Тақырып Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксистің зерттелуі Негізгі ұғымдар



бет4/11
Дата02.06.2023
өлшемі35,53 Kb.
#97891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Та ырып Синтаксис туралы жалпы т сінік, синтаксисті зерттелуі..

Сөздердің байланысу тәсілдері
Қазақ тілінде сөз бен сөзді байланыстырудың бірнеше тәсілдері бар: кейде сөздер жалғаулар арқылы байланысса, кейде жалғаусыз да байланысады. Қазақ тілінде бұлардың дәрежесі біріне-бірі тепе-тең сияқты.
Сөйлемдегі сөздердің өзара синтаксистік байланысқа енуінің екі түрлі тәсілі бар: 1. Аналитикалық тәсіл. 2. Синтетикалық тәсіл. Жалпы алғанда, салаластық байланыстағы сөздер аналитикалық тәсілдермен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық та, синтетикалық та тәсілдерімен байланысады.
Аналитикалық байланыс.
Аналитикалық байланыстың қазақ тілінде пайдаланылмайтын жері кемде-кем. Оны сөз тобы тарауынан да, синтаксистен де кездестіреміз. Синтаксистегі оның көрінісі — интонаңия, сөздердің орын тәртібі және сөздердің шылау арқылы байланысы. Интонация. Тілдік материал негізінде айтылатын ойының түсінікті болу үшін әр сөйлемді, сөйлемдегі жеке сөздерді, сөз тіркестерін тиісті әуенмен, ырғақты үнімен, мәнерлеп айтып, сазына келтіріп сөйлейміз.
Сөздердің орын тәртібі
Сөз бен сөзді байланыстыратын синтаксистік тәсілдің бірі — сөздердің орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі қазақ тілінде кейде еркін, кейде орнықты болады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі орнықты, жартылай орнықты не еркін болу себебі сөйлем құрылысының ерекшелігімен байланысты.
Сөздер белгілі тәртіппен орналасу арқылы олардың, біріншіден, синтаксистік байланысы белгіленеді, екіншіден, сөздердің синтаксистік қатынасы, яғни, мүшелік қызметі айкындалады. Казақ тіліндегі есімді сөз тіркестерінің недәуір бөлегі ешқандай қосьшшасыз, бірімен бірі қатар тұрып байланысқан сөздер тобынан құралады. Олардық негізгі түрлері мыналар:
Зат есім мен есімнен құралған сөз тіркестері (темір пеш, күміс қоңырау), сын есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері (биік тау, Тынық су, ақылды бала), сан есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері (екі кісі, бес саусақ, жиырма сиыр, бесінші бригада), есімдік пен зат есімнен құралған сөз тіркестері (мына қала, сол кісі, қанша адам), есімше мен зат есімнен құралған сөз тіркестері (келген кісі, айтылган сөз, орындалатын арман).
Сөздердің шылау арқылы байланысуы. Аналитикалық байланысу амалының бір түрі — сөздердің шылау сөздер арқылы тіркесуі. Сөзді байланыстыруға дәнекер болатын, не сөздерді байланыстыруға қатысатын шылаулар екі түрлі. Бірі — жалғаулықтар. Бұлар бірыығай мүшелерді және құрмалас сөйлемдерді тіркестіреді, сөз тіркестерін құрастыруға қатынаспайды. Екіншісі — демеулер (послелоги).
Сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы. Сөз бен сөзді байланыстыру үшін жүмсалатын жалғаулар төрт түрлі: септік, тәуелдік, жіктік, көптік. Бұлардың осылайша бөлектеніп айтылуы олардың әредйсысының синтаксистік қызметімен байланысты. Сол қызметтерін айқындау үшін оларды бөлек-бөлек талдайық.
Тәуелдік жалғаулары матаса байланысатын сөздердің бағындырушы сыңары болып, ол сөзді ілік жалғаулы сөзбен ұштастырады, бірақ ол жалғанған сөзін екінші сөзге тікелей бағындырушы бола алмайды. Сондықтан тәуелдік жалғауларының үстіне септік жалғаулары жалғанып, сол арқылы ол сөздерді басқа етістіктер (кейде есімдер) жетектеп тұрады.
Көптік жалғауы лар, лер... сөздерді өз ара тіркестіруге қатысады, бірақ ол да бағындырушы тұлға болмайды; мысалы, Сіздер келініздер дегенде, бастауышқа көптік жалғау жалғанғандықтан, баяндауыш көптікте тұр. Мұнда белгілі тұлғалық қиысу бар да, көптіктің бір сөзді екінші сөзге бағындырушы болу қызметі жоқ.
Бұдан шығатын қорытынды: жалғаулар сөз бен сөзді байланыстыру қызметінде жұмсалады, бірақ сол қызметтегі жалғаулардың бәрі бірдей сөзді сөзге бағындырушы тұлға бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет