Тақырып Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксистің зерттелуі Негізгі ұғымдар



бет3/11
Дата02.06.2023
өлшемі35,53 Kb.
#97891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сөз тіркесінің құрамы
Сөз тіркесінің құрамында екі компонент болады: бірі — басыңқы бөлігі — сөз тіркесін құраудың бас арқауы, екіншісі — бағыныңқы бөлігі — сөз тіркесінің желісі, оның басыңқымен сабақтасқан бөлігі.
Сөз тіркесіне берген анықтамамызда оның кемінде толық мағыналы екі сөзден құралатыны айтылды.
1. Лексикалық. Екі, одан да көп сөз тіркесі бір заттың не оның сапасының атауы болса, оны лексикалық тіркес дейміз. Мысалы: мысық құйрық (шөп), қара көк (сын); Арал теңізі. Оқу министрлігі. Зар илеу, үрейі ұшу, дедек қағу, қырғи қабақ болу (тұрақты тіркестер). Бұлар — сөздердің тіркескен топтары, бірақ сөз тіркестері емес, лексикалық түйдекті тіркестер. Олар сол түйдегімен сөз тіркесінің бір сыңары болады.
2. Грамматикалық. Екі не одан да көп сөздер тіркесу арқылы сөздердің бұрынғы грамматикалық мағыналары түрленуі мүмкін. Ол үшін толық мағыналы сөздердің шылауында көмекші сөздер айтылады, мыс: жаза бастады, оқып кетіп бара жатыр еді, қалага дейін, сен үшін. Бұлар да — сөздердің тіркескен топтары, бірақ сөз тіркестері емес, — түйдекті тіркестер.
Сөз тіркестерінің құрылысы
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін сөздер синтаксистік топ болып ұйысу арқылы сөйлем құрамына енетін болады. Синтаксистік топтар сөздердің тіркесу қабілеттілігіне негізделіп жасалады. Ал, сөздердің тіркесу қабілеттілігі — сөз таптарының мағыналық және синтаксистік байланыстарына, олардың грамматикалық ерекшеліктеріне негізделетін құбылыс. Сөздердің бір-бірімен тіркесуінен құрылымы және сапасы жағынан әр текті синтаксистік топтар жасалады.
Сөздердің синтаксистік байланысы
Сөздер өзара тіркесіп синтаксистік топ құрау үшін синтаксистік байланыста айтылуы шарт. Ол байланысқа негіз болатын сөздердің мағыналық байланысы. Мысалы, институтты бітірді, концертке қатынасты дегендер мағыналық байланыста солай айтылып әбден қалыптасқан сөз тіркестері. Оларды институтты тауысты, концертке қосылды деуге болмайды. Оның себебі синтаксистік байланысының дұрыстығында емес, сөздердің мағыналық байланысының жоқтығында.
Сөйтіп, сөз тіркесіндегі сөздердің байланысы әрі мағыналық, әрі синтаксистік бірлікте болуға тиіс.
Синтаксистік байланысты екі түрлі мақсатпен қарастырамыз: біріншіден, сөздерді өзара байланыстыруға дәнекер болатындардың нелер екендігін айқындау. Екіншіден, солар негізінде жинақталған байланысу түрлерінің қандай екенін айқындау. Біріншіні сөздердің байланысу тәсілі деп, екіншіні сөздердің байланысу формасы деп танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет