Тақырып мемлекеттік бюджет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ



бет6/7
Дата16.10.2023
өлшемі306,93 Kb.
#115804
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Атауы

Млрд.теңге

Жиынға %-бен

ІЖӨ-ге %-бен

І. КІРІСТЕР

4034,4

100,0

25,3

Салықтық түсімдер

2819,5

69,9

17,2

соның ішінде:










КТС

920,9

28,8

5,8

ЖТС

267,4

66

1,7

әлеуметтік салық

251,2

62

1,6

ҚҚС

641,0

15,9

4,0

акциздер

56,5

1,4

0,4

Салық емес түсімдер

85,5

2,1

0,5

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

56,9

1,4

0,4

Трансферттер түсімдері

1072,4

26,6

6,7

ІІ. ШЫҒЫСТАРЫ

3394,1

100,0

21,3

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

224,0

6,6

1,4

2. Қорғаныс

185,4

5,4

1,1

3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық атқару қызметі

271,5

8,0

1,7

4. Білім беру

572,4

16,8

3,6

5. Денсаулық сақтау

363,2

10,7

2,3

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтыздандыру

622,0

18,3

3,9

7. Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы

233,9







8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпаратты кеңістік

164,0

4,8

1,0

9. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

60,5

1,8

0,4

10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

170,4

5,0

1,1

11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметі

40,1

1,2

0,2

12. Көлік және коммуникация

332,7

9,8

2,1

13. Басқадай шығындар

96,2

2,8

0,6

14. Борышқа қызмет көрсету

57,9

1,9

0,4

15. Трансферттер










ІІІ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ САЛЬДО

640,3




4,0

ІV. ТАЗА БЮДЖЕТТІК НЕСИЕТЕУ

42,5




0,3

Бюджеттік несиетеу

47,3




0,3

Бюджеттік несиетеуді өтеу

4,8




0,0

V. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

931,1




5,8

Қаржылық активтерді сатып алу

932,4




5,9

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

1,3




0,0

VІ. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

-333,2




-2,1

VІІ. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТІ ПАЙДАЛАНУ)

933,2




2,1

ҚАРЫЗДАР ТҮСІМІ

477,3




3,0

ҚАРЫЗДАР ӨТЕУ

167,6




1,0

АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАР ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

23,5




0,1

Кестеде көріп тұрғанымыздай, бюджеттің кірістері, салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады.


Салықтық түсімдер салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтық емес түсімдер бюджетке төленетін міндетті қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ак трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетіп түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруде, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.
Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.
Бюджеттік несиетерді өтеу, бюджеттен алынған несиетер бойынша негізгі борышты кайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекетгік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ак мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджеттік несиетер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.
Қаржылық активтерді сатып алу - заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Қарыздарды өтеу - Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сырткы карыздар туралы, сондай-ақ ішкі карыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағыталған бюджеттік қаражаттар.
Таза бюджеттік несиетеу бюджеттік несиетердің және бюджеттік несиетерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджеттік несиетеу - бюджеттік несиеті беру, пайдалану, оған кызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін кіріктіретін үдеріс.
Бюджеттік несиеті өтеу деп несиетік келісімшартка және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік несие бойынша негізгі борышты қарыз алушыныц өтеуін айтады.
Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің кқаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айкындалады.
Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік несие беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюд­жет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылы­ғын жабуды қамтамасыз ету.
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс тепе-тендік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын - профициті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі. Және биліктің саның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады.
Тапшылықтың ұйғарымды денгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфлияцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс денгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері болады.

  • шығыстар тұрақты, кірістер өседі.

  • кірістер тұрақты, шығыстар азаяды.

  • кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдам төмендейді)

Тапшылықты қаржыландыру, оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару.
2. Мемлекеттік қарыздар.
3. Шетеддік қарыздар.
4. Ұлттық байлықты пайдалану.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқаруға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жаңдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет