Тақырып Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксистің зерттелуі Негізгі ұғымдар



бет10/11
Дата02.06.2023
өлшемі35,53 Kb.
#97891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Айқындауыш мүше
Тілімізде өзінен бұрын айтылған мүшені басқа сөзбен айқындап түсіндіретін тұлғалар да жиі кездеседі. Мұндай сөздер айқындауыш мүше деп аталады,(мыс.: Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді (Островский). Абай барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе, мынау өзі тұрған сахара, өлке белдеріне, соншалық бір туысқандық ыстық сезім мен қарайды. Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуга кеткенде дәл осың оны стан, Есенбайдан, кеткен болатын (Әуезов).
Бірінші, екінші жақ есімдіктен болған бастауышты түсіндіретін айқындауыш мүше ғана онымен қиыспайды. Бұдан басқа жағдайда айқындауыш мүше өзі түсіндіретін сөзімен қиысып айтылады.
Сонымен белгілі сөйлемнің тізбектегі өзінен бұрынғы мүшені анықтап, түсіндіріп тұрған сөзді айқындауыш мүше деп атаймыз. Айқындауыпг мүше, көбіесе, есім сөздерден жасалады. Айқындауыш мүше өзінен кейінгі сөзбен кәдімгі, қалыпты мүшелердей-ақ байланысады.
Айқындауышты анықтауыштық ерекше бір түрі деп қараймыз. Бірақ оның анықтауыштан кейбір елеулі ерекшеліктері де бар. Анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса, айқындауыш онан кейін, соқ тұрады. Айқындауыш өзі анықтайтын, түсіндіретін сөзінің мағынасын дәлелдейді, нақтылап, ерекшелей көрсетеді.
Мезгіл пысықтауыш
Мезгіл пысықтауыш мүше істің істелген, істелетін мезгілін, немесе істің басталған мерзімін, әлде бітетін мерзімін әр түрлі мағыналық мәнерін білдіреді. Мезгіл пысықтауыштардың бір тобы ешқандай конкреттігі жоқ мезгіл мерзімді білдірсе, енді бір тобы бір шама дәл мерзім уақытты білдіреді. Ол кеше келді. Ол сағат бесте келді дегенде кеше сөзінен гөрі сағат бесте дейтін тіркестің біршама дәл уақытты білдіретіні айқын. Кеше — кезкелген күн болуы да мүмкін және онық қай мерзімі екендігі де белгісіз. Сағат бесте деген болса, онда дәл қай мерзім екендігін көрсете алады.
Мекен пысықтауыш
Мекен пысықтауыш іс-қимылдың бағытталған мекенін, шығар жерін, тірелер пунктін білдіреді.
Мекен пысықтауыш қызметінде қолданылатын арнаулы сөздер мекен үстеулері: кейін әрі, әріде, жоғары, төмен, алдан, артта(н), үске, іште, әлдеңайдан, тысңары, осында, сонда, мүнда, т. б. Мысалдар: Дәл шаңңай түс кезінде Құнанбай шарт киініп, Байсал, Майбасарды ертіп тысқа шығып... (Әуезов). Аяңдап кеткенде алдымызда отыратын Семен Зонин еңбектегенде ең артта қалды (Мүсірепов). Жоғары, төмен үйрекқаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Полкілері жүріп кетті (Мүсірепов).
Мекен пысықтауыш қызметінде, сонымен бірге, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларында тұрған есім сөздер де жұмсалады, мыс.: 1944 жылдың 24 февьралі күні штабқа шақырып алып,... қызыл жұлдыз орденін табыс етті... 1954 жылы Самарқанд қаласында тері аурулары жөнінен кандидаттың диссертаңия қорғайды... Конференцияға қазақстаннан бес делегат қатысты (газеттен). Тағы бір кезде Ғабитхан әдейілеп тұрып қараш оқыга, Күңкенің ауылына барып, екі қоржын басы кітап әкелді (Әуезов).
Барыс жалғаулы есімдер істің, қимылдың бағытталған не тірелер мекенін білдіреді де,
Амал пысықтауыш
Пысықтауыштың бұл түрі істің, қимыл-әрекеттің сапасы мен белгісін, сынын және істің, қимылдық істелу тәсілін, амалын білдіреді. Мағыналық жағынан бұларды екі топқа істің сын-сапасын және белгісін білдіретін пысықтауыштар және істің істелу тәсілі мен амалын білдіретін пысықтауыштар деп бөліп қарастыру мақұл. Бұл екі топта жұмсалатын сөздердің характерлері де осыны қажет етеді.
Сын сапаны, белгіні білдіретін пысықтауыштар қызметінде жұмсалатын сөздер, әрине, үстеулер. Олар: едәуір, оншама, шапшаң, әлінше, пәрменінше, біржолата, тікелей, іле шала, әрең-әрең, дереу, жедел, жатпайт-тұрмай, ашыңтанашъщ, т. б. Мысалдар: Жақын ауылдарга тегіс шапшаң кісі шаптырыңдар. Ұщысы қатты еді, әрең, ояттым (Әлімқұлов). Теңіз тагы да алай түлей долданатын болар, дейді Володя (Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет