Тақырып 10. Тақырыбы: ХV- хvііғғ. Батыс және Шығыс Европа.



бет4/13
Дата14.04.2022
өлшемі68,76 Kb.
#31075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лек 10

Реформация, 1524–1526 жылдардағы шаруалар соғысы, онан кейінгі ішкі империялық қақтығыстар неміс жерлерінің террито- риялық-саяси бытыраңқылығының бекінуіне септігін тигізіп, қо- сымша конфессионалдық бояуға енді. Əрбір конфессионалдық герман лагерьлерінің əрқайсысының – католиктік жəне протестант- тық сыртқы күштерге арқа сүйеуі Германияны біртіндеп басқа еуропалық мемлекеттердің мүдделерінің қақтығысу алаңына ай- налдырды, ол жалпы еуропалық 1618–1648 жылдары болған отыз жылдық соғысқа алып келді, оның нəтижесі Вестфаль бітімі Герма- нияның бытыраңқылығын бекітті.

XVІ ғасыр бойы абсолютизмнің аймақтық түрі Италия терри- ториясында қалыптасты, бұл жерде ол аймақтық сословиялық мо- нархия мен қала-республикаларының орнына келді. Жəне де айта кететін бір жағдай, бұл жерде Савой герцогтығының құрылымы француз абсолюттік монархиясының түріне жақын болса, Неапо- литан корольдығының жəне Папалық мемлекеттің құрылымы ис- пандық түрге жақын болды. Абсолютизімнің тікелей италияндық варианты Тоскан герцогтығында жəне басқа мемлекеттік-саяси ұйымдарда пайда болды. XVІІІ ғасырдың ортасына дейін, Венеция республикасының мемлекеттік құрылымы өзгеріссіз қалды, себебі таптық базасы негізінен патрициат болып табылғандықтан, қала- лық ақсүйектер мен дворяндардың бір бөлігі абсолюттік түрдегі монархияның қызметін атқарды.



Империяның саяси құрылымының кішірейтілген түрін Шве- цария қайталады. Ол отыз жылдық соғыс нəтижесінде суверенді мемлекет құқығын иеленіп, негізінен ортағасырлық түрдегі саяси ұйымдар бірлестігін құрады. Дегенмен құрамындағы кантондар біршама белсенді экономикалық саясат жүргізді, оның сипаты капитализм дамуының ерте сатысына тəн еді. Орталық еуропалық аймақта XVІ ғасыр барысында негізінен ортағасырлық өкілеттілік монархия сақталды.

Абсолюттік билік көріністері XVІ ғасырдың басында Сканди- навия елдерінде де пайда болды, бірақ олар тұрақты негізге ие болған жоқ. Еуропа үшін түбімен өзгеше саяси даму Нидерлан- дыда пайда болды. Габсбургтер күштеп орнатқан абсолюттік- бюрократиялық жүйе елді Империя құрамына енгізуге бағытталды, абсолютизм институттарының жергілікті өкілеттілік ұйымдармен қатар өмір сүру мəжбүрлігі қақтығыстың ұрығын бойында ұстап отырды. Ол ақыр аяғында феодализмге қарсы бағытталған ұлт- азаттық қозғалысқа ұласты жəне ерте буржуазиялық революция сипатын иеленді, Біріккен Провинциялар Республикасының қалып- тасуымен аяқталып, сувереннің орнын Бас Штаттар алды.

ХV ғасырда Батыс Еуропа мемлекеттерінің көпшілігінде ақша үстем жағдайға ие болды, тауар-ақша қатынастарының дамуының басқа да маңызды нəтижелері көрініс алды. Мысалы, қалалардың дамуы, товар шаруашылығының дамуы, ішкі нарықтың дамуы сая- си күштердің қалыптасуын күрделендірді. Феодалдар тобы ара- сындағы күрес күрделенді, феодалдардың бір бөлігі жаңа жағдай- ларға икемделсе, келесілері өздерін қоғам мүдделеріне қарсы қоюға тырысты. Өз бағыттарын күшейту үшін король билігі бюр- герлермен саяси одақтасты, оның көрінісі ретінде орталықтан- дырылған ұлттық мемлекеттердің қалыптасуын айтуға болады. Бұл

мемлекеттер көбіне сословиялық монархия түрінде болды. Соған қарамастан ортағасырлардың орталықтандырылған монархиясы- ның негізі ретінде орта жəне ұсақ дворяндар болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет