Тақырып-12. Маркетингті бақылау және жоспарлау маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары



бет16/29
Дата06.01.2022
өлшемі393,5 Kb.
#12031
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Шоғырлану стратегиясы. Төменгі баға немесе бірегей ұсныныс арқылы фирма нарықтың бір өзгеше сегментін бөліп алады. Шығындарын төмендетіп немесе тұтынушылардың арнайы тобына арналған тауарларды ұсына отырып, фирма бәсекелестерімен салыстырғанда, қызмет көрсету кезінде өзінің айрықша бейнесін көрсетеді.

Портер үлгісіне сәйкес фирманың нарықтағы үлесі мен пайдасының арасындағы тәуелділік «U» тәріздес түрде болады (- сурет). Фирманың нарықтағы үлесі кішігірім болса да, өз күшін нарықтың бір «тауашасына» бағыттап, шоғырландырылған стратегияны әзірлеу арқылы пайда алады. Компания жалпы шығындарының аздығына байланысты немесе дифференциациялық стратегияны қолдану басымдылықтары арқылы арқылы нарықтың үлкен үлесіне ие бола алады.

М. Портердің зерттеудері мынадай қорытындыға әкелді: көздеген тиімділік деңгейіне, ең алдымен, нарық үлесі үлкен, ірі кәсіпорындар немесе маманданған шағын кәсіпорындар жете алады. Егер фирманың ерекше өнімі немесе шығындар бойынша басымдылықтары болмаса, онда ол орта жолда қалып қоюы мүмкін.

6. Бағдарламаны әзірлеу. Стратегия жасалған соң, оны қолдау бағдарламасы әзірленеді. әрбір макетингтік шаралар олардың тиімділін есептеумен нақтыланады.

7. Маркетинг бағдарламасын жүзеге асыру. Маркетингтік мүмкіндіктер шектеулі уақыт аралығында болады, сондықтан тактиканы өз уақытында ауыстырып, маркетинг бағдарламаны мерзімінде жасау қажет.

8. Бақылау. Комания арқылы нәтежиелерді қадағалап, микро, макроортадағы өзгерістерді бақылап тұруы қажет. Ондағы өзгерістер көп болса, онда компания өз мақсаттарын, әрекеттерін, бағдарламалары мен стратегияларын қайта қарастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет