Тақырып мемлекеттік бюджет



бет7/7
Дата16.10.2023
өлшемі306,93 Kb.
#115804
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ

6.4 Бюджеттік процесс


Мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және оған басқа да қатысушылардың бюджет жобаларын, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің жобаларын жасау және қарау жөніндегі, осы бюджеттерді бекіту және атқару жөніндегі, сондай-ақ олардың атқарылуын бақылау жөніндегі құқықтық нормалармен тәптіштелетін қызметі. Бюджеттердің құралуының негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Қазақстан аумағында бюджеттердің құралуы мен атқарылуын реттейтін басты акт Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі болып табылады.
Бюджеттік процесс төрт сатыны қамтиды: бюджет жобаларын жасау; оларды қарау; бюджеттерді бекіту; бюджеттерді атқару.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталык уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде республикалык бюджет жобасынын түпкілікті нұсқасы негізінде республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және оны Үкіметтің қарауына ағымдағы каржы жылынын 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.
Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде: кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік несиетеудің, қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылыкты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі; жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс денгейінің және мемлекеттік базалық зейнетакы төлемінің мөлшері; жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның көлемі; республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі;
Қазакстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі; мемлекет кепілгерлігін беру лимиті; Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялык міндеттемелерінің лимиті; Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лиміті; үкіметтік борыш лимиті және баска да қағидалар қамтылуга тиіс.
Республикалык бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
Республикалык бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.
Республикалық бюджет бекіту әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау аркылы ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей палаталардын бөлек отырысында бекітіледі.
Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса Президент кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалык қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамынын төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдын 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте осы каржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдын бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық каржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат кұралдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасы Президентінін Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу немесе оның күшін толық немесе ішінара жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе онын қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасынын бірнеше өңірінің аумағында бір мезгілде төтенше жағдайды енгізу төтенше жағдайдын салдары республиканың ұлттық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіруі мүмкін жағдайда ғана төтенше мемлекеттік бюджетке енгізу үшін негіз болып табылуы мүмкін.
Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасы заннамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы занды іске асыру туралы қаулысы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады және қаулы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға республикалық бюджеттің уакытылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды көздейді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттердің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асырылуын жүзеге асырады, өзінін құзыры шектерінде Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік кұқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, Республикалық жергілікті бюджеттердін атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржылық және бюджеттік есептеме саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады.
Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қантарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады.
Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Ұлттық банкге ұлттық валютамен бірыңғай қазынашылық шот ашылады. Ол қолма-қол акшаны бақылау шоттарындағы қаражаттардың қалдықтарын кіріктіреді.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар өкімшілері бюджетің атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер береді.
Өткен қаржы жылындағы Республикалык бюджеттің атқарылуы туралы жылдың есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Үкіметке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді, ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылаудың стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына, республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына, бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімердің орындалуына бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге өкілетгіктерді жүзеге асырады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік-экономнкалык мәнін ашып беріңдер.
2. “Мемлекеттік бюджет” ұғымы.
3. Мемлекеттің бюджет жүйесі дегеніміз не.
5. Қазақстанның Республикасының бюджетінің кірістері мен шығыстары.
6. “Бюджет балансы” ұғымы.
7. Бюджет тапшылығын қандай факторлар тудырады.
8. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдарын атап шығындар.
9. Бюджеттік процесс дегеніміз не.
10. Бюджетаралық қатынастар деп нені түсінеді және олар қандай әдістермен реттеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет