Германияға қатысты басқарудың абсолюттік түрінің бекіну ерекшелігі мол. Бұл кезеңде Германия империя шеңберіндегі саяси ұйымдар конгломератынан тұратын. Курфюрстер коллегиясымен сайланып отыратын императорлар христиандық əлемнің саяси же- текшілігіне батыл түрде талап қоюдан алыс болды. Габсбургтердің саясатына тікелей негізделген ұлттық империялық дəстүр, аймақ- тық партикулярлық ағымдардың дамуына қолдау көрсетті, терри- ториялық мемлекеттілікті нығайтты, ақыр аяғында жекеленген жерлерде ұсақ мемлекеттік абсолютизмнің қалыптасуына алып келді. Бұның гүлденуі XVІІ ғасырдың екінші жартысына келеді. Ірі Батыс Еуропалық мемлекеттердің абсолютизімімен салыстырған- да, аймақтық, ұсақ мемлекеттік герман абсолютизімі орталықтан- дырушы рөлін атқара алған жоқ, керісінше жеке герман жерлерінің саяси өзгешеленуінің күшеюіне қолдау көрсетті.