| |
«Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ
|
Орталықтың негізгі мақсаты жаңа технологиялар трансфертін ұйымдастыру. Сонымен қатар республикадағы инновациялық қызметті белсендендіруді жолымен Қазақстан экономикасының нақты секторы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
|
• инжинирингтік қызметтерді көрсету;
• алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар, сонымен қатар басқа да инновациялық өнімдер трансферті және оларды Қазақстанға енгізу;
•технологиялар трансферті кезінде кеңес берушілік, ақпараттық, заңдық және басқа да қызметтерді көрсету;
• технологиялардың сыртқы және ішкі нарықтарының маркетингі және аталған аядағы дамудың әлемдік тенденцияларын талдау.
|
«Маркетингтік-талдау зерттеулеінің орталығы» АҚ
|
Мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша да Үкіметке ақпараттық-көмек көрсетеді
|
• дамудың негізгі тенденцияларын анықтау мен әлемдік экономикадағы Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарын анықтау мақсатында отандық және халықаралық нарықтарды, экономика салалары мен секторларын, алуан түрлі өндірістерді талдау;
• болашақтағы бәсекеге қабілеттіліікке, жүзеге асырылуына және инвестициялық жобалардың пайдалылығына талдау жасау;
• Қазақстан Республикасындағы іскерлік климат пен экономикалық конъюнктураны талдау.
|
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
|
Несиелерді ұсыну арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық қолдауды жүзеге асырады.
|
• шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға қатысу;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерін мақсатты несиелеу;
• екінші деңгейлі банктерден шағын кәспкерлік субъектілерінің несие алуы үшін кепілдер ұсыну;
• несиелеу бағдарламаларына қатысу.
|
« Ұлттық инновациялық қор» АҚ
|
Инвестицияларды тарту мен жобаларды қаржыландыру жолымен инновациялық кәсіпкерлік бастамаларды қаржылық қолдауда жүзеге асырады
|
• инвестицияларды тарту мен инновациялық жобаларды қаржыландыру;
• жоғары технологияны және ғылымды қажетсінетін өнімді өткізудің перспективті нарықтарына конъюнктуралық және маркетингтік зерттеулер жүргізу;
• қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
• сыртқы нарықтарға отандық инновациялық өнімдерді жылжыту;
• инновациялық жобалар бойынша мәліметтердің ақпараттық қор құру, преспективті жобалар туралы жеке инвесторларды ақпараттандыру;
• технопарктерді, бизнес-инкубаторлар мен инновациялық инфрақұрылымның басқа да элементтерін құруға қатысу.
|
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
|
Қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын, шикізат пен материалдарды тереңдетілген өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталына қосымша инвестиция салу жолымен қаржылық қолдау
|
• қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын, шикізат пен материалдарды тереңдетілген өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталына қосымша инвестиция салу;
• ҚР корпоративтік бағалы қағаздар нарығының дамуын ынталандыру;
• отандық және шетелдік кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияға септігін тигізу;
• шет елдегі қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің артуына септігін тигізу.
|
«Қазақстанның даму банкі» АҚ
|
|
• мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру;
• өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;
• ел экономикасына инвестицияларды тартуға септігін тигізу.
|
Кәсіпкерлікті құрылу мен дамыту сатысында материалдық-техникалық қолдау
| |