Тақырып 10. Тақырыбы: ХV- хvііғғ. Батыс және Шығыс Европа.



бет8/13
Дата14.04.2022
өлшемі68,76 Kb.
#31075
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лек 10

Еуропадағы капитализм генезисіне əкелген факторлар жиынтығының жүйесі төмендегідей: батыс еуропалық феода- лизмге тəн табиғи-географиялық ортаның ерекшелігі, тек еуропа- лық əлеуметтік ұйымның – сословялық монархияның қалыпта- суына алып келді. Сословиялық монархияның полицентристік құрылымы дəстүрлі экономикалық саясаттан нарықтық ұйымдарға көшуге түткі болады. Бұның ауқымында сауда мен ақша техни- калық прогресті белсендіріп, оны жаңа еуропалық дəстүрге айнал- дырды.

Абсолютизм тарихына байланысты жинақталған фактілер- дің салыстыру шегін жүргізейік. Ол үшін пікірді төмендегі мəсе- лелерді негізінде өрбітуіміз қажет: біріншіден, Еуропадағы абсо- люттік құрылыс капитализм генезисінің алғышарты рөлін атқарып, капиталистік қатынастардың іргетасын дайындады ма? Екіншіден, абсолютизмнің қалыптасқан анықтамасы өзгерістерді қажет етеді ме?

Жалпы, абсолютизм тарихы тарихнамада біршама зерттелген мəселелердің қатарын құрайтынын жоғарыда айттық. Тарихнама- ның əр тобының өкілдері өз идеологиялық ұстанымдарының негі- зінде абсолютизмнің орнын, атқарған қызметін, анықтамасын берді. Бұл ғалымдардың пікіріндегі ортақтық ретінде абсолютизм- нің саудамен, өндірістің дамуымен байланыстыратынын айтуымыз қажет. Мысалы, барлық маркстік көзқарастағы абсолютизм тари- хын зерттеушілер буржуазияның пайда болуы мен дамуы, феодал- дық қоғамның саяси құрылымында жаңа түр абсолютизм пайда болды дейді. Сонымен бірге бұл жерде экономиканың рөлі ерекше көрсетіледі. Жалпы, экономиканың рөліне басымдырақ көңіл бөлу, маркстік көзқарастағы авторларға тəн. Экономика əрине, кез-кел- ген қоғамның тарихында əрқашан шешуші фактор рөлін атқарғаны

белгілі. Соған қарамастан, абсолютизмнің қалыптасуына түрткі болған, бірнеше себептерді көрсете аламыз. Біріншіден, еуропалық мемлекеттердің саяси, географиялық орналасу ерекшелігі абсолю- тизмнің қалыптасуына қолайлы орта болды. Еуропадағы орталық билік əлеуметтік-экономикалық өмірге араласпады, король билігі, феодал, қалалар арасындағы күрес қоғамдық жүйедегі күштердің біршама тепе-теңдігіне алып келді. Осы байланыстың қатынасы техникалық, экономикалық прогрессті қамтамасыз етіп, абсолю- тизмнің негізін қалыптастырды.



Еуропа елдеріндегі буржуазиялық қатынастардың пайда болуы мен дамуы феодалдар мен буржуазияның арасындағы күресті ушықтырды. Бұндай жағдай ең алдымен Франция мен Англияда, кейіннен барлық еуропа елдерінде абсолюттік монархияға алып келді, сословиялық өкілетті мекемелердің рөлін жоққа шығарды. Бұл жерде біз абсолютизмге əсер еткен географиялық жəне саяси жағдай екенін байқаймыз. Жалпы капитализмді абсолютизм да- муының эволюциялық жалғасы деп есептейміз. Себебі, абсолю- тизмнің барлық функциялары капитализмнің негізгі заңдарына сайма-сай келеді. Яғни, абсолютизмнің атқарған негізгі қызметі – мемлекетті бір орталыққа біріктіру, мемлекеттік функцияларды күшейту. Капитализм абсолютизмнің заңды жалғасы. Абсолюттік құрылым нығаймаған мемлекеттерде капиталистік қатынастардың гүлденуі орын алған жоқ.

Абсолютизм жалпы еуропадағы мемлекеттер құрылымына тəн. Бұлай дейтін себебіміз, абсолютизмнің қалыптасуы еуропа мемле- кеттерінде ХV ғасырда басталады. Жоқтан пайда болатын ештеңе жоқ. Сол себепті де, абсолютизімнің алғышарттары болды. Олар- дың сипатына келсек, біріншіден, мемлекеттердің бір орталыққа шоғырлануы, екіншіден, əлеуметтік топтардың шоғырлануы жəне олардың саяси белсенділігінің өсуі. Осы екі белгі абсолютизмнің қалыптасуында ерекше рөл атқарды. Сондықтан да, абсолютизмнің қалыптасуының негізгі белгісі ретінде феодалдық сословияның құлдырауымен шектелмей, жоғарыдағы екі белгімен байланыс- тырған дұрыс. Себебі, абсолютизмнің орнығуы бір күнде, немесе бір жылда болған жоқ. Тіпті Францияның өзінде абсолютизмнің қалыптасуы екі ғасырға созылды. Абсолютизмнен аттап капита- листік даму жолына өту еуропалық мемлекеттер тарихында жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет