тақырып "Бухгалтерлік есептің қалыптасу тарихы" Екі жақты жазу жүйесінің пайда болуы


Есептің автоматтандырылған нысаны



бет11/12
Дата28.10.2022
өлшемі94,91 Kb.
#45946
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Бух есеп негіздері дәрістер

Есептің автоматтандырылған нысаны
Есептің автоматтандырылған нысаны /бухгалтерлік есепті компьютерде жүргізу/ жоғарыда аталған кемшіліктерден ада.
Есептің қарапайым түрі
Есептің қарапайым түрі – шағын кәсіпкерлікке арналған және есебіне тек қана екі тіркеме қатысады: шаруашылық операциясының есебін жүргізетін кітап /жинамалы есептің тіркемесі/ және объектілерді тізім есебіне алатын /НҚ, ТМҚ/ талдамалы есептің есеп тіркемелері. Кітап пен тізімнің мәліметтері баланс және есептілікті салуға пайдаланылады.
Бухгалтерлік есептің нысанын таңдау субъектінің ырқында.


3. Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің күмәнсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін субъектілер кемінде жылына бір рет мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізуі тиіс, түгендеу барысында олардың бар жағы, жағдай мен бағасы тексеріліп, құжатпен расталады. Шаруашылық іс-әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметерімен ТМҚ нақты қолда бары арасында айырмашылық туындауы мүмкін:
* табиғи себептерге байланысты /кеуіп, құрғап кету, сусымалы тауарлардың тасымалдау және сақтау кезіндегі салмағының азаюы, ұнтақталу т.б./;
* құралдарды қабылдаған немесе босату кезіндегі жетіспеушілік /қате есептеу, салмақ кемдігі/;
* есептеу кезіндегі қателіктер- арифметикалық қателіктер, құжаттық мәліметтерді қате көрсету;
* ұрлық, қымқыру, кем өлшеу- материалдық құндылықтарды қабылдау мен есептеу кезіндегі, ақша және басқадай заттарды беру кезінде кем беру, есептеу, сондай-ақ құралдарды тікелей сіңіріп кету.
Айырмашылықтарды құралдардың нақты қалдықтары мен бухгалтерлік есеп мәліметтерін салыстыру негізінде түгендеу жолымен анықталады.
Түгендеу өткізу тәртібі мен мерзімдерін субъект басшысы № 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлік есеп стандарттарына және оған ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі департаментінің 1998 ж. 6 наурыздағы «Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізудің тәртібі туралы» 47 бұйрығымен бекітіліп, түгендеу айырмашылықтарын реттеу және түгендеу қорытындыларын рәсімдеу тәртібі белгіленген. ХҚЕС-да қаржылық есептілікті объективті ұсынудың жалпы принципі белгіленіледі.
Мынандай түгендеулер болады:
1. Толық. Түгендеу мынандай мерзімдерде өткізілуі мүмкін:
* НҚ –кемінде жылына бір рет /1.11. ерте емес/;
* Жылжымайтын объектілір- 2,3 жылда бір рет;
* күрделі қаржы –жылына бір рет /1.12. ерте емес/;
* аяқталмаған өндіріске- 1 қаңтарға қарай;
* күрделі жөндеудің, алдағы кезеңдердің шығындарын- тоқсанында бір реттен кем емес;
* мұнай өнімдерін – айына бір рет кем емес;
* банкпен есеп айырысуларды- жеке шоттары бойынша көшірме алу шарасына орай;
* қаржылық органдармен есептесулерді- тоқсан сайын;
* ақшалай қаражат пен қатаң есептегі құжаттарды айына бір реттен кем емес;
* балансаралық есептер /еншілестерімен, тәуелділермен, заңды тұлғалармен бірлесіп бақыланатындармен/- әрбір айдың бірінші күнінде;
* басқадай дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуларды – жылына екі рет;
* баланстық баптарын- келесі есепті жылдың 1 қаңтарына.
2. Жекелеген. Қаражаттардың бір түрін /кассадағы ақшалай қаражат/ қамтиды. Жыл бойы материалдық-құндылықтарды сақтау мақсатымен жүйелі түрде жүргізіледі.
3. Жоспарлы. Жоспар бойынша белгіленген мерзімде өткізіледі.
4. Жоспардан тыс- стихиялық апаттан кейін.
Түгендеуді тікелей өткізу үшін субъекті басшысының бұйрығымен құрамында комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері /мамандар мен бухгалтерия қызметкерлері/ бар жұмысшы комиссиясы құрылады.
Түгендеуді материалды – жауапты тұлғалар ауысқанда, аудиторлық тексерулерде тергеу органдарының талаптары бойынша және тағы басқа жағдайларда өткізеді.
Түгендеу қорытындылары /артық, кем шығу, қайта сұрыптау/ түгендеу қорытындыларының салыстыру ведомосіне жазылады. Оларға тек есептілік мәліметтерден ауытқуы анықталған құндылықтар ғана кіреді.
Орталық түгендеу комиссиясы салыстыру ведомосін жасаудың дұрыстығын тексеруі тиіс және түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кеш емес мерзімде субъект басшысы бекіткен хаттамада өзінің шешімін айқындап жазып қояды.
Артық шықан НҚ, ТМҚ ақшалай қаражаттар кіріске алынуға тиісті. Құндылықтардың белгіленген шекте жетпей қалуы шығындарға жатқызылып, есептен шығарылады.
ТМҚ табиғи кему нормасынан артып, кем шығуын сондай-ақ құнды затты бүлдіру салдарынан жоғалтуды кінәлі адамдар есебіне жатқызады. Түгендеу кезінде айқындалған мүліктің шын мәнінде қолда барының бухгалтерлік мәліметтерімен айырмашылығы былайша танылады:
* артық шығу- кіріс болып және негізгі емес қызметтен түскен табыс ретінде кіріске алынуға тиіс;
* кем шығу –шығындар;
* нақты санының жетпеуі мен табиғи кему нормасы шегіне бүлінуі ҚР СК 92-бабының 2 тармағына сәйкес шығындарына жатқызылады;
* мүлік санының жетпеуі мен оның нормадан тыс бүлінуі кінәлі адамдар есебіне жатқызылады. Егер кінәлі адамдар айқындалмаса және сот өндіріп алуға қарсылық білдірсе, материалдық қорлардың жетпей қалуы мен бүлінуін субъект шығындарға жатқызады.
Табиғи кему нормалары азық-түлік тауарлары мен шыны ыдыстарға ғана қатысты болғандықтан, табиғи кему нормалары жоқ субъектілер оларды жоғалту ретінде қарастыруы керек, олар кінәлі адамдар табылмаса немесе сот олардан шығынды өндіріп алуға қарсылық білдірсе олар шығындар есебіне жатқызылады және де олар субъектінің таза пайдасы есебінен жабылса, мұндайда салық мақсаттары үшін шегерімге жатқызылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет