Тақырып: Адамның шығу тегі


Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата22.12.2016
өлшемі1,45 Mb.
#227
1   2   3   4   5   6   7

Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі 

Энергетикалық қызметі 

Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. 

Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі 

кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың 

қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа азғалар 

пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл 

биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады. 

Газдық қызметі 

Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі 

ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық 

құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар 

биогенді жолмен пайда болған. Тірі ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттек, 

азот, көмір қышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады. 



Жинақтау қызметі 

Тірі азғалар коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде 

жинайды. Тірі азғалар құрамында болатын элементтердің коршаған ортада 

кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың 

құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. 

элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі 

ағзаларда жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе 

көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі 

екендігі байқалады. 

Тотығу-тотықсыздану қызметі 

Тірі азғалар топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі 

атқарып отырады. Тірі азғалар заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, 

ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т.б.) қалпына келтіреді. 

Кейбір ұсақ азғалар пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т.б.) түзуге де 

қатысады. 



Биохимиялық қызметі 

Тірі ағзалардың биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және 

(өлген ағзалардың) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде 

элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде 

адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға 

зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп 

орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал 

қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты 

мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.

[4]


 

Биосферадағы алғашқы шегіністер 

Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша 5-6 

миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір клеткалы 

қарапайым ағзалардан құрылысы да, түр өзгешілігі де сан алуан өсімдіктер 

мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды. Биосфера тармақ 

жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға асыққан жоқ. 

Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. 

Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар әлемінің 4 миллионынан астам, 

өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлерін сый еткен. Биосферада тіршілік 

пайда болғаннан бері қалыптасқан соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ 

заң ережелері тым қатал еді. Адам өз биосферасына сай қоғам құра 

бастағанына 10 мың жылдай ғана темір мен пайдалы қазбалардың пайдалана 

бастағанына 4-5 мың жыл өтті. Биосфераның шексіз емес, шар тәріздес 

екенінің дәлелдегенінен 5 ғасыр, биосфералық өзгертуге техникалық 

құралдардың пайдалана бастағанына 3-4 ғасырдай, реактивті двигательді 

игергеніне 40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның планетасының көлемін 

алыстан алақанға салып қарағанда үлкен емес екендігі байқалды. Мұндай 

құбылысты тек 1958 жылдан бері қарай біле бастады. Бірінші рет жер бетінен 

ұзап шыққан адамзат баласы бірінші рет Гагарин Космоста «Біздің жеріміз 

қандай әсем» - деп айқайлады. Әрине алыстан сұлу көрінген жеріміз өз 

ортасында тым көркем. Бірақ оның алғашқы көркі қайда ығысып барады? 

Біздің өз қолымыздан өсірген ағаштар мен мал түліктер, тас үйлер мен 

техникалық алыптары қоршағанда біз бұрынғыдай боламыз ба? 

[5]


 

Қосымша 

Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы, негізінен, тірі 

ағзалардың қарекетімен байланысты Жер қабығының (сферасының) бірі. 

Биосфера ұғымы "географиялық қабық" ұғымына жақын. Заттар мен энергия 

алмасуының курделі биохимиялық циклондарымен өзара байланыстағы 

атмосфераның жер беті бөлігін, гидросфераны және литосфераның үстіңгі 

бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы атмосферада 30 км 

биіктікке дейін, төменгі шекарасы құрлықта жер бетінен 4— 5 км терендікте, 

Дүниежүзілік мұхитта ең терең ойыстың түбімен өтеді. В.И. Вернадский 

бойынша биосферада 7 әр түрлі, бірақ өзара байланыстағы зат түрлерін 

бөлуге болады, олар: тірі заттар, биогендік заттар, енжар заттар, биологиялық 

енжар заттар, радиоактивті заттар, шашыранды атомдар, ғарыштық заттар. 

Биосфераның негізгі функциясы — Күн энергиясын фотосинтездейтін 

ағзалардың пайдалануын және бүкіл тіршілік процестерінің динамикасын 

қамтамасыз ететін энергия мен заттардың биологиялық айналысы. Тірі 

азғалар (тірі заттар) мен олардың тіршілік ететін ортасы ғаламдық, аймақтық 

және жергілікті деңгейде динамикалық жүйелер түзе отырып, бірімен-бірі 

өзара тығыз байланыста және өзара орекеттес болады. "Биосфера" терминін 

алғаш австриялық геолог Э. Зюсс енгізді (1875 ж.). 



Биосфералық қорық 

1) Табиғи ортаның антропогендік өзгерістерін аспаптармен және 

биоиндикаторларды бақылау арқылы үнемі тексеру жүргізілетіп 

мониторингтік қорық деп аталатын аумақ. Дүние жүзінде 300-ден 

астам биосфералық қорық бар; 

2) Қоршаған антропогендік ландшафтылардың жергілікті әсеріне, 

сондай-ақ тікелей антропогендік әрекеттерге ұшырамаған, катаң 

қорғалатын, жер аумағы айтарлықтай үлкен табиғи телім.

[6][7]

 

Дереккөздер 



1.

 

Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Мұнай және газ геологиясы танымдық және 



кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. 

Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0 

2.

 

Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-



сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. 

Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл. 

ISBN 9965-34-927-4 

  

 



Тақырып: Генетика және селекция негіздері  

 Генетика және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны  



Генетика' — тірі организмдердің тұкым қуалаушылық және өзгергіштік 

қасиетін зерттейтін ғылым. Тұкым куалаушылык және өзгергіштік бұл 

барлық тірі организмдерге тән касиет. 

Адам баласы ерте кезден үй жануарлары мен өсімдіктердің түрлерін көбейту 

мақсатында будандастыру жүргізген. Олар бір түрге жататын мал 

тұқымдарын, өсімдік сорттарын жөне бір-бірінен ерекше белгілері бар 

дақылдарды таңдап алып, будандастырып отырған. Алынған ұрпакты ата-

анасымен салыстыру нәтижесінде белгілері мен ерекше қасиеттерінің тұқым 

қуалау ерекшелігін байқаған. Адамдарды тұқым куалаушылықтың үш касиеті 

қызықтырған: 

бірінші — ата-ана белгілері мен ұрпақ белгілерінің ұқсас болуы; 

екінші — ұрпақ белгілерінің ата-ана белгілерінен өзгеше болуы; 

үшінші — кейбір ұрпақтарда арғы ата-баба қасиеттерінің кайталануы. 


Біздің заманымызға дейінгі I ғасырда Рим философы Лукреций кейде балалар 

өздерінің ата-әжелеріне ұқсас болатынын байқаған, ал жүз жыл өткен соң, 

Плиний дені сау ата-анадан кемтар бала дүниеге келе тінін, кемтар ата-

анадан сау немесе дәл ата-анасындай кемтар бала туатынын жазған. 



Тұқым қуалаушылық  

Тұқым қуалаушылық деп организмдердің өз белгілері мен қасиеттерінің 

ұрпағында қайталанып көрінуін айтады. 

Өзгергіштік организмдер[  

Өзгергіштік организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы. Тірі 

организмдердің бұл екі қасиетін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. 

Оларсыз эволюция жоқ. Өзгергіштік эволюция процесін үздіксіз 

материалмен қамтамасыз етсе, ал тұқым қуалаушылық оның нәтижесін 

қалыптастырып отырады. Өзгергіштік бір түр ішіндегі дараның өзара 

айырмашылықтарын көрсетсе, ал тұқым қуалаушылық сол белгілердің 

ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Өсімдіктер мен жануарлардың 

сан алуан түрлері және олардың тіршілік ортасына бейімделуі осы тұқым 

қуалаушылық пен өзгергіштіктің нәтижесінде қалыптасады. Өзгертиптік — 

бұл әртүрлілік. Жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңдай, жануарлардың 1,5 

миллиондай, микроорганизмдердің 3 мыңдай түрлері бар екені белгілі. 

Қазақстанда өсімдіктердің 6 мыңдай түрі бар. Мөдени өсімдіктердің түрлері 

210-нан асады. Әр түрге жататын организмдер өздеріне тән белгілер мен 

қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа беріп, өз ерекшеліктерін сақтап отырады. 

Генетика ғылымының даму кезендері  

Ерте заманнан-ақ адам саналы түрде қолдан будандастыру тәсілін қолданып, 

өсімдіктер мен жануарлардың жабайы түрлерінен қазіргі мәдени түрлерін 

шығарды. Сол уакыттың өзінде бір егістік алаңға екі түрге жататын 

дақылдардың тұқымдарын егуге болмайтынын білген. Сондай-ақ асыл 

тұқымды малдарды шыққан тегі белгісіз малдармен будандастырмаған. 

