тақырып "Бухгалтерлік есептің қалыптасу тарихы" Екі жақты жазу жүйесінің пайда болуы



бет10/12
Дата28.10.2022
өлшемі94,91 Kb.
#45946
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2 Бухгалтерлік есептің нысандары


Есептік тіркемелер
Мүліктер мен олардың пайда болу көздері туралы деректерді экономикалық топтастыруға сәйкес құрылған, белгілі нысандағы кестені есеп тіркемелері (регистр) деп аталады. Есептік тіркелімдер кітап, журнал, ведомость, карточка, жекелеген парақ және т.б. түрде жүргізіледі. Жинақтамалы шоттар бойынша жазулар журнал-ордерлерде және Бас кітапта, ал талдамалы шоттар бойынша кітаптарда, карточкаларда жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің нысаны дегеніміз шаруашылық операцияларын тиісті жазу әдістерімен белгілі бір кезектілікпен топтастыруға, көрсетуге арналған есептілік тіркелімдердің жиыны.
Мемориалды- ордерлік нысан
Мемориалды- ордерлік нысан бастапқы және жинақтаушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операциялық жазбалар тіркеу журналында жүргізіледі, одан Бас кітапқа түседі. талдамалы есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Жинамалы және талдамалы шоттар бойынша ай соңында айналым тізімін жасап, бір- бірімен салыстырылады. Бухгалтерлік есептің мемориалды ордерлік нысанында кәсіпорынның бухгалтерлік балансы жинақтамалы шоттар бойынша жасалған айналым ведомосінің негізінде жасалады.
Журнал -ордер формасы
Журнал -ордер формасы дегеніміз- едеуір деректемелері бар бос парақтар. Белгілі бір жинақтамалы шот және шоттар тобына ашылады. Мәліметтер күн сайын ай бойына бастапқы құжаттардан жинақталады. Ай соңында жинағы есептеліп, Бас кітапқа көшіріледі. Бас кітапта жазылған жазулардың дұрыстығын тексеру бухгалтерлік есептің барлық шоттары бойынша айналым сомалары мен сальдолардың сомаларын есептеу жолымен жүзеге асырылады. Дебеттік және кредиттік айналымның сомалары, сондай-ақ дебеттік және кредиттік сальдолардың сомалары тиісінше тең болуға тиіс. Бас кітапты, кредиттелетін шоттар бойынша шоттар дебетін бухгалтерлік корреспонденция тәртібімен көрсету арқылы журнал-ордерлерді пайдалану операцияларды экономикалық топтастыруға және осы операциялар туралы жазулар санын шектеуге мүмкіндік береді. Бас кітап негізінде баланс пен есептілік толтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет