Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ



бет85/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

15 ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ.


  • 1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі.

  • 2. Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары

  • 3. Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті қолдау институттарын дамыту: бизнес-инкубаторлар, индустриялық аймақтар, технопарктер.


  • 1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі.

  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік тұрғыдан қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекет тарапынан қабылданатын іс-шаралардың негізгі мақсаты кәсіпкерлікің дамуы үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды қалыптастыру, кәсіпорындардың тұрақты дамуы мен қызмет жасауына қолайлы әріптестік қатынастарды орнату, бәсекелік ортаны қорғау, қабылданатын экономикалық шешімдердің кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау тұрғысынан жүргізілуін қадағалау т.б.

  • Мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары,нысандары, масштабтары республикадағы кәсіпкерліктің даму аясында пайда болатын экономикалық және әлеуметтік мәселелердің сипаты мен өзектілігімен анықталады.

  • Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы оны қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында қарастырылған.

  • Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудағы іс-шаралар негізінде келесідей жағымды өзгерістерді атауға болады:

    • Несиелер алу үшін жеңілдік беретін жағдайлар жасау;

    • Екінші деңгейдегі барлық банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің минималды мөлшерін орнату (банктің негізгі қарызынан 10% төмен емес деңгейде);

    • Өндірістік объектілер мен алаңдарды, кеңсе орындарын сатып алуда оның құнын белгілі бір уақыт аралығында бөліп төлеу, сонымен қаар оларды жалға беру немесе сенімді басқаруға беру бойынша эзаңнамалық жеңілдіктер беру;

    • Қызмет түрлерін анықтау, атап айтқанда импортты алмастыратын халық тұтынатын тауарларды өндіретін кәсіпорындарды құру мен жұмыс істеп тұрғандарын дамыту және агроөнеркісіптік кешен өнімдерін тереңдетіп өңдеу бойынша өндірістік жүйені дамыту;

    • Жеке кәсіпкерлер мен жеке кәсіпорындарды құру және тіркеу. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде олардың шотын ашу процедураларын жеңілдету;

    • Бақылаушы және инспекциялық мемлекеттік органдар санын және олармен көрсетілетін ақылы қызметтер санын қысқарту.

      • «Қазақстан-2030» Стратегиясы, «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасында», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында Қазақстанның экономикасын дамытудағы кәсіпкерлік аяны ары қарай күшейтудің негізгі бағыттары анықталған. Бұл тұрғыда басты мақсат- индустриялық-инновациялық және технологиялық даму негізінде ұлттық экономиканы әртараптандыруды жүзеге асыруға экономикасының құрылымдық аясын жақсарту, салааралық және аймақтық деңгейде кәсіпкерлік атқаратын қызмет аясын кеңейту мақсаттары белгіленген.

      • Кәсіпкерлікті дамыту басымдықтары жүргізілетін құрылымдық, өнеркәсіптік және сыртқы экономикалық саясаттарға сай болуы керек және олар аймақтық саясаттың негізгі бағыттарымен байланыстырыла отырып жүргізіледі. Жүргізілетін үрдістердің тұрақты болуын ескере отырып, кәсіпкерлікті дамыту үшін оның қызмет етуінің ең тиімді салаларын дамыту көзделген. Оларға мыналар жатады:

    • Жергілікті өндірістік және өзіндік нарықтық жүйесі бар салалар;

    • Өнімнің көп ассортиментін шығару мен өзгермелі сұранысқа бағытталған салалар;

    • Монополиялық үстемдігі жоқ салалар, яғни өнім номенклатурасы тұрақсыз болатын және технологиялары жетілмеген, даму сатысындағы салалар.

      • Кәсіпкерліктің дамуына, кәсіпорындардың қуатты, экономикалық құрылымдардың өндірістік желілеріне интеграциялық кірігуі септігін тигізеді. Бұл жағдайда мәселені шешуде, ерекше рөлді қаржы-өндірістік топтар атқара алады. Мұндай интеграцияның ұйымдастырушылық нысандары алуан түрлі: лизинг, франчайзинг, белгілі бір қаржылық кепілдер бойынша қосалқы бөлшектерді тасымалдауға деген ұзақмерзімді контрактілер; сенімгерлік операциялар; несиелік міндеттемелер (қарыздар) мен төлемдерді және т.б қосқандағы өзара талаптарды есепке алудың вексельді және басқа да нысандары. Өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастырудың мұндай нұсқасының артықшылығы болып дкәсіпкерлік үшін кепілдендірілген өткізу нарықтарын, әсіресе қаржы өндірістік топтардың экспорттық нарыққа қарқынды түрде шыққандағы болып табылады.

      • Қаржы-өндірістік топтар бір құрылымда экономикалық қызметтің бірнеше деңгейлерінің бірқатар объектілері мен субъектілерін біріктіреді. Ол ұдайы өндірісті, қаржылық, өндірістік және тауарлық капиталдардың айналымын, олардың жинақталуын, шоғырлануы мен жалпы ел экономикасы мен өнеркәсіптік сектордың басым бағыттарын тұрлаулы түрде инвестициялауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      • Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жоғарыда аталған нысандарын пайдалана отырып, кәсіпорындардың қызметіне мемлекеттің әсер етуі (тікелей және жанама) мен мемлекеттік әсер етудің (ұйымдастырушылық-құрылымдық, қаржы-салықтық және мүліктік) функционалдық бағыттарына қарай топтастырылған біртұтас жүйені ұсынуға болады.

      • Кәсіпорындарды қолдаудың тікелей нысандары келесі критерийлер бойынша бөлінуі керек: шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін жалпы жағдайларды қамтамасыз ететін инфрақұрылым элементтері мен басқа да шаруашылық субъектілердің қатысуының тікелей болуы. Мысалы, шағын кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдік беру. Олардың болашақтағы инвестициялық жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру үшін бюджеттен қаражаттың бөлінуі, шағын кәсіпорындарға тегін пайдалануға немесе жеңілдікпен жалға алуға мемлекеттік алаңдарды ұсыну және т.б.

      • Кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың қосымша нысандарын жанама түрде – ірі және орташа өнеркәсіптік компанияларды, банктерді, сақтандыру фирмаларын, қоғамдық (сауда-өнеркәсіптік палаталар, кәсіподақтар және т.б.) және халықаралық ұйымдарды ынталандыру арқылы жүргізу қажет. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытудың жалпы жағдайларын (оқу орталықтары, бизнес-инкубаторлар, технопарктер, лизингтік, консалтингтік және аудиторлық фирмалар және т.б) қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік инфрақұрылым элементтерін іске қосу арқылы да жүзеге асырылады. Соынмен қатар, кәсіпкерліктің дамуының жоғарғы деңгейін сыйақылау ретінде,аймақтар мен жергілікті өкілдік органдарына субвенциялар мен дотацияларды бөлу ретіндегі мемлекеттік қолдау нысандарын да жатқызуға болады.

      • Ірі кәсіпорындарға тапсырыстар беру, ал олардың өз кезегінде шағын кәсіпкерлік нысанға тапсырыстың белгілі бір мөлшерін орналастыруы жанама көмектің мысалы болып табылады.

      • Аталған топтастыру, кәсіпкерлікті қолдаудың жалпы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларының міндеттерін шешу тетіктерін таңдау кезінде қолданылуы мүмкін.

      • Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нысандарын біріктіретін жоғарыда аталған топтарды құрамдастыру, кәсіпорындардың қызметін жоспарлауға билік органдарының іәсер етуінің көптеген нысандарын тәжірибелік тұрғыдан синтездеу мен терең түрде талдауды қажет ететін міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.





      • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет