Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет4/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

Материалдық өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б.

Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

Адамдардың тұтынушылықты сезінгенінде еңбекке уәждеме пайда болады. Мұндай жағдайда, тұтынушылық нақты нысанға- нысан мүддесіне ие болады. Экономикалық мүдде- бұл экономикалық тұтынушылықтың пайда болу нысаны. Тұтынушылық - жеке индивид пен мәдениеттің дамуына сәйкес арнаулы түрге ие болатын, мойындалған қажеттілікті анықтаушы. Сатып алу қабілетімен бекітілген тұтынушылық тауар мен қызметке сұранысты көрсетеді. Экономикалық әдебиетте (Маслоу) адамдардың тұтынушылығы деңгейге 5 бөлінеді:

  1. Физиологиялық тұтынушылық;

  2. Қауіпсіздік тұтынушылығы;

  3. Қатынас тұтынушылығы, рухани жақындық;

  4. Қоғамдық танымдағы тұтынушылық;

  5. Өзін көрсетудегі тұтынушылық.

Жеке адамның даму деңгейі неғурлым жоғары болса, соншалықты ол жоғары тұтынушылықты қамтамасыз етуге тырысады.
Материалдық тұтынушылықтар былай бөлінеді:
а) бірінші кезектегі қажетті заттар (тамақ, киім, үй);
б) сән- салтанат заттары (қымбат тастар, қымбат аң терілері,яхта және т.б.).
Жеке адам тұтынушылығынан басқа, өндіріс құралдарындағы өндірістік тұтынушылық пен жұмыс күшіне қажеттілік бар.
Тұтынушылыққа әсер ететін факторлар:

  1. мемлекет пен фирмалардың, тұрғындардың кірісі;

  2. ғылыми- техникалық үдерістердің дамуы;

  3. елдің экономикалық дамуының деңгейі;

  4. елдің ұлттық және тарихи ерекшеліктері және т.б.

Өндірісті ұйымдастыру- бұл барлық өндіріс үдерістерін тәртіптейтін және бірлігін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстардың құрылысын анықтаушы құрылым. Өндірістің технологиясы еңбек заттын өңдеудің нақты әдісін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін көрсетеді. Ақпараттар осындай немесе басқадай білімнің, деректердің және әр түрлі белгілердің ағымдарын көрсетеді. Ғылым- бұл өндірісте пайдалануға тиісті теориялық жүйеленген объективті білім. Энергия- бұл өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа келтіретін осындай немесе басқадай күш.
Экологиялық фактор- қорғау, сақтау және табиғатты қайта түрлендіру қажеттілігіне қатысты, қоршаған орта мен адамдардың өзара қарым- қатынастарына байланысты барлық кешенді мәселелер.
Экономикалық әдебиеттерде «игілік» түсінігі адам тұтынуын қанағаттандыратын және мүдделерге, мақсаттарға, адамдардың ұмтылысына жауап беретін заттар, пайда болу, еңбек өнімі болып танылады. Қызмет көрсетулер- бұл қандай да бір адамның тұтынушылығын қамтамасыз ететін, нәтижесінде тиімді ықпалы болатын адам қызметінің толыққандылығы.
Игілік материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Материалдық игілік былай бөлінеді: табиғаттың табиғи сыйлары (жер, ауа, климат); өндіріс өнімдері (ғимарат, құрылыс, станоктар және т.б.). А.Маршалл оған материалдық игілікті (патенттер, авторлық құқық, кепілдік зат) иеленуді де қосады. Материалдық емес игілік- бұл адам қабілетінің дамуына ықпал ететін жағдай және олар өндірістік емес салаларда құрылады: денсаулық сақтау, білім беру және т.б.
Игілік сондай-ақ, экономикалық (экономикалық қызмет нәтижесінде пайда болады) және экономикалық емес (адам күшінің жұмсалуынсыз табиғат береді) болып екіге бөлінеді.
Әр қоғам шектелген мүмкіндіктер мәселелерімен түйіседі. Қашанда тұтынушылықты барлығы қанағаттануы мүмкін болмағандықтан, әр адам, фирма немесе мемлекет- қалауын таңдауы тиісті. Экономистер мұндай сәтті баламалы шығын арқылы бейімдейді. Баламалы шығын- басқа тауар бірлігіне көбейту үшін, құрбан ету қажет бір тауардың саны.
Тандаудың қажетті әсері мен баламалы шығын өндірістік мүмкіндіктердің қисығының көмегімен көрсетіледі. Өндірістік мүмкіндіктердің қисығы экономикалық ресурстарды толық пайдалану кезіндегі екі өнімді шығарудың ең жоғары көлемін көрсететін әр нүктенің сызығын анықтайды. Мысалы, ел бар ресурстармен белгілі бір тауарлар (Х және У) санын шығаруы мүмкін. Елдің өндірістік мүмкіндіктерінің қисығы келесі түрге ие:

.1 сурет.- Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы

А– барлық ресурстар; У- тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар; В- Х тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар; С және Ғ– ресурстарды тиімді пайдалану; Е– ресурстарды толық пайдаланбау; Д– осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс.

Түзу сызықтың әр нүктесі ХУ осы елдегі экономикалық ресурстарды толық пайдалану кезіндегі тауарларды А және В өндірудің ең үлкен көлемін көрсетеді.
Өндірістің мүмкіндігі туралы ақпараттарға ие бола отырып, яғни шектеулі ресурстар жағдайында таңдау мәселесі туындайды, ол үшін қоғам немесе нақты өндіруші үш сұраққа жауап беруі тиісті:

  • Қандай тауарлар мен қызметтер және қанша көлемде шығару қажет?

  • Бұл тауарлар мен қызметтерді қалай өндіру қажет?

  • Бұл тауарларды кім сатып алады және бұл тауарлар мен қызметтерді қалай пайдаланады? Яғни, бұларды кім үшін шығару қажет?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет