5. Стратегияларды қалыптастыру. Стратегия дегеніміз – СББ-ның мақсаттарға жету жоспары. Стратегия мақсаты – компанияға жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді бәсеклелік артықшылықтарға жету. Дамудың ұзақ мерзімдегі бағыттарын анықтау, экономикалық оқудың түрін таңдау – стратегиялық жоспарлаудың негізі болып табылады.
Маркетинг территорясында маркетингтің әр түрлі стратегиялары бар. Стратегияларды таңдау үшін мынадай үлгілер (модельдер) пайдаланылады: тауар/нарық мүмкіндіктері матрицасы, «БКГ» матрицасы, Портердің стратегиялық моделі және тағы басқалары.
Солардың көмегімен компания өз ммүмкіндіктерін, шығаратын тауарларын, айналысатын қызметін және оларға кететін шығындарды анықтайды. Гарвард бизнес мекиебінің профессоры М. Портердің бәсекелестік стратегиясы бойынша компания өз бәсекелестерінен асып түсу үшін мынадай үш стратегияның бірін қолдануы керек: шығындар бойынша басымдық; шоғырлану және дифференциация.
Достарыңызбен бөлісу: |