Сыртқы (экзогенді) факторлар – экономикалық жүйеден тыс болып жатқан құбылыстар. Оған жататындар: адамдардың санының өзгеруі, жаңалық табу мен инновациялар соғыс және басқада саяси уақиғалар.
Ішкі (эндогенді ) факторлар –экономикалық жүйенің өзінің ішінде болып жатқан құбылыстар. Оларға жататындар: тұтыну, инвестициялау және мемлекеттің іс-әрекеттері.
Аралас факторлар –циклдің себебін ішкі және сыртқы факторларды синтездеу арқылы анықтайды. Олардың авторларының тұжырымдауынша: сыртқы фактор циклдің бастапқы дүмпуін туындатады, ал ішкі фактор тазалық – ауытқуға әкеліп соғады.
Пайдаланып жүрген теорияларға қысқаша тоқталайық.
1.Нақты ЖҰӨ циклдік ауытқуының себебін мультипликаторлар мен акселераторлар тиімділігінің іс- әрекетінің нәтижесінде пайда болады– деп тұжырымдайтын теориялар.
2.Саяси іскерлік циклінің теориясы– бұл теория макроэкономикалық ауытқудың себебі үкіметтің несие – ақша және салық бюджет салаларындағы саясатының нәтижесінде туындайды– деп ұйғарады. Үкімет макроэкономикалық саясатында екі құралды бірдей пайдалануына мүмкіншілігі бар. Саясатшылардың іс- әрекеті елдің мейірімділігін немесе сенімін жеңіп алу, олар соның нәтижесінде сайлануға тырысады. Сонымен, үкімет сайлаудан кейін қатаң несие– ақша және салық саясатын жүргізуге іс-әрекет жасайды.Үкіметтің бұл саясаты экономиканың құлдырауға әкеліп соғады, осы кезеңде «жұмбақ» макроэкономикалық саясат жүргізу қажет болады, оны келесі сайлау алдында жүргізеді. Осы теорияны жақтаушылардың ойынша цикл кезеңі сайлау кезеңімен тура келеді (әр 5 жылда).
3. Экономикалық циклдің тепе– теңдік теориясы. Бұл теорияға сәйкес циклділікті өнім шығарудың потенциалды ЖІӨ- нен ауытқуы мен емес, оның өзінің қысқа мерзімдегі ауытқуымен байланысты түсіндіреді.
4. Нақты іскерлік циклінің теориясы. Аталған теорияға сай макроэкономикалық ауытқудың себебін экономиканың бір немесе бірнеше салаларында өнімділіктің "шоктық" (естен тану, сандырақ), өзгеруіне кеңірек айтатын болсақ - өндіріс технологиясының "шоктық"өзгеруіне байланысты болуы мүмкін – деп ұйғарады.
Соңғы аталған теорияға байланысты атап өткен жөн, кейінгі кезде көп тараған теория ол импульсты- өрістету теориясы. Бұл теорияны қалыптастырушылар: 1969ж. Нобель сыйлығының лауреаты, Норвегия экономисті Ригнар Фриш (1895–1973ж.) және орыс экономисті Евгений Слуцкий (1880– 1948ж.). Импулсті - өрістету теориясының мәні мынаған саяды: экономика өзінің дамуында көптеген импульстар мен (ғылыми жаңалықтар, соғыс, игіліктерге салыстырмалы бағаның бірден өзгеруі, саяси режимнің ауысуы, ақша массасының бірден қысқырып немесе көбейіп кетуі т.б.) кездеседі, сондықтан олар циклдік ауытқуға қозғау салады.
Импульсті -өрістету циклдарының теориясы белгілі бір сатыда циклдың ішкі және сыртқы факторларын интеграциялайды: сыртқы (экзогенді) факторлар – жиынтық сұранымын немесе жиынтық ұсыным "шоктары" циклдық ауытқуға қозғалыс жасайды, ал ішкі (эндогенді) факторлар (мультипликатор мен акселератордың өзара іс - әрекеті) ауытқуды тарату механизмін анықтайды.
Қорыта айтқанда, жоғарыдағы келтірілген теориялардың бәрі белгілі бір дәрежеде циклдық ауытқудың нақты себептерін көрсетеді. Бірақ– та бүгінгі күнге, әлде бір ауыздан мойындалған теория жоқ.
Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар:
К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған.
Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша: цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері пайыз мөлшеріне дейін төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатының нашар жүргізілуінен туындайды.
Сыртқы факторлардың әсеріне тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер.
Экономикалық циклдердің бір - бірінен ұзақтығына және интенсивтілігіне байланысты айырмашылықтары бар. Осыған орай әдебиеттерде үш мерзімге бөледі: қысқа, орта және ұзақ.