Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Жиынтық сұранысқа (AD) әсерін тигізетін факторлар



бет29/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

Жиынтық сұранысқа (AD) әсерін тигізетін факторлар




  • Бағалы Бағасыз



  • 1 2 3 4 5 6 7

    1. Байлық эффектісі (Пигу эффекті) - бағаның жалпы дәрежесі өскенде (азайғанда) жиналған қаржылық активтердің нақты құны төмендейді (өседі). Сондықтан, жиынтық сұраныс (AD) азаяды (өседі).

    2. Пайыз мөлшерлемесі эффектісі (Кейнс эффекті) – бағалар өскенде, ақшаға сұраныс өседі және пайыз мөлшерлемесі де өседі, сондықтан жиынтық сұраныс (AD) қысқарады.

    3. Айырбас курсының эффектісі (Манделл - Флеминг эффекті)- бағалар төмендегенде, ақшаға сұраныс азаяды, % мөлшерлемесі төмендейді, ұлттық валютаның нақты айырбас курсы төмендейді, таза экспорт өседі және жиынтық сұраныс (AD) өседі.

    4. Тұтыну шығындарының өзгеруі:

    • Тұтынушылардың табыс деңгейі.

    • Тұтынушылардың күтуі

    • Тұтынушылардың қарызы.

    • Салықтар.

    1. Инвестициялық шығындардың өзгеруі:

    • Пайыз мөлшерлемесі.

    • Инвестициядан пайда күту

    • Кәсіпорындар салықтары.

    • Өндірістің күш - куатының артуы.

    1. Мемлекет шығындарының өзгеруі.

    2. Экспорт пен импорттық шығындардың өзгеруі.

      • Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.




          • Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS - тік сызық.

          • 1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім

          • 2 – аралық мерзім

          • 3 – классикалық сызық, ұзақ мерзім.


      • 6.4. сурет.- Жиынтық ұсыныстың қисығы


      • Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

    • Өндіріс ресурстар бағаларының деңгейі.

    • Нарықтың құрырылымы

    • Өнімділік.

    • Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

      • Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

      • Әлемдегі соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік- экономикалық үлкен өзгерістер, мемлекеттің жалпы атқаратын қызметіне өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер қазіргі экономиканың нарықтық қатынас жағдайындағы еркін кәсіпкерлік іс- әрекеттің, бәсекеңін, өзін- өзі реттеудің иәтижесінде дамуына байланысты. Сондықтан, мемлекетгің экономикаға тікелей араласуына белгілі дәрежеде шек қойылады. Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады:

      • 1. Экономикалык саясатты қалыптастыру;

      • 2. Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады;

      • 3. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі: коғамға кажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.

      • 4. Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу.

      • 5. Мемлекет экономиканы тұрақтандыру саясатының бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады.

      • 6. Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады.

      • 7. Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді.

      • Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады.

      • Нарықты реттеу тәсілдері- бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеулін мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеуі өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды. Нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастары көшуді байқатады: халық шаруашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын (фирма), тауар өндірушілермен де реттелуі мүмкін. Осыған байланысты реттеуші субъектілеріне байланысты реттсу тәсілін шартты түрде былай классификациялауға болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай тікелей және жанама.

      • Мемлекеттің тікелей араласуы- ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с.

      • Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізінен мекен-жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.

      • -Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды.

      • -Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді.

      • -Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу.

      • -Баға арқылы реттеу.

      • -Ақша-несие арқылы реттеу салық жүйесін қоса алғанда, мұны мемлекеттің фискалды саясаты деп аталады, осы арқылы ақша айналысына ықпал ету.

      • -Әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады.

      • -Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады.

      • -Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясаттың негізгі түрлері : протекционизм және фритредерство.




      • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет