Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі Бюджеттік процессте республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы және республикалық бюджет пен Ұлттық қор арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігінің айқын ажыратылуына, бюджеттер арасында түсімдер мен шығыстарды біркелкі бөлуінуіне негізделген.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық жаңдайы, өңірлердің объективтік бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекітілген натуралдық нормалар ескеріледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.
Бюджетаралық реттеу тиісті аумақтарда кірістік жайдайдың жетімсіздігі кезінде теңгерімділік мақсаттарында жоғары бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке берудің және керісінше қаражаттарды қайта бөлудің жүйесі.
Бюджеттік реттеуді кең және тар мағанада қарауға болады. Тар мағанада, бюджеттік ресурстардың ең төмен тапшылығына жетуге бағытталған. Ал кең мағанада болса, қаржылық ресурстар балансының параметрлерін ескере отырып бюджеттік реттеуді жүргізу болып табылады.
Бюджеттік реттеудің моделі мынадай үш блоктан тұрады:
1. бюджет жүйесі деңгейлерінің кірістік жобасын құру механизмдерінің жиынтығы;
2. шығыстардың ұтымды құрылымын қалыптастыруды кіріктіре отырып барлық деңгейлердің бюджеттерді атқарылуының шарттары мен ұйымдастыруды анықтау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
3. кіріс және шығыс құзырларын межелеуді және жауапкершілікті кіріктіретін бюджетаралық қатынастардың жүйесі, сонымен бірге өңірлерге қаржылық көмектің әдістері.
Бюджеттік реттеу механизмі, құралдар мен олардың нысандарының жиынтығы, олар арқылы бюджеттердің кірістік бағасын теңестіру мақсаттарында түрлі деңгей бюджеттерінің арасында қаражаттарды бөлу және айта бөлу жүзеге асырылады. Бюджеттік реттеу механизмін іске асыру құралдардың екі негізгі топтарын пайдалананады: нормативтік-есептік әдістеге негізделген бюджеттік және түрлі деңгейлер бюджеттерін кірістердің салықтық көздерімен қамтамасыз етумен байланысты болатын салықтық топтар. Құралдардың бюджеттік тобына қайтарусыз және өтеусіз негізде жүзеге асырылатын жоғары деңгей бюджеттерінен төменгі буын бюджеттеріне берілетін қаржылық көмектің әр түрлі нысандары жатады. Құралдардың екінші тобы, салықтық құралдар бұл бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша және бір деңгей бюджеттері арасында бюджеттік түсімдердің салықтық көздерін бөлудің әр түрлі нысандарын пайдалануды көздейді.