Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет61/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

инвестициялық компаниялар – акциялары бар ұсақ компаниялардың арасына өз акцияларын орналастыратын және қаржыларды экономиканың әртүрлі салаларындағы бағалы қағаздарды сатып алу үшін пайдаланатын ұйымдар.

    • Кез-келген елдің Ұлттық банкі макроэкономикалық саясаттың негізгі құралы – ақша-несие саясатын жүргізуге жауапты.

    • Ақша-несие саясаты – бұл ақша айналымы мен несие жүйесі саласындағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған макроэкономикалық саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі. Ақша-несие саясаты нақты мақсаттарды көздейді және арнайы құралдар арқылы жүзеге асырылады.

    • Ақша-несие саясатының мақсаттары соңғы және аралық мақсаттар болып бөлінеді:

    • Соңғы мақсаттар:

  1. экономикалық өсу;

  2. толық жұмысбастылық;

  3. бағалардың тұрақтылығы;

  4. тұрақты төлем балансы.

    • Соңғы мақсаттар ақша-несие саясатының фискалдық, валюталық, сыртқы сауда саясаттарымен бірге жүзеге асыратын мемлекеттің маңызды бағыттарына жатады.

    • Аралық мақсаттар:

  1. ақша массасы;

  2. пайыздық қойылым;

  3. айырбас бағамы.

    • Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей және жанама деп бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі.

    • Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:

  1. несиелеу лимиттері;

  2. пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу.

    • Ақша-несие саясатының жанама құралдары:

  1. міндетті резервтер нормасын өзгерту;

  2. есептік мөлшерлемені өзгерту;

  3. ашық нарықтағы операциялар.
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет