Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет7/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89

Жеке меншік




Өзіндік меншік Өз еңбегіне негізделген Жалдамалы еңбекке
(табыс әкелмейді, меншік(табыс әкеледі) негізделген меншік
тек өз тіршілігіне
пайдаланады)
Ұжымдық меншік


Серіктестік Кооператив Акционерлік Бірлескен


қоғам өндіріс
Қоғамдық меншік


Мемлекеттік Муниципалдық
2.Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары
Нарықты экономиканың қалыптасуы меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процестері арқылы жүргізілді.
Мемлекет иелігінен алу- бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей әкімшіл- әміршілдік жүйеден нарықтық жүйеге көшіру.





Жекешелендіру- жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі объектілерді сату немесе тегін беру.
Сонымен қатар, ұлттандыру шаруашылықтың негізгі нысандарын жеке меншіктен мемлекет меншігіне көшірілуі. Денационализация- ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруды білдіреді.
ҚР-да мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен иелігінен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:
а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;
б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;
в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;
г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;
д)мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорынның мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға конкурс және аукцион арқылы сату.
1991ж. бастап ҚР-ның Конституциясында жекеменшікке деген құқық белгіленіп және жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданыла бастады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты: ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі мен нарықтық экономикаға көшуге жағдайлар жасау болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу кәсіпкерліктің дамуына, бәсекенің пайда болуына жағдай жасап, жекеменшік иелер топтарының қалыптасуына бағытталды.
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізілді.

  1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

  2. Жаппай жекешелендіру– орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

  3. Жеке жобалық жекешелендіру– ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1991-92 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді.

  2. 1993-95 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы.

  3. 1996-98 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы.

4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет