Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Фискалды саясат және оның мақсаты



бет64/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89
2. Фискалды саясат және оның мақсаты.

  • Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл макроэкономикалық саясттың негізгі бір құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық мәселелерді реттеу үшін мемлекеттің шығындары мен салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне саналы түрде әсер ету шаралары. Бюджет-салық саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне және бағаның жалпы деңгейіне әсер ете отырып, жұмыссыздық пен инфляция сияқты макроэкономикалық мәселелерді шешуге бағытталған.

  • Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше мақсаттары бар:

    1. Экономикалық циклдің ауытқуларын қалпына келтіріп отыру.

    2. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

    3. Инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу.

      • Қалыптасып отырған экономикалық жағдаятқа (коньюнктура) байланысты бюджет-салық саясатын жүргізудің екі түрі бар:

    1. Дискрециялық бюджет-салық саясаты.

    2. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты.

      • Дискрециялық бюджет-салық саясаты – бұл үкіметтің арнайы шешімдері бойынша салық салуды, мемлекеттік бюджет сальдосын және мемлекеттік шығындар көлемін мақсатты бағытта өзгерту шараларынан тұратын іс-қимылдар. Саясаттың бұл түрін жүргізу барысында үкімет арнайы заңдар қабылдап, инфляция қарқынын, жұмысбастылық деңгейін, өнім көлемі мен төлем балансы жағдайын мақсатты түрде өзгертіп отырады. Дискрециялық саясат экономикалық құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды арттырып немесе салық салу деңгейін қысқартып, бюджет тапшылығын тудырады және, керісінше, экономикалық өрлеу кезеңдерінде бюджет артықшылығын қалыптастырады. Соған байланысты, дискрециялық бюджет-салық саясатының өзі екіге бөлінеді:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет