3. Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы Тауар- ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы Тауар айналысы деп ақша арқылы жүзеге асатын тауар айырбасын (Т-А-Т) айтады. Түсінікті болғандай, тауар айналысы ақша айналысымен байланысты және ол дамыған ақша жүйесінің болуын талап етеді. Алайда, көптеген жүздеген жылдар бойы тауар айналысы кездейсоқ, сирек құбылыс ретінде болды. Тек нарық жүйесі қалыптасқан соң ғана, ол жалпылама сипатқа ие болды.
Нарық қоғамдық еңбек бөлінісі мен шаруашылықты жүргізу субъектілерінің өзара оқшаулауына негізделген тауар өндірісінің табиғи-тарихи даму процесінің нәтижиесі болып табылады.
Нарық деп алғашқыда адамдар тауарлар мен қызмет көрсетулерді өзара айырбастайтын жерлерді атаған, бұлар әдетте қала ортасындағы алаңдар болды.
Тауар өндірісінің дамуына қарай нарық дамып және ол туралы түсініктер күрделене түсті. Осыған орай, экономикалық әдебиеттерде нарыққа сан- қилы анықтамалар беріледі.
Бір бөлігі нарықты үстірт қараудың негізінде жоғарыдағы алғашқы адамдар түсінігінен көп ұзай алмай ұйымдастырылмаған у- шуы көп кәдімгі базармен теңейді. Енді бір бөлігі, нарықты «керемет күш» деп, экономикалық өмірде болып жатқан олқылықтар мен қайшылықты тез арада жоятын «күш» дейді.
Бұл екі қарама- қайшы анықтамалардың өмір сүруі нарықтық қатынастың методологиялық негізіне терең үңілмей, оны жаңа құбылыс ретінде қарауларында.
Сатып алу- сату тұрғысынан қарастырғанда нарық деп сұраныс пен ұсыныстың, өндірушілер мен тұтынушылардың өзара әрекеттесу сферасын айтады.
Экономиканы ұйымдастыру тұрғысынан қарастырғанда нарық деп шаруашылықты жүргізу субъектілері арасындағы байланыстардың қоғамдық формасын айтады.
4. Ақшаның пайда болуы, мәні және атқаратын қызметі Құнның мөлшері ақшалай көрініс табады. Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ол тауарлы өндірістің дамуының бірден-бір шарты болып табылады. Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасында белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін экономикалық категория және де абсолютті икемді айырбас құралы болып табылады. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Ақшаның үш түрі бар: тиындар, қағаз ақшалар және электронды немесе кредиттік ақшалар. Тиын- бұлар ерекше нысандағы, металл құймасы, салмағы, белгісі бар, нағыз ақшалар. Бұлар толық бағалы ақшалар. Қағаз және кредиттік ақшаларды толық бағалы емес ақша деп атайды. Оларға сондай- ақ, күміс және мыс ақшаны да қосады.
Монета деп өзіне тән формасы бар және айрықша қоспадан жасалған құйма металды айтады. Алғашқы монеталар б.д.д. 3 ғасырда Римде Юнона-Монета храмында басылып шыққан. Қағаз ақшалар алғашқы рет Қытайда 12 ғасырда жасалып шығарылады, ал Ресейде 769жылы Екатерина ІІ кезінде жасалды. Қазіргі таңда несие ақшалары қолданылады, өйткені олар өте тиімді әрі икемді.
Ақшаның алғашқы рөлін екі металл атқарды: алтын мен күміс. Бұл биметаллизм дәуірі болатын. Монометаллизм кезінде ақша материалды ретінде тек алтын пайдаланылды. 1923-1933ж. әлемдік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуіріне тұсау салды. Ұсақталмайтын ақша жүйесінің қалыптасуы басталды. Оның айыру белгілері:
кредиттік ақшаның үстем болуы;
алтынды монетаризациялаудан алу, яғни, оның айналымнан шығуы;
банкноттарды алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың құрамында алтынның болуын алып тастау;
жеке кәсіпкерлік пен мемлекетті кредиттеу мақсатында ақшаның эмиссиясын (ақша шығару) күшейту.
Ақшаның атқаратын қызметтері: Құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.
Айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма - қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық қызмет атқарады. (тауар – ақша-тауар)
Төлем құралы. Бұл қызмет тауарды несиеге сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жалақыны және т.б. төлемдерді атқарады.
Қорлану немесе қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және келешекте ұзақ мерзім пайдаланатын тауарларды сатып алу үшін қорланады.
Әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:
Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).
Пайдалануға өте ыңғайлы
Мүлтіксіз сақталынуы
Ақша және тауар мөлшері тепе- теңдікте болуы шарт. Егер біріншісінің шамасы көбейіп кетсе құнсызданады, инфляцияға қызмет етеді. Белгілі бір елдің айналыстағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кету салдарынан оның құнсыздануын- инфляция дейміз. Ол тауарлардың бағасын шамадан тыс көтеріп жібереді.
Ақша реформалары:
1) Нуллификация – бұл мемлекеттің құнсызданған қағаз ақшаны жарамсыз, деп айналымнан шығарылуы туралы жарлығы;
2) Девальвация – бұл шетел валютасына қатысты ұлттық валюта курсын төмендету;
3) Ревальвация – бұл ұлттық валюта курсын шетел валютасына қарай көтеру;
4) Деноминация – ескі ақша белгілерін ірілендіру арқылы жаңа ақшаға айырбастау.