Қысқа мерзімді экономикалық циклдардың американдық Уэсли Митчелл мен Джозеф Китчин ұзақтығы 3-4 жылға созылады және оның себебін тауар мен материал қорының ауытқуымен түсіндіреді. Қысқа мерзімді циклді әдебиетте Китчин циклі деп атайды.
Орта мерзімді экономикалық циклдың ұзақтығын 10 жылға созылады деп тұжырымдайды. Бұл кезеңді зерттеп өз модельдерін ұсынған авторлар: К.Жугляр, К. Маркс, Дж. Кларк. Орта мерзімді циклді К.Жуглярдың атымен «Жугляр циклы» деп атайды. Оның себебі циклды өте жан – жақты, толығымен зерттеушілердің алғашқыларының бірі. Ғалымдар қысқа мерзімді циклдан гөрі орта мерзімді көп, жан – жақты зерттеген.
Ұзақ мерзімді немесе «ұзын толқын»циклының теориясының негізін қалаушы Петербург университетінің заң факультетінің түлегі Н.Д.Кондратьев 1928ж. «Экономика институтының» ғылыми кеңесінің жиналысында «Большие циклы конъюнктуры» деген тақырыпта баяндама жасап әлемге әйгілі болды.
Экономикалық дағдарыстың мына төмендегідей түрлері болады: жалпы, жартылай, салалық, құрылымдық және аграрлық.
Жалпы экономикалық дағдарыс шаруашылықтың барлық саласын, әсіресе өндірістің көп бөлігін қамтиды. Ол дағдарыс өте тереңдеп, ұзақ болады.
Жарым– жартылай дағдарыс экономиканың белгілі бір саласын қамтиды. Мысалы: ақша айналым және несие саласын қамтиды. Бұл кезде өндірісте дағдарыстың болмауы да мүмкін және ол тәуелді болуы да мүмкін. Жарым – жартылай дағдарыс Германияда 1932 жылы банк саласында болды.
Салалық дағдарыс бір саланы өнеркәсіпті, тасымалдау, ауылшаруашылығын қамтиды. Мысалы 1977ж. тоқымашылық өнеркәсібінегі дағдарыс т.с.с. оның болу себебі әр түрлі: құрылымдық өзгерістер; диспропорционалдық (сәкессіздік пропорциясыз) даму, саладағы артық өндіру т.с.с. Салалық дағдарыс- экономиканың жолсерігі, ешбір жыл салалық дағдарыссыз болған емес.
Құрылымдық дағдарыс өндірістік тікелей сәйкессіздік (пропорциясыз) дамуының нәтижесі. Бір саланың екінші бір саланың экономикасының ырқын бұзып, біржақты дамуы. Құрылымдық дағдарыс ұдайы өндіріс циклінің бірнеше кезеңін қамтуы мүмкін. 70 жылдардағы энергетикалық, шикізаттар және азық-түлік салаларындағы құрылымдық дағдарыстар.
Аграрлық дағдарыс. Ауылшаруашылығындағы циклдік дамудың ерекшеліктері бар. Олар тек табиғи немесе техникалық себептерден туындап қоймай, сонымен қатар оның қоғамдық жағдайлармен атап айтқанда ауыл шаруашылығы өндірісінің шоғырлануының төмен деңгейімен, монополияланбауынан және т.б. байланысты.
Аграрлық дағдарыс артық өндірудің ерекше түрі. Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстардың өзгешелігі тек өнеркәсіп дағдарысының осы өндіріске тарауында емес, сонымен қатар ол жалпы циклдық дағдарыстарға толық сіңіспейді. Мұндағы дағдарыс фазаларының жалпы кестесіне сәйкес емес. Аграрлық дағдарыстың өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Аграрлық дағдарыстар ерекше қайшылықтардың дүмпуі, ол рентаға және ауыл шаруашылығының дәстүрлі артта қалуында.
2. Аграрлық дағдарыстардың ұзақтығы соншалық ол жалпы артық өндіру дағдарысы мен уақыты жағынан сәйкес келмейді және жалпы экономикалық дағдарыстардың басқа фазаларымен жалғасады.
3. Аграрлық дағдарыстардың өзіндік кезеңдері болмайды. Мыссалы, XIX ғасырдағы циклдық өнеркәсіп дағдарыстары 1900,1907,1929, 1937 жылдағы дағдарыстар аграрлық дағдарыстардың бастапқы нүктесі бола алмады. Алайда циклдық өнеркәсіп дағдарыстары, әдетте, ауыл шаруашылығы өндірісінің едәуір блігін әсіресе оның инфрақұрылымын, қызмет көрсету саласын қамтиды.
Атап өтетін мәселе аграрлық дағдарыс шикізат пен азық-түлікке өнеркәсіп сұранысы циклы қысымынан тумайды. Сол ауыл шаруашылығының өзінде дамитын процестердің негізінде пайда болады.
Экономикалық дағдарысты реттеу.
Мемлекет экономиканы тұрақтандыру бағытында антициклдық саясат қабылдайды.