті. ІV Генрих император артықшылықтарын сақтау үшін күресті, бұл Рим Папасы мен император арасындағы ұзаққа созылған инвес- титура үшін күреске алып келді. 1075 жылы ІV Генрихтың Милан епископын тағайындауы, оны шіркеуден аластатуға мүмкіндік берді. 1077 жылы шіркеуден аластатылған ІV Генрих неміс княз- дарының қысымымен Пападан кешірім сұрады. Инвеститура үшін күрес 1122 жылы Вормс конкордатына қол қойылумен аяқталды. Конкордат бойынша епископтарды сайлау ерікті түрде симониясыз іске асырылды, жер иелігіне инвеститура сақталғандықтан, им- ператордың епископтар мен аббаттарды тағайындауға деген мүм- кіндігі өзгеріссіз қалды. Жалпы алғанда, инвеститура үшін күрес, императордың шіркеу билігіне деген бақылауын əлсіретті, папа- лықты империялық бақылаудан азат етті, бұл өз кезегінде терри- ториялық жəне діни князьдардың ықпалын өсірді.
Достарыңызбен бөлісу: |