Байланысты: Та ырып Синтаксис туралы жалпы т сінік, синтаксисті зерттелуі..
Баяндауыш Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауыш грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Сөйлемді қалыптастыратын предикативтілік форма осы баяндауыш бойынан табылады.
Баяндауыштың грамматикалық белгілері мыналар:
1) Баяндауыш бастауышқа қатысып, сол мүше білдіріп тұрған субъектіге тән предикативтілік істі, сапаны айтады. Кісі кеше келген – кеше келген кісі осында. Бірінші сөйлемдегі келген – баяндауыш. Екінші сөйлемдегі келген – баяндауыш емес
2) Баяндауыштың мүшеге тән грамматикалық формалары бар. Олар – шақтық форма, жақтық форма, модалдық форма. Осылар қатысып сөзге баяндауыштық форма береді.
3) Бұнымен қатар -дікі, -нікі, -тікі, -жалғауларын жалғап иелік форма алған сөздер негізінен баяндауыш қызметінде жұмсалады: Кезек сенікі.
Баяндауыш ретінде барлық сөз топтары жұмсала береді. Дегенмен, өзінің семантикасы жағынан осы қызметке ең бейім сөздер – етістіктер. Баяндауыш қызметінде жұмсалу арқылы етістіктер предикативтілік құруға қатысатын тұлғаларды өзінің морфологиялық формасы етіп алған.
Баяндауыштар құрамы жағынан дара, күрделі болып келеді. Дара баяндауыштар бір дара сөзден жасалады. Күрделі баяндауыштар күрделі сөздерден – күрделі етістік, күрделі есімдерден жасалады. Сондай-ақ, синтаксис деңгейінде пайда болатын күрделі баяндауыштың формалары бар: жас еді, жас болатын.
Баяндауыш сөйлемдерді ұйымдастыруда басты қызмет атқарады. Сөйлемдердің түрлі функционалдық типтерін саралап, қалыптастырады.
Сызықшаның синтаксистік қызметі
Көп жағдайда сызықша бастауыштық топ баяндауыштық топпен тең мәнде екенін көрсетеді. Сызықшаның қойылуы бастауыш пен анықтауыштың, пысықтауыштың шатастырылмауына себеп болады (9,11-пунктіндегі мысалдар) Сызықша сөйлемдегі хабарды екіұшты түсінбеуге себеп болады. Мысалы: Ұшқыш – батыр ұланым; Ол – сол ауылдан шықпайды.
Сөйлемнің нақты түсінілуі сызықшаның қай жеріне қойылуына байланысты.
Сызықша сөйлемді тиянақтауға мүмкіндік береді. Дәлел үшін 8-пункттегі сызықшаны алып тастап көріңіз.
Сызықша сөйлемдік құрлымды сөйлем деп тануға себеп болады. Дәлел үшін Ақылдылық – қасиет, ақымақтық- кепиет. Салақтық – настық, надандық деген сөйлемдердегі сызықшаны алып тастап көріңіз. Бірінші сөйлемдегі бастауыш анықтауыш болып кетеді, сөз тіркесіне айналады. Ал екінші сөйлемде бірыңғай мүшелерге тән сипат пайда болады.
Бастауыш Бастауыш — сөйлемнің негізгі, басты, өзекті мүшесі. Ол грамматикалық жағынан сөйлемнің басқа мүшелеріне тәуелсіз, бағынышсыз болады. Бастауыш — сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі. Ол сөйлем айтылған ойдың синтаксистік субъектісі. Бастауыш зат есімнен, сын есімнен, сан есім мен есімдіктен жасалады. Есімше мен тұйық рай сияқты етістік тұлғалардан да бастауыш жиі жасала береді.
Бастауыштар құрамындағы сөзді көп аздығына қарай жалаң, күрделі болып бөлінеді.1 қазақ тілінде үйірлі бастауыштар тобы да бар.