Тауарөндірісі деп - өнімдер сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.
Тауар өндірісінің пайда болуының себептері:
қоғамдық еңбек бөлінісі яғни, өндірушілердің белгілі- бір өнімдерді өндіруге мамандануы;
меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір- бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.
2. Еркін бәсекенің тауар шаруашылығы мен нарықты ұйымдастыру Ол алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде, яғни жеке меншік орнағаннан соң пайда болды. Тауар өдірісінің даму кезеңдері айырбастың, нарықтың дамуымен тығыз байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері бар: дамымаған, еркін, реттелетін, бұзылған.
Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше моделдері қалыптасады.
1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) – қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі– құрал- жабдықтарына жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде өндірілген өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтан да ол бүкіл экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпыламы сипаты болмайды.
2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісінің (нарық экономикасы) - өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар:
адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбек алмастырады;
қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа және сатуға арналады.
Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтанда оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализім немесе «еркін экономика» деп атайды. Мемлекет шаруашылық өміріне араласпайды, сол себептен оны «таза капитализм» деп атайды. Шаруашылық қызметтерін үйлестіруде нарықтармен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын, тауар өндірісінің мұндай типін рыноктық (капиталистік) экономика деп атайды. Машиналы өндірістің дүниеге келуімен нарық экономикасында қалыптасты.
3. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі– экономикада екі сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктермен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде, айырбастау мен тұтынуда және жеке секторларының үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Мемлекет нарықты экономикаға беделді араласады, бірақ рыноктың реттеушілік ролін, оның «көрінбейтін қолы» принципін сақтайды. Реттелетін нарық экономиканы монополияландыру барысында қалыптасады, бұл кезде үкіметтің алдында бір ғана мәселе – монополияны тежеу міндеті тұрады. Мемлекеттік ретеудің негізгі түрлері – заңдар шығару, салық салу, қаржы арқылы жүзеге асырылады. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісінің бірнеше модельдері бар.
Олар мемлекеттік бағдарламаларының нысаналы мақсаттары бойынша бір-бірінен ерекшелігі бар. Әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың басты мақсаты– азаматтардың мүделерін қорғау; аралас экономиканың мақсаты– кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар туғызу; ал корпоративтік экономиканың мақсаты– ірі бизнестің мүдделерін қорғау болып табылады. Бірінші үлгі– Германияға, екіншісі– АҚШ-қа, үшіншісі– Жапония мен Швецияға тән.
4. Бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісіне - әміршіл -әкімшіл экономикалық жүйеге тән белгілер жатады: жетілген қоғамдық еңбек бөлнісінің жүйесі, ірі машиналы өндіріс, ұлттық экономиканы ұдайы және үздіксіз реттеу, еркін нарықты қатынастарға тосқауылдар қою. Әкімшіл- әміршіл экономика – жоспарлы дерективалық және нормативтік болып екі үлгіге бөлінеді.
Тауар өндірісінің өзекті категориясы- тауар болып табылады. Оның мәнін әр түрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық:
1. Маркстік теорияда, тауар– зат, біріншіден адам қажетін өтеу үшін, екіншіден– сату үшін өндірген, бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:
а) тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;
ә) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады;
б) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.
Тауардың екі қасиеті бар: 1.тұтыну құны. Тауардың тұтыну құны дегеніміз тауардың адам қажетін қатағаттандыра алатын мүмкіншілігі.
2. айырбас құны– бір тауардың екінші бір тауарға айырбасталу мүмкіншілігі. Тауардың пайдалығы, адамның белгілі бір нақтылы қажетін қанағаттандыру қасиеті. Құн- тауарға сіңген, зат формасына айналған қоғамдық еңбек мөлшері. Ол адамдардың ден қауызымен бүркелеменген өндірістік қатынасын білдіреді. Қысқаша айтқанда, кез келген тауардың екі қасиеті: тұтыну құны және құны болады. Осы жағдайда ғана өнім тауарға айналады.
Тауардың екі қасиетінің болуы ол тауарға сінген еңбектің екі жақты сипатына байланысты. Өйткені тауар өндіруге екі жақты еңбек – нақты және абстракты еңбек жұмсалады. Нақты еңбек– жеке адамдардың тауар өндіргенде тұтыну құнын жасауға шығындаған еңбегі. Адамдардың дене күші мен ақыл ой энергиясын жұмсауы, осының көмегімен тауарларды айырбастау процесінде адам еңбегінің қоғамдық сипаттқа ие болуы- абстракты еңбек деп аталады. Тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығын тұңғыш ашқан К.Маркс. Осы еңбектердің көлеңкесінде жеке және қоғамдық еңбектің арасындағы қайшылық бүркемеленеді. Абстракты еңбек тауар өндірушілердің өндірістік қатынастарын бейнелейді.
Тауар өндіруге шығындалған еңбекті жай және күрделі еңбек деп бөледі. Жай еңбек дегеніміз арнайы оқып үйренуді, қандай да бір дайындықты қажет етпейтін еңбек. Күрделі еңбек арнайы даярлықты оқып үйренуді, кәсіби білімді қажет етеді.
Барлық нарық өнімдерінде бірдей және ортақ болатын не? -Ол ҚҰН. Құн- бұл тауардың табиғи қасиеті емес, ол қоғамдық қасиет. Құн адамдар арасында бірлесіп еңбек етудің салдарынан және нарықта еңбек өнімдерінің айырбасталуы кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың көрінісі. Құнның келесідей тарихи даму формалары бар: жай, толық, жалпылық және ақшалай. Қүн заңы- бұл тауар өндірісінің дамуын басқаратын баға заңы. Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі. Сонымен құн заңы дегеніміз баға заңы.
Австрияның экономикалық мектебінде тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.
Шектеулі пайдалылық теориясының атасы неміс экономисі Госсен болып саналады. Бірақ, ол Австрия мектептері өкілдерінің еңбектерінде кеңінен дамыды.
Заттардың пайдалылығы түсінігі бойынша, ол әр тұтынушымен бекітілетін шектеулі, яғни, қорда бар осы атаулы заттың соңғы біреуінің аз пайдалылығы. Тауар неғурлым көп болса, сонша оның тұтынушыны толық қанағаттандыру деңгейі жоғары болады да, олардың соншалықты нақты пайдалылығы мен құндылығы төмен болады. Керісінше, тауар неғурлым аз болса, оның пайдалылығы мен құндылығы жоғары болады. Бұл Госсен заңы деп аталады.
Кез келген экономикалық игіліктің шектеулі пайдалы көлемі ресурстардың аздығымен анықталады. Маржиналдық теориясы бойынша, өндіріс саласындағы, айырбастаудағы, яғни нарықтағы жалпы адам және шаруашылық жүргізуші субъекті игіліктің шектеулі пайдалылығынан жұмыс істейді- бұл тұтынуды қанағаттандырудың ең аз интенсивтілігіне арналған, сол бірліктің пайдалылығы.
Өндіру игілігінің құны өндіру сипаттамасына ие және жеке тұтынуды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын соңғы өнімнің шектеулі пайдалылығымен реттеледі.