Тақырып мемлекеттік бюджет


БАЛАНСТАНДЫРЫЛҒАН БЮДЖЕТ ӘДІСТЕРІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ



бет3/7
Дата16.10.2023
өлшемі306,93 Kb.
#115804
1   2   3   4   5   6   7
БАЛАНСТАНДЫРЫЛҒАН БЮДЖЕТ ӘДІСТЕРІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ



Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атұару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегі қағидаларға негізделеді:
Бірлік қағидалары, бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдереді.
Бюджеттің толықтылық қағидасы, Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсетуді, бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып, өзара талап құқықтарынан шегінуге жол бермеуді білдіреді.
Реалистік қағидасы, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлеріне бекітілген, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары параметрлеріне болжамдарының бағыттарына сәйкестігі.
Трансферттік қағидасы, мемлекеттік немес заңмен қорғалған өзге құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджеттік процесстің міндетті ашықтығын қоспағанда, бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген нақтыланған бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегияларлық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептері, Қазақстан Республикасының ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау.
Дәйектілік қағидасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарында көзделген тура және түпкілікті нәжижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару.
Сабақтастық қағидасы, өткен кезеңдерде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар, болжамдарына, бюджеттік маниторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау.
Негізділік қағидасы, бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің және басқа құжаттардың негізінде бюджетті жоспарлау.
Касса бірлігінің қағидасы, бюджетке түсетін барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру.
Тиімділік қағидасы, бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тура нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттардың аз көлемін пайдаланып тура нәтижеге қол жеткізу.
Жауапкершілік қағидасы, тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шешімдердің қабылдануы.
Бюджеттік қаражаттардың атаулық және нысаналық сипаты қағидасы – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидалары өзара үйрестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет