§ 2. Батыс Еуропа мемлекеттеріндегі абсолютизм түрлері
XІІІ ғасырда өкілеттілік ұйым ретінде қалыптастырылған ағыл- шын парламенті абсолюттік жүйенің міндетті бір бөлігіне айналды, ал король ағылшынның саяси əдебиетінде таралған түсінікке бай- ланысты тек парламентпен ынтымақтастықта ғана толық билікке ие бола алды. Ағылшын абсолютизмнің өзіндік ерекшелігі, кейінгі оның дағдарысының сипаты ағылшын қоғамының əлеуметтік құ- рылымының ерекшелігімен байланысты еді. Себебі, жаңадан қа- лыптасып келе жатқан буржуазияның мүдделері экономикалық ұстанымдарға жақын болды. Салыстырмалы түрде алғанда фран- цуз абсолютизмінің баяу дамуы, көбіне дворяндардың əлеуметтік басымдылығының сақталуымен, жəне капиталистік элементтердің даму дəрежесінің жетілмеуімен, əлеуметтік-экономикалық, саяси факторлармен, орталықтандырудан көрі шашыраңқылық ұстаным- ды жақтаушы географиялық сипатпен түсіндіріледі. Француз абсолютизімі қалыптастырған мықты бюрократтық машина XVІ– XVІІ ғасырларда көптеген архаикалық белгілерге толы болды.
XVІІ ғасырдың 20-30 жылдары жасалынған реформалар фео- далдық ақсүйектердің жəне шенеуніктердің бағыттарын шектеді, бұл француз абсолютизімінің классикалық даму деңгейінің баста- масы еді. Ал испан абсолютизімінің ерекшелігіне оның əлеуметтік негізінің тым шектеулігін жатқызуға болады, олар испан монархи- ясының таптық құрылымында жетекші жағдайды иеленген дворян- дармен шектелді, орта жəне кəсіпкерлер қабатын артқа тықсырып отырды. Отарлардан əкелінетін қымбат металдарды табыстың негізгі көзіне айналдырған испан дворяндарының саяси белсенділігінің нашарлығы нəтижесінде, елдегі басқарушы австриялық династияның өкілдері Габсбургтердің ұлттық экономиканы дамы- тудағы ұмтылыстарынан сыртқы ұмтылыстар үстем түсіп отырды. Яғни, сыртқы ұмтылыстардың қатарын Батыс жəне Орталық Еуропадағы Габсбургтер үстемдігіне қол жеткізу, реформациялық қозғалыстармен күрес, Америкадағы отарларды кеңейту құрайды. Испан абсолютизімінің басқыншылық сипаттағы сыртқы саясаты дворяндардың барлық топтарының арасынан қолдау көріп отырды, жəне бұл саясат табыстың қосымша көзін ашатынына сенімді болды.
Достарыңызбен бөлісу: |