Генетиканың даму тарихын зерттеушілер үш кезеңге бөледі. 

Бірінші кезең — 1900—1910 жылға дейін. 

Екінші кезең — 1911—1953 жылға дейін. 

Үшінші кезең — 1953 жылдан казірге дейін. 

Генетика ғылымы даму тарихының баска биология ғылымдарының 

дамуымен салыстырғанда өз ерекшелігі бар. Бұл ғылымның негізгі заңдарын 

ашқан физика пәнінің мұғалімі Брно (Чехословакия) қаласындағы Августин 


шіркеуінің қызметкері чех Иоганн Грегор Мендель болды. Мендель өзінің 8 

жыл бойы жүргізген тәжірибелерінің нәтижелерін, Брно қаласындағы 

табиғатты зерттеушілер коғамының отырысында баяндады, ол еңбегі осы 

коғамның ғылыми хаттарында 1865 жылы басылып шықты. Бұл еңбегінде 

белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайтынын, будан ұрпақта гаметалар 

өз тазалығын сақтайтынын, бір белгілердің екінші белгілерден басымдылық 

көрсететінін жөне олардың ажырауын көрсеткен. 

Бірінші кезең[  

1865—1900 жылдар аралығында Мендельдің жұмысына неміс ғалымы Ф. 

Фокк және Ресей ғалымы Шмальгаузен өз еңбектерінде сілтеме 

жасағанымен, оның маңызына толық мән бермеді. Ал 1900 жылы үш елдің 

ғалымдары: Германияда Карл Корренс, Австрияда Эрих Чермак, 

Голландияда Гуго де Фриз бір-біріне байланыссыз, тәуелсіз әр түрге жататын 

өсімдіктерді шағылыстыру барысында Г.Мендельдің бұршақ өсімдігіне 

жүргізген тәжірибелерінің нәтижесін қайталайды. Г. Мендельдің заңдарының 

қайтадан ашылуы, тұқым куалаушылық және өзгергіштік бағытындағы 

зерттеулердің қарқынын күшейтті. Биологияның жаңа саласы генетика 

ғылымының пайда болуына әсерін тигізді. Сондықтан 1900 жыл генетика 

ғылымының туған жылы болып саналады. 

1901 жылы Голландия ғалымы Гуго де Фриз өсімдіктерде жүргізген 

тәжірибелері бойынша тұқым қуалайтын өзгергіштікті түсіндіретін 

мутациялық теория ұсынды. 1903 жылы дат ғалымы В. Иогансен Мендельдің 

жұмысын негізге ала отырып, популяциялар және таза сорттармақ (линия) 

туралы теория жасады. Популяцияларда тұқым қуалайтын белгілердің 

ұрпаққа берілу заңдылықтарын ашып, оның эволюция мен селекция үшін 

маңызын көрсетті. Генетика ғылымына "ген", "генотип" жөне "фенотип" 

деген ұғымдарды енгізді. 

1903—1904 жылдары америкалық ғалым У.Сэттон және неміс ғалымы 

Т.Бовери белгілердің ұрпаққа берілуінде хромосоманың рөлін көрсетті. Бұл 

теория цитология ғылымының дамуына әсерін тигізді. "Генетика" деген 

терминді алғаш рет 1906 жылы ағылшын ғалымы У.Бэтсон ұсынды. 



Екінші кезең  

Екінші кезең америкалық генетик Т. Морганның тұқым қуалаудың 

хромосомалық теориясын жасауынан басталады. Бұл теорияға У.Сэттон мен 

Т. Боверидің тәжірибелері негіз болды. Т. Морган хромосомалық 

теориясында тұқым қуалайтын гендер хромосомада тізбектеле орналасады 

деп тұжырымдайды. Гендердің тіркес тобының саны, сол түрдің хромосома 

жиынтығының гаплоидтік санына тең болады. Бір тіркесу тобындағы гендер, 

айқасу құбылысының нәтижесінде өзгереді. Айқасу мөлшері хромосомада 



орналасқан гендердің аракашықтығын көрсететіні тәжірибелер жүзінде 

дәлелденіп, анықталды. Бұл тәжірибелер дрозофила шыбынына жүргізілді. 

Осындай зерттеу жұмыстары жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлеріне 

жүргізіле бастады. Жасуша ядросында орналасқан хромосомалардың 

құрылысын зерттеу нәтижесінде, олардың тұқым қуалаудағы рөлі белгілі 

болды. Белгілердің тұкым қуалау барысында өзгерістерге мутацияға 

ұшырауы ішкі және сырткы факторлардың хромосомаға әсер етуінен екендігі 

анықталды. 

XX ғасырдың 20—30-жылдары Ресейдің ұлы ғалымы Н.И. Вавилов тұқым 

қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын қалыптастырды. Бұл 

заң бір-біріне жақын тұрған, шығу тегі бір жануарлар мен өсімдік түрлерінде 

тұқым қуалау өзгергіштігі ұқсас болып келетінін дәлелдеді. А. Серебровский 

және Н. Дубинин бірінші рет геннің бөлінетіндігін, оның құрылысының 

күрделі екенін дәлелдеп, гендік теория құрды. Ген дегеніміздің белгілі бір 

белгіні анықтайтын хромосоманың бөлігі екені анықталды. 

Үшінші кезең  

Генетиканың даму тарихының келесі үшінші кезеңі тұқым қуалаушылықтың 

материалдық негізін молекулалық және субмолекулалық зерттеуден 

басталады. 1953 жылы америкалық ғалым Дж. Уотсон және ағылшын физигі 

Ф.Крик хромосомаларды құрайтын дезоксирибонуклеин қышкылы (ДНҚ) 

молекуласының кұрылысын анықтады. Оның тұқым қуалауда басты қызмет 

атқаратынын дәлелдеді. 1957 жылы америкалық ғалым Корнберг табиғи 

вирустың толық касиеті бар вирус бөлшегін қолдан жасады. 1958 жылы 

лабораториялық жағдайда ДНҚ құрылымы синтезделді. 

1961—1962 жылдары америкалық ғалымдар М. Ниренберг, Г. Маттеи, 

С.Очоа жөне Ф. Крик тұқым қуалаудың кодын тауып, нәруыз молекуласын 

құрайтын 20 амин қышқылының нуклеотидті триплеттерінің құрамын 

анықтады. Осы жылдары француз ғалымдары Ф. Жакоб жәнө Ж. Моно 

нәруыз синтезінің реттелуі негізінде ферменттер синтезінің генетикалык 

бакылау механизмінің үлгісін көрсетті. Ал 1969 жылы үнді ғалымы Г. Корана 

ашытқы саңырауқұлақтың жасушасынан генді синтездеді. Бұдан кейін ген 

организмнен тыс, химиялық жолмен алынды. Сөйтіп, генетика ғылымының 

жаңа бір саласы — молекулалық генетика пайда болды. Бұрынғы КСРО-да 

генетика ғылымы даму тарихының тоқырау кезеңі. 1948—1964 жылдар 

аралығын генетика ғылымы дамуының қиын кезеңі деп санауға болады. 1948 

жылы Ленин атындағы Бүкіл-одақтық ауыл шаруашылығы академиясының 

сессиясынан кейін, КСРО-да теориялық іргелі ғылыми зерттеулер 

тоқтатылды. Академик Т.Лысенко және оны жақтаушылар Дарвин ілімінің 

кейбір қағидаларына қарсы болды. Олар Г.Мендель мен Т.Морганның тұқым 

қуалау заңдылықтарын жоққа шығарды. Бұл генетика ғылымының дамуын 


тежеп қоймай, басқа да цитология, молекулалық биология ғылымдарына кері 

әсерін тигізді. Осы кезеңде ғылыми-зерттеу институттары жабылып, 

ғалымдар таратылды. Университеттер мен институттарда генетика пәні 

оқытылмады. Тек 1964 жылғы Орталық партия комитетінің пленумы 

қаулысынан кейін, генетика ғылымы қайтадан дами бастады. 

1.

 



Генетика — тірі организмдердің (микробтан бастап адамға дейін) 

тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым. 

2.

 

Организмдер белгілерінің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі



 ерте заманда белгілі 

болған. 


3.

 

Ғалымдар генетика ғылымының дамуын үш кезеңге бөледі. 



4.

 

1948—1964 жылдар аралығында бұрынғы КСРО-да генетикадан іргелі 



ғылыми зерттеулер тоқтатылып, пән ретінде оқытылмады.

 

 



    

 

 



Тақырып:  Жануарлар селекцияса 

 

қолданылады: туыстық, туыстық емес және алыстан будандастыру. 



Туыстық будандастыруда бастапқы форма ретінде бір-біріне туыстығы 

жақын жануарлар немесе ата-анасы мен ұрпағы алынады. 

Будандастырудың мұндай түрі организмнің бойындағы кейбір 

рецессивті гендер арқылы анықталатын белгі-қасиеттерді 

гомомзиготалы жағдайға келтіру үшін қолданылады. Рецессивті 

гендердің әсері гетерозиготалы жағдайда білінбейтіндігі Мендель 

заңдарына байланысты екенін білесіңдер. Ал жақын туыс жануарлардың 

гендері құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Сондықтан олардың 

ұрпағы көбінесе гомозиготалы жағдайда болады. 

 

 



  Сонымен туыстық будандастыру селекцияда рецессивті гендер 

арқылыанықталатын шаруашылық жағынан тиімді белгі-қасиеттерді 

тұрақтандыру үшін қолданылады. 

Алыстан будандастыру. Алыстан будандастыру әдісі тек өсімдіктерде 

ғана емес,жануарлар селекциясында да қолданыады. Жануарларда да 

өсімдіктерде-гідей түраралық будандар көбінесе ұрпақсыз болады. 

Мұндай жағдайда,олар-дың ұрпақ беру қабілетін қалпына келтіру өте 

күрделі. Себебі жануарларда хромосома санын екі еселеу арқылы 

полиплоидтерді алу мүмкін емес. Алайда,алыстан будандастыру арқылы 

алынған будандардың ұрпақсыз болсада шаруашылықтық маңызы бар. 

Мысалы,бие мен есекті будандастыру арқылы алынған қашырды адам 

баласы ертеден пайдаланып келеді. 



Кейбір түраралық будандастырулардан алынатын будан ұрпақ өсімтал 

келеді. Мұндай жағдайда олар үй жануарларының жаңа түрлерін 

шығару үшін,яғни селекциялық мақсатта қолданылады. 

Алыстан будандастыру әдістің қолданудың нәтижесінде көптеген 

жетістіктерге қол жетті. Соның бірі,мысалы,қазақстандық ғалымдар: 

Н.С.Бутарин,Ә.Есенжолв және А.Жандеркиндер биязы жүнді қойларды 

жабайы арқармен будандастырырып,арқар-меринос тұқымын шығарды. 

Мұндай қойлар биік таулы аймақтардағы жайылымдарда 

жайылып,тіршілік етуге бейім келеді. Ондай қасетті олар-арқардан,ал 

жүнінің биязылығын енесінен-биязы жүнді қойдан тұқым қуалап алған. 

Қодас пен мүйізді ірі қараны будандастыру бойынша да селекциялық 

жұмыстар жүргізілуде. Қодас-биік таулы жерлерде өсетін үй жануары. 

Негізінен күш көлігі ретінде пайдалынылады. Еті қатты,сүті аз,бірақ 

майлы болып келеді. Мүйізді ірі қара мен қодастың арсынан шыққан 

будандарда, гетерозиске байланысты еті мен сүтінің сапасы қодасқа 

қарағанда артық болып шыққан. 

Қазақстан селекционерлерінің қол жеткен табыстары. Жоғарыда аталған 

әдістерді қолдана отырып,қазақстандық 

ғалымдар:М.Ә.Ермеков,В.А.Бальмонт, 

Ә.Е.Еламанов,Д.Н.Пак,Б.М.Мусин,Н.З.Ғалиакберов,И.Н.Попов,Қ.Ү.Мед

еубеков және т.б. ауыл шаруашылық жануарларының көптеген жаңа 

тұқымдарын шығарды. Енді солардың кейбіреулеріне тоқталайық. 

В.А.Бальмонттың басшылығымен елімізде алғашқы етті-жүнді 

бағыттағы қой тұқымы-қазақтың биязы жүнді қойы шығарылды. Ол-

жүнді көп беретін әрі өсімтал тұқым. 

Ә.Е.Еламанов,Қ.Ү.Медеубеков және т.б. ғалымдардың қатысуымен 

Қазақстанның солтүстік аймақтарының қатаң табиғат жағдайына 

төзімді,биязы жүнді қойдың жаңа тұқымы-Солтүстік Қазақстан 

мериносы шығарылды. Ол Бесқарағай және Сұлукөл қойы деп екі типке 

бөлінеді. Бұлар-еліміздегі жүнді-етті бағыттағы қой тұқымдарының 

таңдаулыларының бірі. 

Еділбай қойы-халықтың селекция жолымен алынған,қылшық 

жүнді,құйрық-ты қазақы қой тұқымының түрі. Ет-май өндіру бағытында 

өсіріледі. 

Б.М.Мусин,Н.З.Ғалиакберов және т.б. ғалымдар шығарған сиырдың етті 

тұқымы-қазақтың ақбас сиыры республикамызда көп тараған. 

Д.Н.Пактың басшылығымен Алатау сиыры шығарылды. Сүтті мол 

беретін ірі қараның жаңа тұқымдарынаң қатарына қазақстандық 

селекционерлер шығарған еліміздің солтүстік аймақтарында өсірілетін-

қырдың қызыл сиыры мен оңтүстік аймақтардағы-әулиеата сиырлары да 

жатады. 


Сонымен қатар Қазақстан селекционерлері шығарған жылқы тұқымдары 

да бар. Олар шөлейтті аймаққа бейімделген,етті-сүтті бағыттағы-көшім 

жылқысы мен желісті-қостанай жылқысы. 

Республикамыздың ғылыми-зерттеу мекемелерінде мал тұқымын 

асылданды-рудың жаңа әдістері де ойластырылған. Мысалы,академик 

Ф.М.Мұханбетқа-лиевтің басшылығымен Эксперименттік биология 

институтында дүние жүзі бойынша алғаш рет трансплантация әдісімен 

қозы алынды. Оның мәнісі-ұрық-танған жұмыртқа жасушасы басқа 

аналық организмге апарып салынады да содан ұрпақ дамиды. 

Мысалы,аустралияның биязы жүнді қойының ұрығымен біздің 

жергілікті қойдың аналығын ұрықтандырып,содан қозы алынды. Бұл 

әдіс мал тұқымын асылдандырудың жолдарын жеңілдетеді. 

Трансплантация әдісі-қазіргі уақытта мал шарушылығында кеңінен 

қолданы-лады. 



Тақырып:  Жасушаның құрылысы 

 

Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, 

құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша 

өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен 

саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және 

саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың 

тіршілігі жасушасыз формада өтеді. «Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын 

жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан 

зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Жасушаның диаметрі 0,1 – 

0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. 

Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. 

Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 

Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. 

Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген 

биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан 

тұрады. Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма 

құрамындағыларды – 

 

рибосома, 



 

митохондрия, 

 

эндоплазмалық тор, 



 

Гольджи кешені, 

 

лизосома, 



 

клеткалық мембрана деп атайды. 



Рибосома Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп 

қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан 

түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Жасушасында кездеседі. 

Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро 

және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, 


липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және 

минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз 

ететін органоид. 

Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға 

дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. 

Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын 

организмдерде митохондрия болмайды. 

Ядро – организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді 

ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі. 

Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және 

түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік заттарды 

тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы 

заттарды залалсыздандыруға қатысады. 



Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 

«цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда 

өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Жасуша 

лизосомаларының түзілуіне қатысады. 

Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері 

(протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. 

Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) 

көмегімен Жасуша ішіндегі ас қорытуға және Жасуша құрамындағы жарамсыз 

құрылымдарды ыдыратуға қатысады. 

Жасушалық мембрана – Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Жасуша 

қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 

нм. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат 

алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен 

рөл атқарады. Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ 

өсімдік Жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Жасушасына қарағанда 

біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі 

полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. 

Микрожіпшелер өсімдік Жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп 

өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Жасуша қабықшасын (целлюлозадан) 

түзеді. Өсімдік Жасушаның целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді 

сіңіріп, қатаяды да Жасуша қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Жасушасының 

цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт 

бар.

[1]


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет