Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Қоғам дамуың кезеңдерге бөлудегі негізгі көзқарастар



бет8/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

3. Қоғам дамуың кезеңдерге бөлудегі негізгі көзқарастар
Экономиканы ұйымдастыру мәселесі әрбір экономикалық жүйеде әртүрлі шешіледі. Жүйе заңдылықтардың, бір- бірмен байланысты құбылыстардың бірлігі. Экономикалық жүйе– бұл экономикалық процестер жиынтығы. Экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі.
1. Экономиканы ұйымдастыру бойынша:

    1. Жабық экономика– барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шет елдермен қатынас болмайды.

    2. Ашық экономикалық жүйе– халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

  1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

    1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

    2. Әкімшілік- әміршілік экономика- орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

    3. Нарықтық экономика- жеке меншікке, бәсекеге негізделеді.

    4. Аралас экономика– мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

  2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

    1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе– бұл жүйеде ауыл шаруашылығы, натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

    2. Индустриалдық жүйе– бұл жүйе ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

    3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Қоғамның экономикалық жүйесінің басты элементтері мыналар:

  1. Қоғамның өндіргіш күштері, атап айтқанда, оның материалдық-техникалық базасын құрайтын еңбек құралдары мен еңбек заттары, экономикалық қатынастың субъектілері (жеке қызметкерлері, еңбек коллективтері, т.б.).

  2. Өндірістік қатынастар, қоғамның экономикалық заңдары мен мүдделері, осы экономикалық заңдар мен мүдделері пайдалану механизмі немесе шаруашылық механизмі;

  3. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың арасын байланыстырушы қоғамдық комбинация (шоғырландыру, мамандандыру, құрамдастыру) т.б.

Осы аталып отырған өндірістік қатынастар, экономикалық заңдар мен мүдделер экономикалық жүйенің маңызды элементтері ретінде бір- бірімен тығыз байланыстылықта болады, өндіргіш күштердің сипатымен, дәрежесі мен аралық қатынаста әрекет етеді.
Сонымен, экономикалық жүйе дегеніміз– материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулерді өндірушілер мен тұтынушылар арасында ерекше түрде қалыптасқан байланыстар жүйесі.
Экономикалық жүйе көптеген факторларға негізделеді. Оның дамуына ықпал ететін факторлар:

  • шарушылық шешімдерін қабылдау жөнінде елде қалыптасқан шаралар жүйесі;

  • меншік құрылымы;

  • ақпараттар мен өзара үйлесімділікті қамтамасыз ету механизмі;

  • мақсаттарды белгілеу мен еңбек етуге жұмылдыру механизмі.

Бұл факторлар шаруашылық, әкімшілдік, ақпараттық сияқты үш құрылымның төңірегінде топтасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет