Тақырып-12. Маркетингті бақылау және жоспарлау маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары



бет29/29
Дата06.01.2022
өлшемі393,5 Kb.
#12031
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
маркетинг МК-21

Идеялар маркетингі – бұл негізінен әлеуметтік мақсаттардың насихаты. Мысалы, Қытайдағы отбасын жоспарлау, шылым шегуге, нашақорлыққа, ішімдікке қарсы насихат.

Қазіргі танда Қазақстандағы медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекелестік дамып отыр. Сондықтан да көптеген емханалар маркетингті пайдаланудың қажеттілігін түсіне бастады. Көптеген медициналық мекемелерде қызмет көрсету деңгейі жақсарып, клиенттердің назарын аудару мақсатында жарнамалық науқандар өткізіп отырады.

Коммерциялық емес саланың ерекшеліктері баға белгілеу, тарату, және тұтынушыларға қызмет көрсету сипатына әсер етеді. Қызмет көрсетуші фирмалар өндірістік кәсіпорындар сияқты маркетинг кешенін жасап, қолданулары қажет.

Коммерциялықпен салыстырғанда коммерциялық емес маркетингті басқару қиындау. Біріншіден, көптеген коммерциялық емес ұйымдар идеяларды сатуға немесе адамдардың мінез-құлқын өзгертуге тырысады. Екіншіден коммерциялық сектор қызметіне қарағанда, коммерциялық емес қызметтердің нақтылығы аз және сезілуі қиын. Олар өз ресурстары мен маркетингтік стратегиясын нақты бақылай алмайды.



Коммерциялық қызметпен салыстырғанда, коммерциялық емес қызметтің өткізу стратегиясы тұтынушыларға ғана бағытталып қоймай, өзінің демеушілерін де қамтиды. Коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ діни мекемелер де жарнамалық іс- әрекетпен шұғылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет