Тақырып мемлекеттік бюджет


МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ САПАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



бет2/7
Дата16.10.2023
өлшемі306,93 Kb.
#115804
1   2   3   4   5   6   7
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ САПАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



Жалпы қоғамдыө ұдай өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, ішкі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Бұл ақшалай қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.


6.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық леңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр мемлекеттің өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін оларды ақшалай ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру процесстері заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады.


Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Параламенті бар унитарлық мемлекет.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ

Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады.


Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтілетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала Нұр-сұлтан, бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.
Қазақстандағы шоғырландырылған бюджеттің ерекшелігі, оның құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1. республикалық бюджет;
2. олбыс бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар және Нұр-сұлтан бюджеті;
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджеттік түсімдер және оларды Ұлттық қорға Үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына аударымдар.
Ал мемлекеттік бюджет, өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.
Облыс бюджеті болса, өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін орталықтандырылған ақшалай қоры.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырландырылған. Республикалық бюджет, бюджеттік кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.
Ал жергілікті бюджеттер болса, бюджеттік кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалаларының, Нұр-сұлтанның, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) оларға ведомствалық бағынышты жергілікті мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры.
Сол сияқты, Төтенше мемлекеттік бюджет респубилкалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентті деру хабардар етіледі. Сол сияқты, төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті органдардың бюджеттері туралы мәсилихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы баланстандырылған жалпы бюджеттің әдісі былай көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет