Тақырып мемлекеттік бюджет


Бюджеттің кірістері мен шығыстары



бет5/7
Дата16.10.2023
өлшемі306,93 Kb.
#115804
1   2   3   4   5   6   7
6.3 Бюджеттің кірістері мен шығыстары

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар, бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік несиетерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік несиегер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.


Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жагдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жүмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады. Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. кірістер.
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2. шығындар.
3. таза бюджеттік несиетеу.
- бюджеттік несиетер;
- бюджеттік несиетерді өтеу
4. қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо.
- қаржылық активтерді сатып алу;
- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;
5. бюджет тапшылығы (профициті).
6. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану).
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік бюджетінің құрамы және кірістері мен шығыстарының құрылымы төмендегі үлгідей болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет