тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты



бет17/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ

13-ТАҚЫРЫП. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ.


Мақсаты: тарихи философиясының мәнін ашу.
Дәрістер жоспары(2 сағат)

  1. дәріс

  1. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде.

  2. Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы.

  3. Г.Гегельдің философия тарихы. Марксистік философия тарихы.

  4. Тарихтың «сыни» философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс.

  1. дәріс

  1. Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы» мәселелері.

  2. Тарихи үдерістегі революциялық және эволюциялық. Тарихтың қозғаушы күштері. Тарихтағы прогресс және регресс.

  3. Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары.

  4. Асан Қайғы: Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы.

Кілттік сөздер: тарих, эволюция, саясат, халық, тұлға, тобырлық сана, харизма, тарихи прогресс, демократия, соғыс, бостандық, геосаясат.

К.Маркс адамзат тарихының даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі қарапайым, әрі бұдтартпайтын өмірлік мысалға жүгінген болатын: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен т.б. шұғылданбас бұрын, ең әуелі тамақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды», деп халқымыз ежелде тұжырымдағандай, қарны аш, киімі жыртық, үйсіз, күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қайьып айналыса қойсын. Олай болса, қоғамдық өмірдің мәні, қайнар көзі материалдық игіліктерді өндіруді сондай-ақ өндірілген материалдық игіліктерді тұтынуды бір сәтке де тоқтата алмайды. Қоғамның онсыз мәні, мағынасы да жоқ.


Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады деген заңды сұрақ туады. Әрине, олар аспаннан салбырап дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғи байлықтардан өндіреді. Яғни, қоғам табиғаттан тысқары, табиғатпен байланыссыз ешқашан өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы ғой.
Жоғарыдағы айтылғаннан шығатын түйін: қоғам табиғаттың дамуының жалғасы, екеуі тығыз бірлікте. Табиғат пен қоғамды да байланыстырып та, жалғастырып та тұрған материалдық өндіріс процесі, еңбек процесі деп нық айта аламыз.
Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы дегеніміз материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз. Қоғамның пайда болуының түпнегізі еңбек процесімен, мақсатты түрде атқарылатын іс-әрекетпен тікелей байланысты. Қоғамдық өмірдің, адамзат тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты – еңбек. Еңбектің арқасында ғана адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққаның, адамдық бейнеге ауысып, табиғаттың керемет құдіреті ақыл-ойға, санаға, тілге ие болғанын жақсы білеміз. Ф.Энгельс сондықтан да: «адамды адам еткен еңбек» деп тұжырымдаған ғой. Ал еңбек дегеніміздің өзі – адамның табиғатқа деген белсенді қарым-қатынасы. Еңбек барысында адам өзінің табиғи күш-қуатын қозғалысқа түсіре отырып, табиғатты өзгертеді, оны өзінің қажетіне сәйкес бейімдейді. Сөйте отырып ол оның барысында өзі де өзгереді. К.Маркстың анықтамасы бойынша еңбек дегеніміз ең әуелі: «Адам мен табиғат арасында іске асатын процесс, оның барысында адам өзінің іс-әрекеті арқылы өзімен табиғат арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді, реттейді және бақылауға алады». Осы тұрғыдан алғанда табиғат пен қоғамның байланысы К.Маркстың сөзімен айтқанда: «Бір жағында адам және оның еңбегі, екінші жағынан табиғат және оның материалдары» - тұрған бірлікпен сипатталады.
Бұл жерде мынадай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да өз әсерін тигізеді. Ендеше бұл реттегі адамның іс-әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар сыртқы табиғат дүниесін пайдаланады, ал адам болса табиғатты мақсатты түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым-қатынас барысында, өздерінің дене мүшелерін яғни, тісін, мүйізін, тұяғын т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы ол оны жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекеті таза биологиялық қажеттіліктен туындайды, хайуандық сипатқа ие, ал адам еңбегі ту бастан қоғамдық, коллективтік сипатқа ие, мақсатты түрде іске асатын әрекет.
Мұның бәрі нені көрсетеді десек, адамзат қоғамы пайда болуынан бастап, өзіндік ерекшеліктері бар, мүлде жаңа, әлеуметтік заңдылықтардың өмірге келгенін аңғарамыз. Бұл жерде адамды тек биологиялық хайуан деп, қоғамның даму заңдарын табиғаттың заңдарынан еш өзгешелігі жоқ деп қарайтын кейбір социологтармен мүлде келіспейтіндімізді айта кеткен орынды. Әрине, адамның ең жоғарғы дамыған табиғатқа бейімдеушілік сияқты қасиеттер тән екенін жоққа шығаруға болмайды.
Бірақ адамның ақыл-есі, ой-санасы бар, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып-білуге қабілеті бар, қоғамнан, коллективтен жырақ өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін қарап айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени және рухани мұраға ие болып, оларды жетілдіріп, өмірді сабақтастық пен ілгері апарып отыратын қасиет тек адамға тән. Бұл айтылғандардан да қоғам мен табиғат арасындағы ажырамас бірлік, өзара тұтастық анық көрінсе керек. Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүру ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және болып қала бермек.
Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нақты, әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды ғылымға ХІХ ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Коммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі Г.В.Плеханов еңбектері арқылы маркстік әдебиеттен орын тепті.
Мәселе мынада.Адам өз тіршілігінде бүкіл әлемдік дүниемен қарым-қатынасқа түспейді,оның қажеттігі де жоқ,ол белгілі бір нақты ортада өмір сүреді,еңбек етеді.Адамзат қоғамы да солай.Ендеше,географиялық орта дегеніміз-қоғамдық өмір мен тікелей байланысқа түсіп,қарым-қатынас жасайтын,оның дамуына тікелей қажеттті болып табылатын табиғат дүниесінің бір бөлігі.Оған,ең әуелі жер қыртысы,пайдалы қазбалар,атмосфера,су,топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.Біз тәнімізбен,жанымызбен географиялық ортамен байланыстымыз.Қоғамдық өмірге қажеттінің бәрін осы ортада өндіреміз.Қоғам ілгерілеген сайын,оның өндіргішқұрал-жабдықтары қуатты бола берген сайын,ғылым мен техника дамыған сайын географиялық ортаның шекарасы кеңейіп,ауқымы арта түседі.Мәселен космосқа ұшу барысында географиялық ортаны едәуір кеңейттік деуге болады.
Бұл айтылғандардан туындайтын тағы бір маңызды мәселе-географиялық ортаны ұқыпты да,мақсатты пайдаланудағы қоғамдық құрылыс сипатының ерекше роль атқаратындығы.Мысалы,өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік,үстемдік ететін таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса солай,стихиялық түрде пайдаланылып келді.Бақталастық,пайда қуу,жанталасып қарулану табиғат байлығын талан-таражға салдырап,көп зардабын тигізді.Тек соңғы кезде табиғатты қорғау әлемдік мәселеге айналғанда ғана, «жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап»,деп сан соғып,өкініп жатқан жайбарлық елдерге де тән нәрсе.
Географиялық ортаның қоғамның дамуындағы ролін асыра бағалауға болмайды.Жоғарыды айтылғандай,ол даму қарқынына ғана өндіріс арқылы әсер етеді.Бұл ретте буржуазиялық социалогияда географиялық бағыт (географиялық детерминизм)деп аталатын ағымның кең тарағанын айта кеткен жөн.XVIII ғасырда француз ағартушысы Ш.Монтескье «климаттың құдіреті барлық биліктен де күшті»деп жазса,ағылшын социологы Г.Бокль адамдардың өмірі мен тағдырын төрт нәрсе-климат,азық,топырақ және ландшафт-анықтайды деп тұжырымдады.Оның ойынша,мәселен,адамдарды құлдыққа душар еткен өте ыстық ауа райы.
Бір сөзбен айтқанда,географиялық детерминизм қоғмдық дамудағы,әр халықтың тарихындағы өзгешеліктерді географиялық ортаның әсерімен түсіндіруге тырысады.Яғни,бұл ағым қоғамдық дамудың басты себебін қоғамның өз ішінен емес,сырттан іздейді.
Империализм дәуірінде географиялық детерминизмнің жалғасы іспетті кертартпа ағым-«геосаясат» пайда болды.Геосаясат империалистік мемлекеттердің агрессиялық саясатын ақтауға тырысады.Бұл ағымды ұсынған неміс географы Ф.Ратцельдің ойы бойынша тарихтын қозғаушы күші-«өмірге қажет кеңістік үшін күрес».Оның пікірінше тарих дегеніиіздің өзі халықтардың «өмірлік кеңістік үшін» бір-бірімен күресі.Осы айтылғаннан-ақ аталған ағымның кертартпа сипаты,соғысты дәріптейтіні көрініп тұр.
Табиғат пен қоғамның өзара тұтастығы,өзара қарым-қатынасы туралы айтқанда тек географиялық орта туралы түсінікпен ғана шектелсек,қате болар еді.Адамның,бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы,әрине,кең.Ол биосфера деп аталады.Биосфера-жер шарының тіршілік тараған аймағы. Оған тірі организмдер мекендейтін жер қыртысының жоғары қабаты,өзендер мен көлдер,теңіздер мен мұхиттар,сондай-ақ атмосфераның төменгі қабаты жатады.Басқаша айтқанда,биосфера –адамдардың тыныс-тіршілігін,өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.Оны күн энергиясын жасыл желектер мен өсімдіктер арқылы түрлендіріп отыратын биофизикалық және биохимиялық лаборатория десе де болғандай.Бұл-өздігінен үнемі өзгеріп,өзін-өзі ұйымдастырып,әрі тұрақтылық пен тепе-теңдік сақтап отырған ғажайып жүйе.Биосферадағы ішкі тұрақтылықтың,зат алмасудың бүлінуі,шайқалуы қоғамның өмір сүру ортасының бұзылуна ,табиғаттың күйзелуіне әкеліп соғады.
Өсімдіктер,тірі организмдер және жануарлардан басқа биосфераның құрамына адамның өзі де кіреді,яғни,адамзат биосфераның бір бөлігі.Адамның іс-әрекеті ғылым мен техника дамыған сайын биосфераның өзгеруін жылдамдата түседі.Адамзат пайда болуымен бірге биосфера өзінің келесі сапалық сатысына-ноосфераға (гректің ноос-ақыл,ой деген сөзінен шыққан) өтеді.Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаушы ұлы орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1863-1945) пікірінше,ноосфера-адамның ақыл-ойының өрісі,ойланып істеген,әрі дәйекті басқарып отыратын әрекеттің көрінісі,жоспарлы,жүйелі әрі саналы түрде табиғатты пайдаланудың,өзгертіп,түрлендірудің жемісі.Басқаша айтқанда,ақыл-ойдың құдіреті дүниеге келтірген ғажайып техникалық құралдар табиғатты бүлдірмеуге, керісінше оны сақтауға,түрлендіре түсуге тиіс.Алайда ,шынайы өмірде олай болмай отыр.Қоғам алғаш аяғынан қаз тұра бастаған кезде адамдар табиғат күштеріне толық тәуелді болды,оның байлығынан күнкөріс таба жүріп,біртіндеп-біртіндеп күш-қуат ала бастады.Өндіріс құрал-жабдықтарын жетілдіре берді.Табиғаттың байлығын әбден игерді.Сөйте келіп,оны тоздырып,жүдетіп жібергені де байқамай қалды.Қазір атмосфера кірлеген,топырақ тозған,өзендердің өзегі талып,суы тартылған,әрі уланған,табиғаттың өңі солып,мұңы көбейген кезге келді. «Табиғатты бас тгіздік,жеңдік» деп даурығып жүріп,өзімізге -өзіміз қастық жасадық,өз қолымызды өзіміз кесуге шақ қалдық.Соның бір куәсі-Арал катастрофасы былайша айтқанда,теңіздің тартылып бітуі.Аралдың алтын өзегі Амудария мен Сырдарияның суын жырымдап, «мақта суарамыз,күріш өсіреміз» деп бұра тартып,құмды жерден канал салып,тоған қазып,көл жасап жүргенде ертеңді ойламаппыз.Табиғатқа жасалған қиянат деген осы.
Жауапсыздықтың,жаны ашымастық пен қырсыздықтың неге әкеліп соққанын қараңыз: теңіздің деңгейі бүгін де ондаған метрге төмендеп,суы тартылған,ауданы құлазған шөлге айналып,ал су тіршілікке жарамсыз болды.Суы кепкен теңіз түбінен бұл күнде тұзды құйын көтерілетін болды,ол тек Арал өңірі емес,сонау батыс-шығысындағы барлық облыстардың егістік жерлеріне тұз жаудырды.Арал аймағында соңғы жиырма жыл ішінде өлім-жітім екі есе көбейді балалардың шетінеуі 1965 жылы әрбір мың адамға 44,7-ден келсе,1988 жылы -71,5-ке жетті.Жаңа туған нәрестелердің 90 проценті дімкәс болып туатын болды.Бұл өңірде сүзекпен ауыратындар 30 есеге,сары ауыруға ұшырағандар 7 есеге көбецді.Ащы болса да жағдай осындай.Сондықтан да Аралды құтқару,оның өңірін сақтап қалу,тазарту-Одақтық қана емес,әлемдік мәселеге айналып отыр.Аралды сақтап қалу жөніндегі қоғамдық қозғалыстың күн санап өрісией түсуі де соның нәтижесі.
Дүниеге құдіретімізді әйгілейміз,қолдан теңіз жасаймыз деп,сан миллиардтаған сом,қоғам байлығын шашып,Іленің суын байладық,сөйтіп,Балқаш көлін шөліркеттік.Міне,ақыл-ойымыздың жаңсақ кеткен жерлері.Айта берсек олар көп.Семей өңіріндегі ядролық полигонның қоғамдық өмірге,адамдарымыздың денсаулығына тигізген зардабы өз алдына. «Семей-Невада» халықтық қозғалысы осынау кесапатты ауыздықтаған бірлікті күрестің айғағы болды.
Қысөасы,бүгінгі күнде табиғат қорғау мәселесі,қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүниедүзі елдерін,халықтарын қамтып отырған «бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығаруды» талап ететін әлемдік мәселеге айналды.Біздің елімізде табиғатты қорғау,оның байлығын жоспарлы түрде ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны да әбден заңды.
Экологиялық мәдениетке ие болып,табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау-бүгін таңда әрбір азаматтың абыройлы борышы. [kgl].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет