Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
Өрлеу фазасының сипаттамасы. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
Тауарлардың бағасы өседі.
Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836ж., 1841ж., 1847ж. АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990 жылдарда қайталанды.
«Ұлы тоқырау» атын алған ең жойқын дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.
Экономикалық дағдарыстың себептері: ішкі және сыртқы.
Нарықтық экономика толқын тәрізді немесе циклді дамиды, ол көп факторлардың іс-әрекетімен анықталады. Нарықты экономикамен дамып келе жатқан елдердің бәріне тән белгі экономикалық цикл.
Экономикалық цикл дегеніміз тұрақты дүркін-дүркін нарықтық конъюнктураның, экономикалық белсенділіктің өрлеп, қайта төмендеп қайталанып отыруы. Ал, цикл экономиканың өрлеуден қайта дағдарысқа дейінгі қозғалыс уақыты. Циклділіктің ерекше өзіне тән қасиеті, қозғалыс дөңгелек айналымымен емес, спираль бойымен қозғалыста болады, ал әр жаңа спираль қоғам дамуын жоғары сатыларға көтерумен сипатталады.
Нарықтық шаруашылықта циклділік экономикалық дағдарыстың артық өндіру түрінде көрініс табады. Белгілі жай, ұдайы өндірістің қалыпты жағдайы қоғамдық ұдайы өндірісінің әр түрлі бөліктерінің арасында белгілі бір тепе-теңдік, қатынас болғанда ғана мүмкін, ең бірінші, өндіріс пен тұтынудың арасындағы теңдік болып табылады.
Экономикалық дағдарыстың негізгі және абстрактылық мүмкіндігі сонау жай тауар өндірісі жағдайында-ақ пайда болған. Ақшаның айналыс және төлем құралы ретінде атқаратын қызметіне, сонымен қатар жай тауар өндірісіндегі жеке және қоғамдық еңбек арасындағы қайшылыққа тікелей байланысты. Жеке тауар өндірушілер қоғамдық қажеттілікпен сұраныстарды білмей және еске алмай-ақ тауар өндіре береді. Осыдан барып тауарлар өздеріне деген сұранысты таппай, артық тауар болып, нарықта өтпей қалуы ықтимал. Бұның бәрі дағдарыстардың жай тауар өндірісіндегші абстрактылық мүмкіншілігі.
Абстрактылық мүмкіншіліктер нарықтық жағдайда айқындала және нақтылана түседі. Шынайы мүмкіндікке айналады. Бұған екі жағдай: капитал айналымы мен ұдайы өндірісі әсер етеді.
Нарық жағдайында капитал айналысында жеке капиталдар тұтасып, бір-біріне тәуелділікте болады. Сондықтан капитал айналымының бір сәт үзіліске ұшырауы басқалардың тағдырына әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, жай тауар өндірісіне қарағанда сату мен сатып алу арасындағы сабақтастықтың үзілуі экономикалық дағдарысты шындыққа айналдырады.
Екінші факторы: ол тауарды несиеге сатудың жалпылама құбылысқа айналуында. Бұл құбылыс қоғамның бүкіл шаруашылық жүйесіне әсер етіп, дағдарысқа итермелейді.
Дағдарыстың шынайы мүмкіндігіне айналуының келесі факторы қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісі жағдайынан туындайды. Демек, қоғамдық жиынтық өнімді сатып өткізу үшін, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын өндіру көлемі арасында, сондай-ақ осы өндірістің ішкі бөліктерінде белгілі бір пропорциялардың сақталуы қажет. Ал капитализмде пропорцианалды даму мүмкіндігі жоқ. Сондықтан экономикалық дағдарыстың шынайы мүмкіндігі қоғамдық жиынтық өнімді сатып өткізудің шарттарының бұзылуынан туындайды. Қорыта айтқанда тауарды сату мен сатып алу арасында үзіліс болғанықтан дағдарыста сөзсіз болады.
Экономикалық даму үшін бұл мәселелердің маңыздылығы ерекше болғаны соншалық, XIX-XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процесстерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.
Экономикалық циклдардың себебін шартты түрде сыртқы