Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
Салықтар – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі.
Салық сипаты тұрғысынан:
Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар мен тұрғындар табысынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынатын салықтар жатады.
Жанама салықтар. Бұл салықтарды мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.
Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:
Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 11%)
Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді.
Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:
Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлекеттік бюджетті реттеудің қайнар көзі болып саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) алынатын салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандағы салығы.
Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал- жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.
Салық қызметтері:
Фискалды қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды.
Бөлу қызмет. Мемлекет қаржыны қайта бөлуді; әртүрлі топтардың арасында облыс, аудандар бойынша жүргізеді.
Реттеуші қызметі. Мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді.
Ынталандыру қызметі. Мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.
Бақылап- есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.
Салық жүйесінің принциптері:
Салық барлық игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.
Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.
Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық болуы.
Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшерлемесі тұрақты болуы.
Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.
А.Лаффер табыс салығы өсімінің жоғары болуы мен салық түсімінің арасындағы байланысты анықтаған. Оның ой- пікірі салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермелейді. Егерде салық өсімі О -ден
100%-ға көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М- нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді.