Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
2. Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметті құраудың, қызмет етуі мен дамуының қолайлы жағдайларын қамтамасыз ететін ұйымдар кешенін сипаттайды.
Қазақстан Республикасында мұндай ұйымдарға мыналарды жатқызуға болады:
• білім беру мен кадрлардың біліктілігн арттыру аясындағы қолдау;
• материалдық-техникалық қолдау.
Ұйымдық және функционалдық құрылымдарды сәйкестендіру Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму үрдісіндегі институттардың оған қатысу деңгейінің матрицасын құрастыруға мүмкіндік береді
Кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін барлық ұйымдардың қызметіне әсер ететін факторларға байланысты өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Кәсіпкерлерге қатысты шешімдер қабылданған жағдайда, біреулерге мотивация ретінде тарапынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген мүдде көбірек әсерт етуі мүмкін.
Кәсіпкерліктің дамуы үшін жауапты және саясатты жүзеге асыратын жоғары мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ИЖТМ). Министрлік орталық атқарушы органға жатады және ел Президенті мен Үкіметке емесп береді. Мемлекеттік органдардың құзыреттерін тарату сызбасы 41-суретте келтірілген.
Ұйымдық құрылым ретінде ИЖМТ-нің құрамына Кәсіпкерлікті дамыту департаменті кіреді. Ол кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен нормативтік-құқықтық реттеу бағыттары бойынша функцияларды жүзеге асырады.
Құжаттарда көрсетілгендей, департамент қызметін реттейтін оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
• кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
• кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
• инвестицияларды тарту бойынша шараларды жасап шығару.
Департамент құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін қадағалау.
Аталған функциялардан басқа, Департамент сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуына бөгет жасайтын шенеуніктердің қарама-қайшы іс-әрекеттеріне деген кәсіпкерлердің өтініштерін қарастырып, олар бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруға міндетті.
Республикадағы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құрылымының келесі деңгейі Алматы және Астана қалалары мен облыстары Әкімдерінің аппараты аясында жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін әкімшіліктер жанынан Кәсіпкерлік бөліміне кіретін Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменттері (Басқармалары) құрылған.
Обылстық Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменті (Алматы мен Астана қалаларынікі сияқты) өз құзыреттілігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыра алады.
Қойылған міндетті жүзеге асыру үшін Департаментке мемлкеттік саясатты жүзеге асыру бойынша келесідей функциялар мен құқықтар берілген:
• кәсіпкерлік аясындағы бірегей мемлкеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру;
• мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қызметін қадағалау;
• қоғамдық бірлестіктермен және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара әрекеттесу;
• белгіленген тәртәп бойынша хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды және тұлғалардың жеке ұсыныстарын қарастыру.
Кәсіпкерлік жүйесіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тұрғысындағы іс-әрекеттер, құрамында кәсіпкерлік мәселелерімен айналысуға міндетті Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен Экономика мен қаржы бөлімі бар, республиканың аудандары мен қалалары Әкімшілігінің аппаратымен белгіленген аумақтық атқарушы органдар болып табылады. Аумақтық атқарушы органдарға қабылданған мемлкеттік саясатты тікелей жүзеге асыру және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыру функциялары жүктелген.
Осылайша, атқарушы мемлекеттік органдар мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара қарым-қатынастарын реттеу аясында үкімет тарапынан белгіленген кәсіпкерлік саясатты жүзеге асырудың негізгі субъектісі болып табылады.
Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және Үкімет тарапынан қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, жергілікті органдарда әкім аппараттары жанынан Кәсіпкерлік істер жөніндегі комиссиясын құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» жүйесі жұмыс істеуде. Оның негізгі функцияларына мыналар кіреді:
• шағын және орта бизнестің дамуына бөгет болатын мәселелерді зерттеу;
• атқарушы органның жергілікті және аумақтық органдары үшін ұсыныстар жасау.
Мұндай «кері байланыс» жүйесін ұйымдастыру үшін кәсіпкерлермен орталық атқарушы органдар деңгейде Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған Кәсіпкерлік кеңесі бар. Кеңестің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
• кәсіпкерлік қолдау мен дамытуға бағытталған ұсыныстарды жасап шығару;
• нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайларды қарастыру;
• кәсіпкерлік жұмыс аясындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды дайындау.
Қазақсатан Республикасы Президенті жанынан құрылған Кәсіпкерлік кеңесі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мен кәсіпкерлікті дамыту жолындағы кездесетін кедергілерді жүйелі түрде жою мақсатында Президентке, Үкімет пен Парламенкте нақты ұсыныстарды дайындайды. Сонымен қатар, бұл Кеңес кәсіпкерлік істер бойынша ассоциациялардан, кәсіпкерлерден түсетін ақпаратты өңдеу және жинақтау жұмыстарымен де айналысады.
Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында оларды материалдық-техникалық және ақпараттық-талдаушылық, қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету бағыттары бойынша жұмыстар жүргізеді. Қолдаудың бұл түрлері жергілікті және аумақтық деңгейлерде қабылданатын алуан түрлі бағдарламаларды жүзеге асырумен, сонымен қатар, мемлекеттік капиталдың қатысуымен құрылған арнайы ұйымдар көмегімен, мемлекеттік атқарушы органдармен іске асырылады.
Жоғарыда аталған функцияларды орындайтын ұйымдарға келесідей мемлекеттік компаниялар жатады.