Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет67/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

Вагнер заңы – бұл әлемдік экономиканың дамуымен байланысты ЖҰӨ-гі мемлекеттік шығындар үлесінің тұрақты түрде өсіп отыру құбылысы.

  • Мемлекеттік қарыз – бұл мемлекеттің алдында тұрған физикалық және заңды тұлғаларға, шетел мемлекеттеріне, халықаралық ұйымдар мен субъектілерге деген қарыздық міндеттемелері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздары болады.

  • Ішкі қарыз – бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін ел ішіндегі резиденттерден алған қарыз сомалары.

  • Сыртқы қарыз – бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін шетелдердегі резидент емес тұлғалардан (үкіметтен, ұйымдардан, азаматтардан) алған қарыз сомалары.

  • Ішкі қарыздан гөрі сыртқы қарыз әрқашан да экономика үшін аса қауіпті болады. Мемлекеттік бюджеттің қаражаттары жетіспеген жағдайда мемлекет ішкі және сыртқы инвесторлары алдында өзінің қарыздық міндеттемелерін жабудан және солар бойынша пайыздарды төлеуден бас тартуы мүмкін, яғни мемлекет тәуелсіздік дефолтын жариялайды. Дефолт – бұл мемлекеттің банкроттыққа ұшырауы.

  • Қарыздарды қайта құрылымдау деп біз «ескі» қарыздық міндеттемелерді қарызды жабудың аса жақсы әрі «жеңіл» шарттарымен (аса төмен пайыздық мөлшерлемелер, төлем мерзімдерін ұзарту және т.б.) ауыстыруды айтамыз. Көрсетілген бұл шара кедей және жағдайлары аса төмен елдерге тән құбылыс болып табылады.

  • Мемлекеттік қарызды конверсиялау дегеніміз – қарыз міндеттемелерін тауарлық жеткізілімдерге немесе кәсіпорын акцияларына (своп) айырбастау. Алайда, біздің елдің шетелдіктерге қарыздық міндеттемелер үшін бергісі келетін акциялары әрқашанда әлемдік нарықтарда сұранысқа ие бола бермейді.



  • 3. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

  • Нарықтық экономикаға көшу кезінде әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басты мәселе - әлеуметтік кепілдікті бекіту. ҚР-нда әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады:

  • Минималды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы және одан табыс табу.

  • Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:

    1. Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы, қаржының индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көрсетуде бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.

    2. Кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді. Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізделеді.

      • Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Минималды бюджет мөлшерінің құны тұтыну баға индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамдарды қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету деген мағына.

    1. «Атаулы» әлеуметтік қорғау (яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу). Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен болады.

      • Осы келтірілген негізгі бағыттар мен қатар, мемлекет кедейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта дайындайды, тұрғындардың жеке топтары үшін әлеуметтік қорғау механизмін жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.













      • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет