Байланысты: Та ырып Синтаксис туралы жалпы т сінік, синтаксисті зерттелуі..
Тақырып . Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері. Жоспары: Сөйлемдегі айтылган ойдық негізі, сөйлемдік құрылыстық ірге тасы — бастауыш пен баяндауыш. Сөйлем аяқталған ойды білдіре отырып, белгілі бір заңдылықпен тізіледі. Ол ойды көрсетуге қажетті бөліктерде, сөз тіркесінен тұрады. Осындай бөліктер сөйлем мүшелері деп аталады. Сөйлемдегі аяқталган ой бастауыш пен баяндауыш арқылы беріледі. Ал, сөйлемнің анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш мүшелері бастауыш пен баяндауыш білдірген негізгі ойды тереңдете, кеңейте түседі Солай болғандықтан да, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталады.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері — бастауыш пен баяндауыш — өз ара қиыса байланыса келіп, предикативтік сөз тіркесін құрадьі Предикативтік сөз тіркесі сөйлем атаулының негізі, арқауы, желісі болып естеледі. Баяндауыш дегеніміз бастауыштық тура көрінісі. Бастауыш пен баяндауыштың қосындысы — сөйлем атаулының негізі, қаңқасы, ұйтқысы. Бірақ бастауыш пен баяндауыш өз ара барабар тепетең деуге болмайды. Олардың теңдігі диалектикалық теңдік. Өйткені олар белгілі дәрежеде бір-біріне қарама-қарсы.' Баяндауыш бастауышқа бағынады. Бастауыш пен баяндауыш бірлесіп барып айтылған ойды аяқтап тиянақтайды. Сондықтан да олар тұрлаулы мүшелер тобына жатады.
Бастауыш Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін–тұрлаулы (бас) мүшелер дейміз.
Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады.
Тұрлаулы мүшелердің ең басты, негізгі мүшесі – бастауыш. Грамматикалық бастауыштың аясына бастауыш қызметіндегі атау септігінде тұрған кім? не? деген сұрауға жауап беретін логикалық субъекті толығымен кіреді. Сондай-ақ, басқа сөз топтары да заттанып бастауыштық қызметті атқара береді. Мысалы: Көрген – біледі. Көрдім – көп сөз, көрмедім – бір- ақ сөз.(мақал) Үлкендер келе жатыр.
Сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі қызметтеріне сай өздеріне тән сұрақтары болады. Бастауыштың сұрақтары: кім? не? кімі? несі? кімім? нем? кімің? нең? кіміңіз? Бұлар бастауыштың формасына қарай көпше түрде де қолданылады. Сөйлемдегі зат есім сұрақтарына жауап беретін сөз баяндауыш та бола алады. Мысалы: Асан – инженер. (Асан кім?)
Бастауыш құрамына қарай, яғни бір сөзден немесе одан да артық сөз тобынан жасалуына байланысты дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді.
Дара бастауыштар бір ғана атау тұлғалы сөзден тұрады да, зат есімдер мен жіктеу есімдіктерінен жасалады. Мысалы: Әсем сабаққа келді. Олар жұмыс істеп жатыр.
Бастауыштар сонымен бірге, басқа сөз таптарынан да жасала береді. Бірақ бұл жағдайда ол сөз таптары өздерінің негізгі мағынасына қосымша мағына жамап, субстантивтенуі шарт.